" Reading for pleasure. Kyz Zhibek " тақырыбында ашық сабақ берді. » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Reading for pleasure. Kyz Zhibek " тақырыбында ашық сабақ берді.
28
январь
2026

" Reading for pleasure. Kyz Zhibek " тақырыбында ашық сабақ берді.

 2026 жылдың 27 қаңтар күні #21 жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік шетел тілі пәні ( ағылшын тілі) әдістемелік бірлестік айлық  жоспарына сәйкес 8 " Б" сыныбында: " Reading for pleasure. Kyz Zhibek " тақырыбында ашық сабақ берді.Пән мұғалімі : А. Ж. Медиркулова. Сабақтың мақсаты : Шетел тілі пәні ( ағылшын тілі) сабағында білім алушылардың ағылшын тілінде көркем мәтінді қызығушылықпен оқу дағдыларын дамыту,  мәтін мазмұнын түсіну, кейіпкерлерді сипаттау , оқу сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды шетел тілінде таныта білу. Сабақ барысында педагог : А.Ж.Медеркулова 8 сынып білім алушыларымен  көркем мәтінді қызығушылықпен оқып, мәтіннің негізгі идеясын анықтап, түсінеді , жаңа сөздермен жұмыс жүргізе отырып және  білім алушылардың ағылшын тілінде сөйлеуін дамытуға  бағытталған түрлі тапсырмалар арқылы кейіпкерлерге мінездеме береді.Сонымен қатар, педагог А.Ж.  Медиркулова сабақты өмірмен байланыстыра отырып , жұптық,  топтық, жеке жұмыстар  жасап, білім алушыларға жасанды интеллекті құралдары арқылы :" Kahoot", " Learning apps" , " Dream Face" платформаларды қолданып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылығын арттырып, тақырыпты тереңірек түсінуіне ықпал етті.