Дарынды балалармен жұмыс нұсқаулығы
Дарынды балалармен жұмыс нұсқаулығы
КІРІСПЕ
Дарындылық – бұл адамның басқа адамдарға қарағанда бір немесе бірнеше қызметтегі жоғары нәтиже мүмкіндіктерімен анықталатын психикалық сапа, біріккен қабілеттіліктің көрсеткіші. Дарындылықтың 100–ге жуық анықтамасы бар. Көп жағдайда ол баланың ертерек даму кезеңінде байқалып, оның пәндер бойынша үлгерімі мен ой - өрісінің дамығандығымен, яғни парасаттылығымен көрініп жатады.
Дарындылық деңгейі, сапасы, даму сипаты бұл табиғи дарын белгілері мен әлеуметтік ортада әрекет етуі (ойын, оқу, еңбек) кезінде қалыптасатындығын қазіргі психологтар мойындап отыр. Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғатпен берілетін ерекше қабілет” деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.
Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған кәсіби зергердің табиғи алмазды бриллантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен психологияда көптеген “тар жол, тайғақ кешулерден” өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонның өзі ақындықты “өнер мен білімнің арқасында емес, құдайдың анықтауы мен кернеген сезімнен” туындайды деген болатын. Ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде “маған көмекке әрдайым мейірімді перім – гений келеді” деген екен.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай Ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады?
Канада ғалымы Д.Хебб психология ғылымына “генотиптік интеллект” деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым – қатынас орната отырып, “фенотиптік интеллектіні” құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д.Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 – тұқым қуалаушылық, 2 – сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой- өріс (интеллект) – бұл мәдени - әлеуметтік орта мениндивидтің (адамның) тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.
Д.Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары практик – ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірнші қарсылығы “қатып қалған интеллектіні” жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50% ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой өрісі деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан.
Нақты, шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес. Бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан, оны жоқ деуге болады. Әйтсе де бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қойMayды. Тіпті кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады.
Белгілі ағылшын психологі Г.Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай түйіндейді: «Термометрді алғаш ойлап тапқанда, ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды - түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе?». Сөйтіп Г.Айзенк дарындылық туралы түбегейлі, тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды ойын.
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін (түрі, деңгейі және т.б.) анықтау мен айқындау болып табылады.
Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.
Баланың дарындылығын бағалағанда қателесу ықтималдылығын барынша төмендету қажет, өйткені ғалымдардың өзі дарындылық атты таңқаларлық құбылысқа тән белгілер күрделі, сан қырлы және көпдеңгейлі болғандықтан нақты анықтама бере алMay отыр.
Балалар бойындағы дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені, баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алMayды.
Дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.
Жасырын дарыны бар балалар өз қабілеттерін ашық көрсете алMayды (түрлі психологиялық кедергілерге байланысты). Бірақ сәйкес ынталандыру шараларынан кейін (ойындар, байқаулар, жетістікке жететініне сендіру және т.б.) мұндай балалар өз қабілеттерін көрсете бастайды (белгілі бір оқу пәні, тәжірибе жұмыстарында, спорт және т.б.).
Көп жағдайда (психофизиологиялық, арнайы сипаттағы себептерге байланысты) дарындылық кеш байқалуы мүмкін. Демек, орта деңгейлі дарынды оқушылар түрлі сипатта болады, бұл балаларда жасырын мүмкіндіктер көп болады.
Қазақстан Республикасында қолға алынып, жүйелеуден өтіп жатқан «Дарын» бағдарламасының педагогтар алдына қойып отырған мақсаты – тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан – жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар тудыру.
Біздің зерттеуімізде көрсетілген оқушы дарындылығының деңгейлері белгілі шамада шартты болып келеді, өйткені бұл дарындылық қасиеті өз сипаттары бойынша көп қырлы құбылыс болып табылады (белгілері мен көрсеткіштері бойынша).
Осы материалдар мектеп мұғалімдерінің тәжірибелік қызметтерінде көмегін тигізер деп үміттенеміз.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Дарынды балаларды анықтау – нақты бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтан да дарынды баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім беруде (жалпы білім беретін мектеп жағдайында) біртіндеп, кезең-кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек.
Психометрикалық тесттер дарынды балаларды идентификациялау бағдарламасының аясында қосымша ақпарат көздерінің бірі ретінде қолданылады. Бірақ ол да баланы «дарынды» немесе «дарынды емес» деп шешім шығарудың жалғыз критерийі емес. Дарынды балаларды анықтау мақсатында қолданылатын психология-педагогикалық мониторинг бірқатар талаптарға жауап беруі керек:
1) баланың бейімділіктерінің кең спектрін қамтуға және ақпараттың түрлі көздерін қолдануға мүмкіндік беретін оның мінез-құлқы мен әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты;
2) идентификациялау процесінің ұзақтығы;
3) баланың бейімділіктері мен қызығушылықтарына барынша сәйкес келетін әрекет саласындағы мінез-құлқына талдау;
4) балалар әрекетінің өніміне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, математикалық есептерді шешу тәсілдері және т.б.) сарапшыларды (белгілі бір пән саласы бойынша жоғары білікті мамандар – математик, шахматист, филолог, инженер, т.б.) тарта отырып, сараптамалық баға бергізу;
5) баланың дарындылық белгісін анықтауда оның психикалық дамуының актуалдық деңгейі ғана емес, оның жақын даму аймағын да ескеру керек. Ерекше бағдарламамен проблемалық сабақтар өткізу, баланың психологиялық «кедергіден» өтуіне игі ықпал ететін тренинг әдістерін қолдану тиімді;
6) нақты бір баланың өзіндік ерекшелігі мен дарындылық түріне сәйкес таңдалатын көптеген психодиагностикалық процедураларды қолдану арқылы тексерудің көпкезеңділігі;
7) диагностикалық тексеруді шынайы өмірлік жағдаят жағдайында, табиғи экспериментке ұқсас формада жүргізу;
8) зерттеушілік әрекетті модельдейтін және балаға барынша әрекет еркіндігін беретін пәндік жағдаятты қолдану;
9) балалар мен жасөспірімдердің пәндік олимпиадалардағы, конференциялардағы, спорттық жарыстардағы, шығармашылық байқау, фестивальдардағы жетістіктерін талдау;
10) психодиагностиканың экологиялық валидті әдістерін – баланың шынайы жағдаяттағы шынайы мінез-құлқын бағалауға мүмкіндік беретін - әрекет нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, ата-аналар мен мұғалімдердің сараптамалық бағасын тірек ету;
Дегенмен дарындылықты анықтаудың кешенді амалы да қателіктерден толық арылта алMayды.
Дарынды балаларды анықтауда дифференциялау қажет:
а) берілген жас ерекшелігі кезеңінде қол жеткізілген, дарындылықты дамытудың өзекті (актуальды) деңгейі;
б) әрекеттің сан түрінде жүзеге асырумен байланысты болатын дарындылықтың нақты байқалуының ерекшеліктері;
в) баланың дамытылуы тиіс әлеуеттік мүмкіндіктері.
ДАРЫНДЫ БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дарындылық түрлерінің айырмашылығы дарындылық белгілерінің байқалу шараларымен де, сонымен қатар баланың жетістіктер деңгейін бағалаумен де байланысты. Дарындылықты осындай негізде ажырату, оның шарттылығына қарамастан, бала дарындылығын сипаттайтын түрлі көрсеткіштерді салыстыру негізінде жүргізіледі.
Сондықтан да дарындылықты градациялау кезінде оны дамудың үйлесімді немесе үйлесімді емес типтерімен дифференциялау керектігін есте сақтау керек.
Үйлесімді даму типіндегі дарынды балалардың тұлғасының ерекшеліктері.
Тұлғаның сапалары
Шығармашылық әрекетке талпыныс осы типтегі дарынды балалардың айрықша белгісі болып табылады. Бұл оқушылар оқыту процесінде өздерін еркін ұстайды және сондықтан да сыныптастарына қарағанда, ересектердің көмегін көп керек етпейді. Кейде педагогтар оқушының тапсырманы орындаудағы дербестігін дарындылықпен шатастырып, қателесіп жатады: материалды өзі таңдаса, оны талдап, реферат жазса, т.б. Teachersдің жөнсіз араласуы, ата-аналар тарапынан болатын басы артық мәпелеу дарынды оқушыны оқыту барысына кері ықпал етеді, өзін-өзі жүйелеу процесінің дамуын тежейді, жаңаны игеруге деген ынтасын төмендетеді.
