2025 жылдың 30 қазандағы №2 педагогикалық кеңестің өткізілуі туралы мәлімет
2025 жылдың 30 қазандағы №2 педагогикалық кеңестің өткізілуі туралы мәлімет
2025 жылдың 30 қазан күні №21 жарлпы орта білім беретін мектебінде кезекті №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде білім сапасы мен тәрбие бағыты бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Қ.Р Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының орындалуы. (10 қосымша) Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының қорытындысы тыңдалды. Бұл бағытта бракераж комиссиясының мектеп асханасына жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша нақты ұсыныстар беріліді. Білім алушылардың күнделікті сапалы тамақтануын бақылау үздіксіз жалғастырылатыны туралы ескертілді.
Бірінші тоқсан бойынша білім сапасының нәтижесіне талдау жүргізілді. Білім сапасын төмен көрсчеткен 8 «Ә,В,Г» сыныптарындағы алгебра, геометрия пәндерінің оқытылуы қараша айының мектепішілік бақылауына қойылды. Аталған сыныптар бойынша «Математика, физика сабақтарында ЖИ және цифрлық құралдарды тиімді пайдалану арқылы білім сапасына қол жеткізудің әдістері» тақырыбында LS үдерісін ұйымдастыру жоспарға енгізілді. Барлық оқу кезеңдеріндегі тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларының «5» болуына байланысты А.Өзібек «Алтын белгі» белгісі мен аттестатына ұсынылды.
Кәмелетке жасы толмағандар арасында келеңсіз оқиғаларды, тұрмыстық зорлық – зомбылықты, құқық бұзушылықты болдырмау және олардың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстардың жүргізілу сапасына талдау жасалынды. Білім алушылар арасында жәбірлеу (буллингті) болдырмау және оның алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы нақты ұсыныстар берілді. Мектепішілік «Тәуекел топ» тізіміндегі білім алушылардың отбасындағы өмір сүру жағдайын, отбасы мүшелерімен қарым қатынасын бақылау үздіксіз жалғастырылуда.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс қимыл бойынша атқарылған іс-шараларға сараптама жасалды. Осы мқсатта мектепте діни сипаттағы деструктивті ағымдардың ықпалынан сақтандыру және білім алушыларды құқықтық, рухани мәдениетін арттыру бағытында нақты іс-шаралар бекітілді.