Танымдық қажеттіліктің жоғары деңгейі, көп білуге құмарлық, ұнатын ісімен ынтызарлықпен айналысу дарынды балалардың ынталандырушылық белгісі болып табылады. Дарынды балалар ерте жастан білуге, проблемаға зейін қоюда таң қаларлық қабілет байқата отырып, ерекше қызығушылық танытады. Дарынды балалардың басым бөлігіне перфекционизм яғни әрекетті орындауда кемелділікке ұмтылу тән. Кейде бала аяқталған жұмысын (шығарма, сурет, модель) бірнеше сағат бойы жетілдіру үшін қайта жасауы мүмкін. Бұл болашақтағы кәсіби жетістіктің жоғары деңгейінің кепіліне айналатын жағымды сипаттама болғанмен де, мұғалімдер мен психологтар мұндай талапшылдықтың аясын шектеуі тиіс. Әйтпеген жағдайда бұл қасиет «өзін-өзі жеуге», жұмысты соңына жеткізе алмауға ұласып кетуі мүмкін.
Дарынды балалар мен жасөспірімдердің негізгі сипаттамаларының бірі – тәуелсіздік (автономность): әрекет етуде, ойлануда көпшіліктің пікірімен санаспайды. Бұл тұлғалық қасиеттің әрекет ету барысында көмегі болғанымен, оларды қоршаған ортасы үшін ыңғайсыз етеді. Дарынды балалардың не істейтінін болжау мүмкін емес, кей жағдайда бұл қоршаған ортасымен келіспеушілікке соқтыруы мүмкін. Мұғалім осынау психологиялық ерекшелікті назарда ұстауы тиіс.
Отбасының ролі
Мұндай балалардың дарындылығын дамытуда ата-аналардың жоғары танымдық қызығушылықтары игі ықпал етеді. Баламен қарым-қатынас барысында олар тұрмыстық проблемалар шеңберінен шығады, олар бірлесе танымдық әрекетке енеді: компьютерде бірлесе жұмыс жасау, күрделі есептерді шешу. Мұндай отбасыларда ата-аналар мен баланың арасында дистанция болар-болмас болады: оның жағымды жағымен қатар жағымсыз жағы да болуы мүмкін.
Педагогтармен, құрбыластарымен қарым-қатынасы
Дарынды балалардың бұл тобы құрбыластарына қарағанда мектептегі оқу процесіне тез бейімделеді. Құрбыластары оларға үлкен құрметпен қарайды, сабақтың бәріне жақсы үлгеретіндіктен олар сыныптың «жұлдызы» болады. Бұл балалардың дарындылық деңгейіне сәйкес қиындықта тапсырмалар берудің маңызы зор. Біріншіден, оқушы түрлі көзқарастармен танысып қана қойMay, қажет болса, мамандармен қарым-қатынасқа түсе алатындай болуы керек. Екіншіден, дарынды баланың өзіндік көзқарасы болатындығын ескеретін болсақ, оған оны жүзеге асыруға мүмкіндік берілуі тиіс. Сондықтан мұғалім мұндай оқушысының өзгенің пікірімен келіспейтіндігін, өз ойын қорғайтындығын білуі тиіс.
Үйлесімсіз даму типіндегі дарынды балалардың тұлғасының ерекшеліктері.
Психикалық дамудың тепе-тең болмауы
Белгілі бір салада өте ерекше дараланатын дарынды балалардың бірқатарында психикалық дамудың тепе-тең болмауы (диссинхрония) байқалады. Бұл оның тұлғалық қалыптасуына тікелей ықпал етеді және оның көптеген проблемаларының бастауы болып табылады.
Мұндай балалар ақыл-ой немесе көркем-эстетикалық дамуда анағұрлым алда болады. Ал эмоционалдық, әлеуметтік және дене сияқты өзге психикалық салалардағы даму оған ілесе алMayды да, психикалық теңсіздіктің айқын көрінуіне әкеп соғады.
Көп жағдайда бұл балалардың эмоционалдық дамуында проблемалар кездеседі. Олардың көбісі өте сезімтал болады. Басқа балалар назар аударMayтын оқиғалар бұлар үшін уайымға салынуға әкеп соғуы мүмкін. Сын пікірлерге бола, жылауы мүмкін. Кейде іштей құсаланып, психосоматикалық ауруға ұшырауы мүмкін. Дене шынықтыру сабағына қатысқысы келмейді, спортпен шұғылданбайды.
Кейбір интеллектуалдық қабілеті жоғары балалардың проблемасы – тек білімді игеруге бағыттылығы. Бұл көбінесе ақыл-ойы жылдам дамитын балаларда кездеседі. Кішкентай кездерінен бастап оларды жақсы оқығаны үшін мақтап үйретеді де, бұл олардың танымдық әрекетінің ынталандырушы қуатына айналады. Оның үстіне олардың мұндай жетістігінің шығармашылық сипаты болMayды және нағыз дарындылығы қалыптаспайды.
Отбасының ролі
Тұлғаның дамуындағы барлық табиғи-шартты факторлар немесе мектептегі мақсатты түрде оқыту мен тәрбиелеудің ролін қанша қарастырсақ та, отбасының мәні шешуші болып табылады. Әлеуметтік жағдайының нашарлығының (тұрмысының төмен болуы, материалдық жетіспеу, толық емес отбасы, т.б.) қабілеттердің дамуына қатысты түрде ықпалы болMayды. Дарынды бала тұлғасының қалыптасуындағы маңыздысы – ата-аналардың назары. Олар баласының оқуына айрықша назар аударады, қосымша кітаптар сатып әпереді, оны қалай оқыту жөнінде мұғаліммен кеңеседі. Бұл бала бойындағы қабілетті дамытудың жағымды факторы болып табылады.
Ересектермен, құрбыластарымен қарым-қатынасы
Үйлесімсіз даму типіндегі дарынды баланың тұлғалық ерекшеліктерін түсіну үшін, оның тұлғасының қалыптасуын белгілі бір дәрежеде ықпал ететін құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынасына талдау жасаудың маңызы зор. Дамудың біркелкі болмауынан интеллектуалдық және көркем-эстетикалық мүмкіндіктері өте жоғары балалардың бірқатарында жеткілікті қалыптасқан әлеуметтік мінез-құлық дағдылары болMayды да, қарым-қатынаста проблемалар туындайды. Көп жағдайда ерекше дарынды балалардың жүріс-тұрысында, мінез-құлқында оғаштау қылықтар кездеседі, бұл сыныптастарының қабылдамауына, мазақ қылуына әкеп соғады.
Арнайы мектептерде дарынды баланың интеллектуалдық қабілеті сәйкесінше бағаланып, құрбыларымен қарым-қатынасы анағұрлым жақсы жағдайда болады.
Teachersдің ерекше дарынды балаға көзқарасы оның тұлғалық сапаларына тікелей қатысты болады. Егер педагог тәрбиелеудің «күштеу позициясы» әдісін қолданбайтын болса, онда дарынды баланың интеллектуалдық сыншылдығы, оның ақыл-ой дамуының деңгейі педагогтан да жоғары болуы тек құрмет пен түсіністікке ұласады. Басқа жағдайда мұғаліммен қарым-қатынас келіспеушілікке, бірін-бірі қабылдамауға әкеп соғады. Сондықтан да үйлесімсіз даму типіндегі дарынды балалар тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін түсіну мұндай контингенттегі балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін маңызды принциптердің бірі болып табылады. Кейде ерекше балалардың дезадаптациясы кездеседі, яғни уақыт өте келе олар қиын балалардың тобына жатқызылуы мүмкін.
ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дарындылық түрлерін анықтау критерийлері ретінде мыналарды атауға болады:
1) әрекет түрі және оны қамтамасыз ететін психиканың салалары;
2) дарындылықтың қалыптасу дәрежесі;
3) байқалу формасы;
4) әрекеттің сан алуан түрінде байқалу кеңдігі;
5) жас ерекшелігі дамуының ерекшеліктері.
Әрекеттің негізгі түрлеріне: практикалық, теоретикалық (баланың жасын ескеретін болсақ), көркем-эстетикалық, коммуникативтік және рухани құндылық жатады.
Психиканың салалары интеллектуалдық, эмоционалды және ынталандырушы-еріктік болады. Әрбір саланың аясында психикалық ұйымдастырудың мынадай деңгейлерін атап көрсетуге болады. Яғни, интеллектуалдық саланың аясында сенсомоторлық, кеңістік-көру (визуалды) және ұғымдық-логикалық деңгейлер. Эмоционалды саланың аясында – эмоционалдық қабылдауы мен эмоционалдық қайғыруының деңгейі. Ынталандырушы-еріктік саланың аясында – ой шақыру, мақсат қою және мағынаны ұғыну деңгейлері. Сәйкесінше, дарындылықтың мынадай түрлері айқындалады:
– практикалық әрекетте, көбінесе, қолөнері, спорттық және ұйымдастырушылық дарындылықтарды айтуға болады.
– танымдық әрекетте - әрекеттің пәндік мазмұнына қатысты интеллектуалдық дарындылықтың сан түрі айқындалады (жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы, интеллектуалдық ойындар саласындағы, т.б. дарындылықтар);
– көркем-эстетикалық әрекетте – хореграфиялық, әдеби-поэтикалық, бейнелеу және музыкалық дарындылықтар;
– коммуникативтік әрекетте – лидерлік және аттрактивтік дарындылықтар;
– рухани-құндылық әрекетте – жаңа рухани құндылықтар туғызудан және адамдарға қызмет етуден байқалатын дарындылықтар.
Дарындылық түрлерін «Әрекет түрі және оны қамтамасыз ететін психиканың салалары» критерийі бойынша жіктеу дарындылық табиғатының сапалық болмысын түсінуде анағұрлым маңызды. Бұл критерий бастапқы болып табылады.
Бұлай жіктеудің аясында мынадай екі мәселені шешуге болады:
– Дарындылық пен жекелеген қабілеттердің арақатынасы қандай?
– Дарындылықтың «шығармашылық дарындылық» деген ерекше түрі болады ма?
«Дарындылық» және «шығармашылық дарындылық» ұғымдары мәндес болып табылады. «Шығармашылық дарындылық» шартты түрде айтсақ, бұл – кез келген әрекетті жоғарғы деңгейде орындау ғана емес, сонымен қатар оны қайта жасау және дамыту болып табылады.
«Дарындылықтың қалыптасу дәрежесі» критерийі бойынша дарындылықты былай жіктеуге болады:
– актуалды дарындылық;
– әлеуеттік дарындылық.
Актуалды дарындылық – бұл жас ерекшелігі және әлеуметтік нормалармен салыстырғанда нақты пәндік салада іс-әрекетті орындаудың жоғары деңгейінде байқалатын психикалық дамудың белгілі бір көрсеткішіне қол жеткізген баланың психологиялық сипаттамасы. Актуалды дарынды балалардың ерекше категориясын талантты балалар құрайды. Таланты бала – бұл қол жеткізген табысы объективті жаңашылдық пен әлеуметтік маңызды талаптарға сай келетін бала деп есептеледі. Әлеуметтік дарындылық– бұл әрекеттің белгілі бір түрінде жоғары нәтижеге жетудің психикалық мүмкіндігі бар, дегенмен сол сәтте өз мүмкіндігін оның функционалды жетімсіздігінен жүзеге асыра алMayтын баланың психикалық сипаттамасы. Бұл әлеуеттің дамуына бірқатар келеңсіз себептер (қиын отбасы жағдайы, ынталандырудың аздығы, өз әрекетін реттей алмау, қажетті білімдік ортаның болмауы, т.б.) кедергі болады. Әлеуеттік дарындылық баланың бастапқы психологиялық мүмкіндігіне нақты дамытушы ықпалды қамтамасыз ететін жағымды жағдайда байқалады.
«Байқалу формасы» критерийі бойынша айқын және жасырын дарындылық туралы айтуға болады.
Айқын дарындылық баланың әрекетінен нақты көрінеді. Баланың дарындылығы күмән тудырMayды, оның жетістігі көзге ұрып тұрады.
Жасырын дарындылықатиптік, жасырын формада байқалады, оны айналасындағылар байқаMayды. Нәтижесінде бала дарынды емес деген қате қорытынды жасалуы мүмкін. Ол «болашағы жоқтардың» қатарына жатқызылып, қажетті көмек пен қолдаудан ажырауы мүмкін. Көбінесе «сүйкімсіз үйректен» көп адам «ғажайып аққуды» көре алMayды, дегенмен осындай «болашақсыз балалардың» жоғары нәтижеге жеткені жиі кездеседі.
Жасырын дарындылық феноменін тудыратын себептерді бала қалыптасатын мәдени ортадан, оны қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау ерекшелігінен, оны тәрбиелеп, дамытудағы ересектердің қателіктерінен іздеу керек. Жасырын дарындылық – табиғаты жағынан күрделі құбылыс.
Жасырын дарынды балаларды анықтау бір сәттік психодиагностикалық бақылаумен шектелмейді. Мұндай типтегі дарынды балаларды идентификациялау – баланың мінез-құлқын талдаудың көп деңгейлі әдістер кешеніне негізделген ұзақ процесс.
«Әрекеттің сан алуан түрінде байқалу кеңдігі»критерийі бойынша жалпы және арнайы дарындылықты көрсетуге болады.
Жалпы дарындылық әрекеттің сан түрінен байқалады және олардың өнімділігінің негізі болып табылады. Жалпы дарындылықтың маңызды аспектісі – ақыл-ой белсенділігі және оның өзіндік реттілігі.
Жалпы дарындылық баланың мақсаттылық дәрежесін, әрекетке ынты-шынтысымен берілу деңгейіне сәйкес анықталады.
Арнайы дарындылық әрекеттің нақты бір түріне (поэзия, математика, спорт, қарым-қатынас, т.б.) қатысты болады.
«Жас ерекшелігі дамуының ерекшелігі» критерийі бойынша ерте және кеш байқалатын дарындылық деп жіктеуге болады.
Ерте дарындылыққа мысал ретінде «вундеркиндтерді» атауға болады. Вундеркиндтің сөзбе-сөз аудармасы «ғажайып бала». Олар - жасына лайық емес мүмкіндіктерімен таң қалдыратын, психикалық дамуы ерекше балалар.
МЕКТЕП ПРАКТИКАСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ДАРЫНДЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
- Жалпы дарындылық деңгейлері бойынша жоғары көрсеткіш танытқандар.
- Әрекеттің нақты бір саласында жетістікке қол жеткізгендер: музыкант, суретші, математик, спортсмен. Бұларды көбінесе таланттылар деп атаймыз.
- Мектепте үздік оқитындар, яғни академиялық дарындылар.
Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
- түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан жақты бағалаудың кешендік сипатты;
- баланы танып – білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);
- баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру);
- баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
- баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін есепке ала отырып бағалау.
Сонымен қатар балада танымдық ынталану жоғалғанда немесе тіптен болмаған жағдайда оның жасырын дарындарын диагностикалауға көмегін тигізеді.
Осылайша, сауалнамалар бала бойындағы қандай да бір дарынды анықтауда пайдаланылатын әдістердің бірі ретіне қолданылады. Алынған ұпайдың артында не тұрғанын және сауалнама жүргізу мен оның берілгендерін өңдеу барысындағы болар-болмас өзгерістерді түсіну мен зерделеу үшін білікті мамандардың бақылауымен өтетін теориялық және тәжірибелік дайындық қажет. Сондықтан да сауалнаманы тиянақты дайындықтан өткен психологтар жүргізуі тиіс.
Дарынды балаларды анықтауда кешенді қадам жасау ұтымдырақ болатыны сөзсіз. Бұл тұста кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:
- баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары және т.б.);
- арнайы психодиагностикалық тренингтер;
- арнайы бағдарламалар бойынша “байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға қатыстыру;
- арнайы бағдарлама жасау және білікті мамандардың қатысуы;
- баланың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелеріне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, т.б.) мамандар тарапынан сараптау.
Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диагностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің, сондай-ақ мектеп кітапханашысы мен дәрігерінің пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс. Сондықтан диагностикалық әдістер де кешенді сипатқа ие.
Демек, дарынды балаларды анықтау-арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.
Дарындылықтың ынталандырушылық (мотивациялық) саласы мынадай сипатта болады:
- танып-білуге, ақыл-ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;
- өз бетімен жүргізетін шығармашылық – зерттеу жұмыстарына деген ұмтылыс пен қызығушылық;
- өзіндік қабілеттер аясында түрлі оқу және оқудан тыс уақыттағы жұмыстарға қатысуға деген ұмтылыс;
- өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының нәтижесін бағалай алуға қабілеттілігі мен ұмтылысы.
Танымдық компонентінің сипатты:
- жоғары танымдық мүмкіндіктің болуы, айқын қабілеттер мен шығармашылық қабілеттердің болуы;
- жеке жауапкершілікті түсіну, ішкі басқару тұтқасының болуы.
Субьектінің процессуалдық компонентінің сипаттары:
- жаңалық ашуға деген мақсаттылық, ілкімді, жылдам, ілеспелі және шығармашылық ой өрісінің кеңдігі, зерттеушілік және шығармашылық ізденісте жүру;
- жалпы оқу дағдылары мен қабілеттері жоғары деңгейде, танымдық қажеттілігі мақсатты әрі саналы сипатқа ие, мәселенің маңыздылығын зерделей алады;
- өз жұмысының нәтижесіне болжам жасай отырып, өз ойының түпкі өнімін жоспарлай алады;
- жоғары белсенділік, ойлаудағы еркіндік, алынған ақпараттарды оңай үйлестіре білу.
Бірқалыпсыздық ішкі (әлеуметтік) және сыртқы деңгейде байқалады. Әрине, кез келген адам сияқты,кез келген дарынды бала да өз алдында ерекше болып келеді. Әйтсе де біз оқушылар дарындылығының дамуын аса дарынды және дарынды деген екі түрге бөліп отырамыз.
Аса дарынды балалар деңгейіне жатқызылған оқушылар ерте жастан танып-білуге құштарлық, таңғажайыптарға деген қызығушылық танытады және оларға адамның табиғи қасиеті ретінде зерттеушілік мінез-құлық тән. Қоршаған ортаны танып-білуге деген қызығушылық біртіндеп тұрақты танымдық сұранысқа айналып, үлкен жасөспірімдік және бозбалалық жасқа келе қандай да бір білім саласындағы басымдылыққа ие болады.
Бұл жастағы балалар өзінің дарындылығын жеке өмірінің қалыптасуында маңызды екенін ғана емес,сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалының дамуында да маңызды рөл атқаратындығын түсінеді.
Қандай да бір білім беру мен қызмет саласындағы анық байқалатын қабілеті бар оқушы өзін-өзі жүзеге асыруға деген қажеттілікті сезіне біледі.
Осылайша, біздің бақылауларымыздың дарынды балалармен әңгімелесу мен ой эксперименттерінің негізінде аса дарындылық деңгейінің көрсеткіштері 90-100%-ға сәйкес келуі керек.
Ал дарынды балалар ақпарат көздерімен жақсы жұмыс істей алады, академиялық үлгерімі өте жақсы. Оқу тапсырмаларын орындауда дәстүрлі емес шешімдер ойлап табады. Мұғалімнің жетекшілігімен зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оның мазмұнына шығармашылық элементтерін енгізеді. Оларда қалыптасқан рефлекс элементтері болғанымен, толық зерделей алMayды. Дарынды балалар барлық көрсеткіштерін 75% дан кем көрсетпеуі тиіс.
Ресей ғалымдарының пайымдауынша, жасырын дарынды балалар болады. Олар өз қабілеттерін түрлі психологиялық кедергілерге байланысты ашық көрсете алMayды.
ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Дарындылықтың белгілері дарынды баланың мінез-құлқының екі аспектісін қамтиды: инструменталдық және ынталандырушы (мотивациялық).
Инструменталдық аспекттің белгілері:
1) Іс-әрекеттің арнайы стратегиясының болуы. Соған сәйкес іс-әрекеттің нәтижелілігінің негізгі үш деңгейі анықталады:
– іс-әрекетті тез игеру және оны орындаудың жоғары нәтижелілігі;
– берілген жағдаяттан шешім қабылдау жағдайында әрекеттің жаңа тәсілдерін ойлап табу және қолдану;
– пәнді терең меңгеру есебінен жағдаятты жаңаша бағалауға мүмкіндік беретін әрекеттің жаңа мақсаттарын ұсыну.
2) Дарынды баланың өзін-өзі реттеу жүйесінің болуына қатысты «бәрін өзінше жасау» бейімділігіен байқалатын өзіндік дербес сапалы іс-әрекет стилінің қалыптасуы.
3) Дарынды баланың білімін ұйымдастырудың ерекше типі: жоғары құрылымдылық; сан алуан байланыстар жүйесінен оқылатын пәнді тани білу қабілеті; нақтылық сипат (жалпы идеяларға құMarchу, жалпы заңдылықтарды тауып, құрастыруға бейімділік).
4) Оқытылудың өзіндік типі. Дарынды балалар кіші жастан бастап, оқуға деген құмарлықтарымен ерекшеленеді, сондықтан оларға мақсатты түрде ықпал ете отырып, вариативті, байытылған дербестендірілген білім беру ортасын құру жөн.
Дарынды бала мінез-құлқының ынталандырушылық аспектісі мынадай белгілермен сипатталады:
1) Пәндік әрекеттің (белгілерге, дыбыстарға, түстерге, техникалық құралдарға, өсімдіктерге) немесе өз белсенділігінің (дене, танымдық, көркем-мәнерлі, т.б.) белгілі бір тараптарын таңдауда жоғары сезімталдық.
2) Білуге құмарлықтан көрінетін жоғары танымдық қажеттілік.
3) Нақты бір сабаққа немесе әрекет саласына деген айқын байқалатын қызығушылық.
4) Стандартты, типтік, дайын жауаптарды қажет етпеу, қайшылықты, анық емес ақпараттармен жұмыс істеуді ұнату.
5) Өз еңбегінің нәтижесіне жоғары талапшылдық, қиын мақсаттар қоюға, соған жетуге талаптануға бейімділік.
Дарынды баланың мінез-құлқы жоғарыда аталған белгілерге сәйкес келуі міндетті емес. Дарындылықтың мінез-құлықтық белгілері вариативті әрі әлеуметтік мазмұнға тәуелді болады. Дегенмен осы қасиеттердің біреуін бала бойынан байқасаңыз, оны маманнның көмегімен ұзақ уақыт бойы мұқият зерттеп талдау қажет.
«ДАРЫНДЫЛЫҚ» ЖӘНЕ «ДАРЫНДЫ БАЛА» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Дарындылық – бұл өмір сүру барысында дами беретін, адамның өзгелермен салыстырғанда әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін айқындайтын психиканың жүйелі сапасы.
Дарынды бала – әрекеттің белгілі бір саласында айрықша нәтижелерімен (мұндай нәтижеге жетудің ішкі алғышарттары болады) ерекшеленетін бала.
Баланы дарынды деп бағалау шартты нәрсе. Баланың үздік қабілеттері оның болашақтағы жетістіктерінің тікелей әрі жеткілікті көрсеткіші бола алMayды. Бала бойында байқалған дарындылықтың белгілері уақыт өте келе жоғалып кетуі де мүмкін. Бұл жағдай дарынды балаға арналған практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда ескерілуі тиіс. Сондықтан да практикалық жұмыстар кезінде «дарынды бала» ұғымының орнына «дарындылық белгілері байқалатын бала» ұғымын қолданған дұрыс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Берілген Концепция бала дарындылығы сияқты күрделі де көпаспектілі құбылысқа тұтас амалды көрсетеді. Мұнда дарындылыққа өмір бойы дами беретін психиканың жүйелі сапасы ретінде түсінік беріледі. Концепцияда дарындылықтың негізгі белгілерін әрекеттің – инструменталдық және ынталандырушылық сияқты екі аспектісінде жүйелеу тәртібі берілген. Дарынды балалармен жүргізілетін нақты практикада көбінесе байқалған дарындылықтың түріне назар аударылады. Бұл бала дарындылығына деген тар прагматикалық амалдың көрінісі болып табылады. Сондықтан да концепцияда дарындылықтың әлеуеттік және жасырын түрлері болатынына тоқтала келе, осындай дарындылық белгілері байқалатын балалармен жұмыстың ерекше, ғылыми негізделген әдістерінің қажеттігі атап өтіледі.
Дарынды баланы анықтау бұл қасиетті идентификациялаудың кешенді және дербестендірілген бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл Концепцияны жүзеге асыру дарынды балалармен жұмыс істейтін мамандарға ерекше талаптар қояды, себебі дарынды балалармен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың адамзат өркениетінің маңызды ресурсы болып табылатын дарынды адамға айналуына ықпал жасау.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫ
Дарынды балаларды оқытуға арналған білім беру құрылымының типтері
Дарынды балаларды оқытуға арналған негізгі білім беру құрылымы ретінде мыналарды бөліп атауға болады:
а) мектепке дейінгі білім беру жүйесі;
б) жалпы білім беретін мектептердің жүйесі;
в) қосымша білім беру жүйесі;
г) дарынды балалармен жұмысқа бағдарланған мектептер жүйесі (лицей, гимназия, арнайы мектептер, т.б.);
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Оқытудың принциптері, мақсаты, мазмұны және әдістері.
Оқытудың жалпы принциптері
Дарынды балаларды оқытудың негізгі жалпы принциптеріне мыналар жатады:
– дамыта әрі тәрбиелей оқыту принципі;
– оқытуды дербестендіру мен дифференциациялау принципі;
– жас ерекшелігін ескеру принципі.
Оқытудың мақсаты
Барлық балалар үшін оқытудың басты мақсаты келешекте кәсіби әрекет саласында өздерін көрсете алуы үшін, олардың қабілеттері мен дарындарын ашып дамытуға мүмкіндік беретін шарттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, баланың дербестігін қолдап, дамыту, тоқырауға ұшыратпау, қабілеттерінің дамуына кедергі болмау – дарынды балаларды оқытудың ерекше маңызды міндеттері болып саналады. Яғни, дарынды балаларды оқытудың басым бағыттары ретінде мыналарды бөліп атауға болады:
– дарынды бала тұлғасының рухани-адамгершілік негіздерін, жоғары рухани құндылықтарын дамыту;
– шығармашылық тұлғаны дамыту үшін шарттар туғызу;
– дарынды баланың дербестігін (оның мүмкіндіктерінің өзіндік ерекшелігін анықтау және ашу) дамыту;
- оқушылардың дербес қажеттіліктері мен бейімділіктеріне сәйкес білім берудің түрлі саласындағы құзыреттіліктің жоғары деңгейі мен әлемді тұтас түсінуді дамытудың шарты болып табылатын жалпы білімдік дайындықты қамтамасыз ету.
Оқытудың мазмұны
Дарынды балаларды оқытуда оқу бағдарламасының мазмұнын жасаудың төрт негізгі амалы қолданылады.
1) Жеделдету. Бұл амал дамудың жедел ырғағымен ерекшеленетін балалардың белгілі бір категориясының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеруге мүмкіндік береді. Дегенмен ол ерекше ұқыптылықпен дарынды баланы дербес дамытудың өзге формаларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылуы тиіс.
2) Тереңдету. Бұл амал нақты бір білім саласына бейімділігі ерекше балалар үшін өте тиімді. Белгілі бір білім саласымен немесе әрекет түрімен терең танысуға болады.
3) Байыту. Бұл амал дәстүрлі оқыту аясынан шығып, білім мазмұнының сапасын өзге тақырыптармен, пәндермен байланыстыра отырып, көтеруге бағытталған. Сабақтар балалардың өз дарындылықтарына сәйкес жақсы көретін іс-әрекеттерімен айналысуына жеткілікті уақыт қалдыратындай етіп жоспарлануы тиіс.
4) Проблематизациялау. Бұл амал оқушылардың тұлғалық дамуын ынталандыруды көздейді. Бұл жағдайда оқытудың спецификасы оқушылардың рефлексивтік ойлауын, түрлі саладағы білім саласын оқып танысуда олардың тұлғалық амалын қалыптастыруға ықпал ететін балама интерпретациялар мен жаңа мағынаны іздеуіне бағытталады. Негізінде, мұндай жекелеген бағдарламалар болMayды, олар не байытылған бағдарламалардың, не арнайы оқыту бағдарламасынан тыс формада жүзеге асырылады.
Оқытудың әдістері мен құралдары
Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі болып саналатын оқытудың әдістері білімді игерудің, сонымен қатар тұлғалық сапалар мен танымдық қабілеттерін дамытудың маңызды факторы болып табылады. Интеллектуалды дарынды оқушыларды оқытуда шығармашылық типтегі жетекші әрі негізгі әдістер - проблемалық, зерттеушілік, эвристикалық, ізденіс, жобалау әдістерін дербес және топтық жұмыс түрлерімен үйлесімде қолдану тиімді. Бұл әдістердің жоғары танымдық-ынталандырушылық әлеуеті зор және дарынды балалардың танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарының деңгейіне сәйкес келеді. Олар балалардың шығармашылық ойлауы мен көптеген тұлғалық сапаларын (танымдық ынтасы, эмоционалды тұрақтылығы, дербестігі, өзіне сенімділігі және ынтымақтаса жұмыс жасау қабілеті) дамытуда өте тиімді.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
Білім беру саласындағы реформалар ерекше қабілеті бар оқушыларға деген бағыттылықты өзгертті. Дарынды балаларды дамытуға арналған білім беру мекемелері, оқу және арнайы бағдарламалар, қоғамдық ұйымдар меен қорлар пайда болды.
Дегенмен дарынды балалармен жұмыста арнайы дайындалған мамандардың болмауына байланысты педагогикалық, психологиялық қиыншылықтар кездеседі. Мектепке дейінгі, мектептік және қосымша білім беру барысында оларды оқыту ерекшелігі ескерілуі тиіс. Осыдан келіп, жалпы білім беретін мектептер жағдайында дарынды балалармен жұмыс істеудің тұтас жүйесін құру проблемасы туындайды.
Дарындылық категорияларын зерттеу тарихында бірін-бірі толықтыратын төрт концепция қалыптасты:
1) дарындылықты сәйкес мәтіндер көмегімен өлшеуге болатын когнитивті процестер (сенсорлық-перцептивтік процестер, назар, жады, ойлау мен қиялдау) жүйесі дамуының жоғары деңгейі ретінде түсіну;
2) дарындылықты ақыл-ой тестісінің (А. Бине және У. Штерн, Г. Айзенк, Д. Векслер, Дж. Гилфорд тесті) көмегімен өлшенетін интеллектінің немесе ақыл-ой қабілеттері дамуының жоғары деңгейімен сәйкестендіру; (отождествление)
3) дарындылықты жалпы және арнайы қабілеттерді анықтаумен байланысты дифференциалды айырмашылықтарды талдау арнасында қарастыру; бұл концепцияны Б.М.Теплов құрастырған және ғалымдардың кең қолдауына ие болған (Б. М. Теплов, Н. С. Лейтес, В. Д. Небылицын, Э. А. Голубева, В. А. Крутецкий және басқалар);
4) дарындылықты баланың зерттеушілік белсенділігінен байқалатын шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейімен сәйкестентіру;
Біздің елімізде теориялық та, қолданбалы да тұрғыда көбінесе арнайы қабілеттер проблемасы анағұрлым кеңірек қарастырылған болып шықты. Осындай мақсаттар үшін арнайы мектептер (математикалық, музыкалық, спорт, т.б.) құрылып, нәтижелі жұмыс істеуде.
Шетелдік және отандық ғалымдар пікіріне сүйенсек, дарынды балаларды іріктеу үшін: оларды анықтап, диагностикалауға және арнайы бағдарламалар жасауға психология-педагогикалық қызмет жұмыс істеуі керек.
Қандай баланы дарынды деуге болады? Мамандардың айтуынша, өз бейімділіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше салада жоғары нәтиже көрсететін балаларды дарынды және талантты деуге болады:
– интеллектуалдық;
– шығармашылық-өнімді ойлау;
– академиялық жетістіктер (мектепте үздік оқитын оқушылар);
– қарым-қатынас және көшбасшылық;
– көркем әрекет;
– қимыл-қозғалыс саласында.
Ғалымдар әр саладағы дарындылықтың белгілерін анықтады. Дарынды баланың тұлғалық сипаттамасын жатады:
– жоғары интеллектуалдық қабілеттер;
– жоғары шығармашылық қабілеттер;
– шапшаң меңгеруге қабілеттілік және үздік есте сақтау;
– білуге құмарлық, танымдық ынтызарлық, білімге ұмтылу;
– жауапкершілік;
– пікір дербестігі;
– өзін-өзі бағалаумен байланысты жағымды Мен-концепция.
Жоғарыда аталғандардың негізінде дарындылықтың түрлерін былай жіктеуге болады:
– байқалу кеңдігі бойынша – жалпы және арнайы;
– әрекет түрі бойынша – интеллектуалдық, шығармашылық, көркем, психомоторлық (спорттық), конструкторлық, лидерлік, т.б.;
– байқалу интенсивтілігі бойынша – оқуға жоғары дайындық, дарынды, аса дарынды, ерекше дарынды (таланттар мен вундеркиндтер);
– байқалу түрі бойынша – айқын және жасырын;
– байқалудың жас ерекшелігі бойынша – тұрақты немесе өтпелі;
– тұлғалық, гендерлік (әлеуметтік-жыныстық) және өзге ерекшеліктері бойынша.
Көрсетілген дарындылық түрлеріне дарынды балалардың нақты типологиясы сәйкес келеді. Мектептің тарапынан ұйымдастырылатын жұмыстардың баланың нақты өміріне көмегі жетімсіз. Сондықтан да қосымша білім беру жүйесінің бар арсеналын біріктіре отырып, проблеманы шешудің жолын іздестіруге тура келеді. Бұл - репетиторлар қызметі, мемлекеттік қосымша білім беру мекемелерінің қызметі (бағдарлы сыныптарға ЖОО-ның мұғалімдерін тарту).
Дарынды балалардың оқу әрекетінің мазмұнын жасаудың стратегиясы қандай? Бұл проблеманы шешудің екі негізгі амалы бар:
1) сандық сипаттамаларды өзгерту;
2) сапалық сипаттамаларды өзгерту.
Сандық сипаттамаларға оқу материалының көлемі мен оқу ырғағы жатады. Ал түрлі бағыттардың қатынасы, мазмұнды үлгілеу, оны оқыту сипаты (алгоритмдік, эвристикалық, т.б.) сапалық сипаттамалар болып табылады. Білім беру мазмұнын сандық сипаттамалар негізінде өзгертудің екі стратегиясы – «жеделдету» және «идентификациялау» айқындалды, ал сапалық сипаттамалар негізінде – «жетілдіру» бағыты: «тереңдету», «проблематизациялау», «зерттеушілік» стратегиялары қалыптасты. Бұл модельдерге оқу жоспарынан тыс жетілдіру түрлері жатады. Ол қосымша білім беру жүйесіне қатысты және білім берудің вариативті компонентін (факультативтер, үйірмеле, студиялар, т.б.) құрайды.
Қабілетті балалармен жұмысты ұйымдастырудың челябілік ғалымдар ұсынған кешені тиімді деуге болады. Ол төрт кезеңнен тұрады:
1. Қабілетті балаларды ата-аналардың (арнайы сауалнама жасалған), педагогтердің, тестілеудің көмегімен анықтау.
2. Балалардың бейімділіктері мен қызығушылықтарын ескеретін психологиялық тестердің көмегімен диагностикалау. Бұл экспресс-диагностика – бір реттік тексерулер (ақыл-ойды айқындайтын «IQ» тесті) және ұзақ мерзімді, ұйымдастырылған педагогикалық модельдер.
3. Қорытынды кезең – педагогтердің балалардың қабілеттерін дамыту мен тереңдетуге арналған арнайы бағдарламалармен жұмыс істеуі (жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар, бағдарлы сыныптар).
Жалпы білім беретін мектеп жағдайында дарынды балалармен жұмыстың әдістерін таңдау барысында дарындылық проблемасының кешенділік сипатын ескере отырып, алдын ала анықтау қажет:
1) дарындылықтың қай типімен жұмыс істеуіміз керек (біздің жұмысымыз ең бірінші интеллектуалдық, шығармашылы, академиялық, т.б. дарындылықтарды анықтап, дамытуға бағдарлануы тиіс);
2) дарындылықты қандай байқалу түрінде көреміз (айқын, жасқа байланысты, жасырын);
3) қандай міндеттер басым болып табылады: оқыту, оқыту-дамыту немесе дамыту; жақсы байқалып отырған қабілетті дамыту немесе нашар дамыған қабілетін көтеру; педагогикалық қолдау, т.б.
Жалпы білім беретін мектептер жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда дарындылық деңгейі түрлі балалардың өзіндік ерекшеліктері ескерілетіндей білімдік орта құру маңызды.
«ДАРЫНДЫ БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Дарынды бала – біздің байлығымыз. Соған сәйкес жасалған бағдарлама болуы тиіс.
Бағдарламаның мақсаты:
– арнайы дарындылықты және жасқа байланысты байқалуын анықтау;
– балалардың арнайы қабілеттерін анықтау және оларды психолого-педагогикалық қызметтің диагностикалауы;
– оқу үдерісі барысында дарынды балалармен жұмыс істеудің бағдардамасын жасау.
Бағдарламаның бөлімдері:
1. Дарынды балалармен жұмыстың концепциясы.
2. Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс (психология-педагогикалық қызметтің жұмысы).
I кезең – анамнестикалық – оқытудың бірінші басқышында, дарынды балаларды анықтау кезінде олардың әрекеттің белгілі бір саласындағы жетістіктеріне назар аудару.
II кезең – диагностикалық – бұл кезеңде (5-9 сыныптар) баланың шығармашылық қабілеттерін дербес бағалау жүргізіледі.
III кезең – баланың ерекше қабілеттерін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі, сонымен қатар оның бағдарлық бағыттылығы (10-11 сыныптар).
3. Дарындылықты диагностикалау әдістемесі.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС КОНЦЕПЦИЯСЫ
Дарынды бала кез келген ортада кездеседі. Педагогика және психология саласында бар дарындылық туралы теориялық зерттеулерді концепцияға негіз етеміз.
Мынадай принциптерді жетекшілікке аламыз:
1) оқытуды индивидуализациялау принципі (дарынды баланы дамытудың тиімді шарттар жүйесін жасау осы принципті жүзеге асырудың жоғары деңгейі болып табылады);
2) қосымша білім беру қызметін оқушының өзі таңдау принципі;
3) ұсынылатын мүмкіндіктердің сан алуандығы принципі;
4) оқу талаптарын белгілі бір дәрежеде азайта отырып, сыныптан тыс әрекеттің ролін көтеру принципі;
5) оқушылармен дербес жұмысқа және пәнаралық байланысқа ерекше назар аудару принципі;
6) мұғалімді мейілінше аз қатыстыра отырып, оқушылардың бірлескен жұмысына жағдай туғызу.
ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Дарынды баламен жұмыс барысындағы мұғалімнің мақсаты –
- дарынды баланы анықтау,
- оның дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Бірінші мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер шешілуі тиіс:
1. Teachersді дарынды балалармен жұмыстың әдістемесі, психологиялық ерекшелігі туралы ғылыми мәліметтермен таныстыру (арнайы маманды қатыстырып, педкеңес өткізу, білім жетілдіру курсынан өткізу, осы бағыт бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыс, т.б.)
2. Қабілетті балалардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттеріне мақсатты түрде бақылау жүргізу.
3. Материалдарды жинақтау және арнайы тест жүргізу.
Дарынды балалар анықталған соң олармен жұмысты педагогтердің екі тобы жүргізуі тиіс:
1) пән мұғалімдері;
2) тәлімгерлер:
– оқушы таңдаған тақырып бойынша ғылыми жетекшілік етеді;
– дарынды балаға қатысты ұйымдастырылатын барлық жұмысты үйлестіріп отырады;
– дарынды оқушыға қажетті қарым-қатынасты орнатады;
– дарынды баланың ата-анасымен байланысты жүзеге асырады.
Teachers, психологтар, арнайы шақырылған мамандар тәлімгер бола алады. Оқушыға тәлімгерді таңдау еркіндігі берілуі тиіс.
Екінші мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
1. Ойлау дербестігін, бастамашылдық пен шығармашылықты дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді таңдау және оларды төмендегі ережелерге сәйкес қолдану:
– ақпаратпен жұмыс (талдау, салыстыру, салғастыру, жіктеу, қорыту);
- оқу тапсырмасын жылдам әрі аз уақытта орындау;
- сыныптың әрбір жауабын мақұлдай бермеу, керісінше оларды мұқият тыңдау, бағаламау.
2. Ғылыми жетекшімен бірлесе жұмыс жасау қабілетін жетілдіру мүмкіндігін беру, себебі ғылыми жетекші:
- оқушының таңдаған тақырыбы бойынша мейілінше жоғары деңгейде кеңес береді;
- мақсатқа жетудің әдістерін таңдау мүмкіндігін бере отырып, өзіндік әрекетін ынталандыру;
- оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық идеяларын іске асыруға жағдай жасайды;
- белгілі бір саладағы нәтижесін ынталандыра отырып, басқа салада да өзін байқап көруге ықпал етеді.
3. Нақты бір саладағы дарындылығы анықталған балаларға арнап дербес оқу бағдарламасын жасау:
- мұндай бағдарламаның мақсаты дарынды баланың дамуына барынша қолайлы жағдай туғызу;
- бағдарлама жасауға психолог, тәлімгер, сынып жетекшісі және ата-ана қатыстырылуы тиіс.
4. Оқушыны сыйлау:
- дарынды баланы дамытудың ерекшеліктерін түсіну;
- сыныптастарымен қолайлы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау;
- дарынды баланы ерекше даралауға және тым төмендетуге болMayды.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ШАРТТАРЫ
1. Педұжымның әрбір мүшесіне бұл жұмыстың маңыздылығын ұғындыру және осыған байланысты оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру проблемасына назарды күшейту;
2. Дарынды балалармен жұмыстың әдістемелік жүйесін жасау және үнемі жетілдіріп отыру;
3. Мектеп басшылары мен ұжымның дарынды балалармен жұмыстың әдістемелік жұмыстың маңызды да басым бағыттарының бірі екенін түсінуі;
4. Дарынды балалармен жұмысқа біріншіден, ерекше қабілетті мұғалімдерді тарту:
– мұғалім бала үшін тұлға болып табылады. Мұғалім мен баланың өзара әрекеті қабілеттерді барынша тиімді дамытуға бағытталуы тиіс.
– мұғалім өз құзыреттілігіне және проблеманы шешу іскерлігіне сенімді болуы керек.
– мұғалім айналасындағылардың қабілетті екендіктеріне сенімді болуы керек, сонымен қатар өз-өзін сыйлайды, бағалайды.
– мұғалім өзін интеллектуалдық тұрғыдан кемелдендіруге ұмтылады, өз білімін көтерумен үздіксіз айналысады.
5. Оқушылардың оқу және психологиялық жүктемесін жеңілдету мақсатында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жұмысын үнемі жүргізу.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
1. Оқушылар дарындылығын диагностикалаудың жүйелік бөлімшесін жасау және осы жүйенің тиімді жұмыс жасауын ұйымдастыру.
2. Психологиялық қызметтің әрекетін кеңейту және жетілдіру.
3. Дарынды балалармен жұмыс проблемасын мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік және тәжірибе-эксперименттік жұмыстарының жүйесіне басым бағыт ретінде енгізу.
4. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын құру және ұйымдастыру.
5. Таңдау пәндері бойынша курстарды құрастыру және әрі қарай жетілдіру.
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Дарынды баламен жұмыстың нәтижелігі көп жағдайда осы категориядағы оқушылармен бастауыш сыныпта қандай жұмыстың жүргізілгендігіне тәуелді, сондықтан бастауыш сынып кезеңінде балалардың осы категориясымен жұмыс стратегиясы дербес мәселе ретінде қарастырылады.
Оқу мен шығармашылыққа бейім балалардың дарындылығын көрсететін критерий – айқын көрінетін, белсенді, ақыл-ой қызметіне бағытталған танымдық қажеттілік.
Танымдық қажеттілік базалық қажеттіліктердің бірі болып табылады, оны қанағаттандыру тұлғаның қалыптасуы мен өзін жүзеге асыруын, оның табиғи бейімділіктерін дамытуды қамтамасыз етеді. Қолайлы дамыту жағдайында танымдық қажеттілік үш деңгейде өтеді:
1-ші деңгей – жаңа таңқаларлық сезімдерге деген қажеттілік (мектепке дейінгі кезең);
2-ші деңгей – белгілі бір сабаққа қызығуынан, нақты пәнді оқуынан байқалатын білуге құмарлығын дамыту (кіші мектеп жасы);
3-ші деңгей (жоғары деңгей) – ғылыми зерттеу жүргізуге бағытталған танымдық әрекет (жоғары сынып оқушыларынан байқалады).
Танымдық қызығушылықты ескермеу немесе уақтылы қанағаттандырмау қабілеттердің дамымауына, көрінбеуіне әкеп соғады.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, бастауыш сыныпта дарынды баламен жүргізілетін оқыту-тәрбиелеу жұмысының мақсаттары мен міндеттерін былай көрсетуге болады.
М а қ с а т т а р ы:
– барлық арнайы бейімділіктерінің («интеллектінің басты факторы» немесе «дарындылықтың базальды факторы») негізі ретінде баланың жалпы қабілеттерін дамыту, осылайша табиғи бейімділіктерді нақты бір қолайлы жас ерекшелігі кезеңінде дамытуға болады;
– баланың ақыл-ойын дамыту (ойлау, жады, сөйлеу және өзге де интеллектуалдық функциялар).
М і н д е т т е р і:
1) әңгімелесу кезінде және оқу барысында жоғары нәтиже көрсеткендердің арасынан диагностиканың психологиялық әдістері арқылы, сонымен қатар ақыл-ой еңбегінің нәтижелілігін талдау жолымен, ата-аналар мен мұғалімдердің тарапынан жүргізілетін сараптай бағалау әдісімен дарынды баланы анықтау;
2) оқу білігін өзін-өзі дамытудың базистік қабілеттілігі ретінде қалыптастыру (оқу міндетін анықтай білу, өз іс-әрекетін уақытқа сәйкес құра білу, өз зейінін шоғырландыра білу, т.б.);
3) қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу, себебі 6-7 жасар дарынды бала үшін оқу білігі – бұл оқу әрекеті ынтымақтастығын тудырып, ене білу бейімділігі;
4) кез келген әрекеттің нәтижелілігінің қажетті шарты болып табылатын балалардың жан саулығын қамтамасыз ету және сақтау:
– денсаулығын сақтауға қамқорлық: баланың жүйке жүйесінің тыныш болуы, ақыл-ой еңбегі мен демалыстың режимін сақтау, жасына сәйкес дене белсенділігіне негізделген әрекеттердің жеткілікті болуы;
– дарынды баланың өзіне деген жоғары бағасын сақтап қалу, ол баланың білуге құмарлығы мен тұлғасын дамытуға тікелей қатысты;
– баға оқу әрекетінің басты ынталандырушы күші емес, тек мұғалім мен оқушы арасындағы соңғысының жұмысын бағалаудағы кері байланыс құралы болып табылатын игерілген оқу мотивтерінің жүйесін қалыптастыру;
– баланың білуге құмарлығын ынталандыратын және оны қанағаттандыру мүмкіндігімен (дәріс, үйірме, саяхат, ересектердің үлгісі) қамтамасыз ететін дамытушы орта ұйымдастыру
– дарынды балаларды оқытуды жеделдету стратегиясы, яғни экстернат немесе жекелеген пәндер бойынша педагогика-психологиялық кеңестің шешімімен сыныптан-сыныпқа аттап өту;
– дарынды балалардың танымдық әрекетінің дамуына бақылау ұйымдастыру: нәтиже бойынша бақылау (қорытынды бақылау), процессуалдық бақылау, пәндік бақылау.
ЖАЛПЫ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Әдістеме мамандарға арналған әдістемелер кешеніне қосымша ретінде қарастырылуы тиіс.
Нұсқаулық
Сізге дарынды балалар бойындағы тоғыз сипаттың қалыптасу деңгейін бағалау ұсынылып отыр. Оларды тиянақты қарап шығып, төмендегі шкаланы пайдалана отырып, әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріп шығыңыз:
5 - Тұлғаның бағаланып отырған сипаты жақсы, анық байқалады да, түрлі іс-әрекет барысы мен мінез-құлқынан жиі көрініс табады;
4 - Қарастырылып отырған сипат айтарлықтай анық байқалады, бірақ тұрақты көріне бермейді, соған қарамастан оған қарама-қарсы қасиет сирек байқалады;
3 - Тұлғаның бағаланып отырған сипаты мен оған қарама-қарсы қасиеті оның әрекеті мен мінез-құлқында бірдей теңдікте көрініс табады;
2 - Бағаланып отырған сипатқа қарама-қарсы қасиет неғұрлым нақты әрі жиі байқалады;
1- Бағаланып отырған сипатқа қарама-қарсы қасиет нақты әрі жиі байқалады да, мінез-құлық пен барлық іс-әрекет барысында көрініп отырады;
0 - Бұл қасиетті бағалау үшін еш мәлімет жоқ.
Білімпаздық (танымдық қажеттілік). Ой-өрістік ынталану мен жаңалыққа құмарлық әдетте білімпаздық деп аталады. Бала дарынды болған сайын, оның жаңа, белгісіз нәрсені танып-білуге деген ұмтылысы да арта түседі. Жаңа ақпаратты, жаңа білімді игеру көп сұрақтар қою және тынымсыз зерттеушілік белсенділіктен көрініс табады (ойыншықтарды шашып-жинау, зат, өсімдік, адам іс-әрекеті, жануарлар және т.б. құрылымын зерттеу).
Туындаған мәселелерге аса сезімталдық.
“Танып білу әдетте қарапайым, күнделікті нәрселерге таңданыстан басталады” (Платон) Өзгелерге қарапайым, күнделікті болып көрінген нәрседен мәселе туындату-шығармашыл адамға тән маңызды сипаттама болып табылады. Оларға мәселені табу, сұрақ қою сияқты қабілеттер де тән. Болжау жасауға қабілеттілік-мәселенің шешілуіне алдын ала көрегендік жасау, іс әрекетті жүзеге асырмас бұрын мүмкін болатын салдарын алдын ала болжау. Оқу мәселелерін шешуде ғана емес, сондай-ақ нақты өмірдің түрлі көріністерінде байқалады. (яғни уақытқа байланысты салдарға болжау жасау, салыстырмалы, қарапайым жағдаяттардан бастап, әлеуметтік құбылыстарды дамытудың мүмкін болатын болжауларына дейін).
Сөздік қоры.
Мол сөздік қоры – баланың ақыл-ой қабілеттерін дамытудың нәтижесі мен белгілері. Сөйлеуде падаланған сөз санымен ғана емес, сондай-ақ дарынды балаларға тән күрделі синтаксистік құрылымдарды жасай алу, өздері енгізген жаңа сөздерді қолдану немесе ойындағы жағдаяттарды сипаттайтын жаңа сөздер ойлап табу.
Бағалау қабілеттілігі.
Ең алдымен, сын тұрғысынан ойлау. Тек өзінің ғана емес, сондай-ақ өзге адамдардың ойы мен іс-әрекетін түсіну мүмкіндігі. Проблемалық мәселелерді, адамдар қылығы, құбылыстар мен жағдаяттардың шешілуін шынайы сипаттай алу қабілетімен сипатталады.
Өнертапқыштық.
Түрлі іс-әрекет пен мәселелерді шешуде тосын, жаңа жолдарды таба алу қабілеттілігі. Бала мінез-құлқында, ойындар мен түрлі іс-әрекет барысында көрінеді.
Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеті- құбылыс пен жағдаяттарды, процестерді жіктей алу, талдау және синтездеу қабілеті, өз ойын анық жеткізе алу. Түсінік қалыптастыру мен өз ойын жеткізе алу қабілетімен сипатталады.
Табандылық (мақсаттылық) – алға қойған мақсатқа талMay ұмтылу, кедергілерге қараMay іс-әрекет барысында өз мүмкіндіктерін жинақтай алу қабілеті. Баланың барлық іс-әрекеті мен мінез-құлқынан байқалады. Өз қызметінің нәтижесінде талап қоюшылық.
Перфекционизм - өз іс-әрекетінің түпкі өніміне, жоғары талаптарға жеткізуге ұмтылыс. Бала өзі істеп жатқан жұмысын жоғары деңгейде орындаMayынша тыным таппайтындығымен сипатталады.
Нәтижелерді өңдеу
(Бағаларды кестеге енгізіңіз. Әрине, бағалар баланы жақсы білетін басқа үлкен кісілер бағасымен салыстырылып, қорытылып қойылғаны дұрыс.)
№ | Сапасы | Бағасы |
1 | Білімпаздық | |
2 | Туындаған мәселелерге аса сезімталдылық | |
3 | Болжау жасай алу қабілеті | |
4 | Сөздік қоры | |
5 | Бағалау қабілеттілігі | |
6 | Өнертапқыштық | |
7 | Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеттілігі | |
8 | Табандылық | |
9 | Перфекционизм |
Қойылған бағаларды (немесе бірнеше ересек адам қойған бағалардың нәтижесін есептей келе, ортақ сандық көрсеткішті) графикке енгіземіз. Мүлтіксіз нәтиже – дұрыс тоғызбұрыш. Алайда нақты баланы дұрыс, жан-жақты бағалаған жағдайда күрделі конфигурациялы жұлдызша пайда болады. Сол графикке қарап, тәрбие жұмысын болашақта қай бағытта жүргізу керектігі туралы мәлімет алуға болады.
Баланың «графикалық профилін» құру үлгісі
ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТІ* ҚИЯЛМЕН ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУЫН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ
Зерттеуге дайындық. Әр балаға фигуралар: заттардың контурлық бейнесі салынған, мысалы, бұтақтың діңі, шеңбер – екі құлағы бар бас, т.б. және қарапайым геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, үшбұрыш, т.б.) салынған альбом парақтарын дайындау керек. Түрлі-түсті қарындаш, фломастерлер дайындау.
Зерттеуді жүргізу. 7-8 жасар балаға осы фигуралардан қандай да бір картина шығарып, салып шығу тапсырылады. Алдын-ала қиялдау туралы әңгімелесу жүргізуге болады (аспандағы бұлт неге ұқсайды, т.б.).
Мәліметтерді өңдеу. Бейнелердің ерекшелік, таңғажайыптық, қайталанбастық дәрежесі айқындалады.
Бастапқы (нөлдік) тип. Бала берілген элементті пайдаланып бейне құрастырMayды, ол соның қасына өзі бір нәрсенң суретін салуы мүмкін (еркін қиялдау).
Бірінші тип. Бала парақтағы фигураны жекелеген нысан ретінде аяқтап шығады, дегенмен бейне контурлық, детальдары жоқ, сызба түрінде болады.
Екінші тип. Тура сондай жекелеген нысан пайда болады, дегенмен саналуан детальдері болады.
Үшінші тип. Жеке нысанды бейнелей отырып, бала қиялдан желі (сюжет) қосады (жай қыз емес, жаттығу жасап тұрған қыз).
Төртінші тип. Бала бірнеше нысанды қиялындағы сюжет бойынша бейнелеп шығады (қыз күшігімен серуендеп жүр).
Бесінші тип. Берілген фигуралар жаңа сапада қолданылады. Егер 1-4 типтерде ол бала салған картинаның негізгі бөлігі болып табылса, енді ол фигура бала қиялындағы бейнені жасаудың көмекші элементі болып қалады (үшбұрыш үйдің шатыры емес, бала сурет салып отырған қарындаштың ұшы ғана).
Ескерту.
*мәліметтер алынған кітап: Клименко, В. В. Психологические тесты таланта. – Харьков, 1996.
ЖОҒАРЫ САТЫДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР
Көптеген жоғары сынып оқушылары оқуын жалғастыруға мүдделі және өзін кәсіби әрекетке дайындауға тырысады, сондықтан да оқытуды дербестендіру идеясын жүзеге асыратын және оқушының шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін технологиялар тиімді болып табылады. Бұған проблемалық оқыту технологиясы мен «кіші топтарда» оқыту әдістемесі үйлесімде қолданылатын жобалап оқыту технологиясы жатады
1.Проблемалық оқыту технологиясы. Бұл технологияны базалық деп қарастырамыз, себебі оқушының өнімді әрекеті проблемалық сипаттағы тапсырмаларды орындау барысында анағұрлым тиімді жүзеге асырылады. Проблемалық мазмұндағы тапсырмаларды орындау оқушылардың танымдық белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Проблемалық оқыту үдерісінің құрылымы өзара байланысты және күрделендірілген жағдаяттар кешені болып табылады. Проблемалық оқыту технологиясын жүзеге асыру барысында мұғалім көбінесе танымдық міндеттер формасында проблемалық сауалдарды пайдаланады. Проблемалық міндетті (тапсырманы) шешу алгоритмі төрт кезеңнен тұрады:
1) проблеманы ұғыну, сұрақта берілген қайшылықты анықтау, себеп-салдарлық байланыстар тізбегіндегі үзікті анықтау;
2) гипотеза жасау және болжамды дәлелдеу жолдарын іздеу;
3) гипотезаны дәлелдеу, оның барысында оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды қайта жасап шығады;
4) жалпы қорытынды, мұнда оқылатын себеп-салдарлық байланыстар тереңдетіледі және танымдық құбылыс пен нысанның жаңа жақтары айқындалады.
Осылайша, проблемалық жағдаят жасайтын, мақсатты түрде құрастырылған тапсырмалар проблемалық оқытудың басты функциясын - өзарабайланыстар мен өзаратәуелділіктер деңгейінде ойлау білігін дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл оқушыларға зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті нақты шығармашылық әрекет тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді.
2. Кіші топтарда оқыту әдістемесі. Бұл әдістеме семинар сабақтарда анағұрлым тиімді қолданылады. «Кіші топтарда» оқыту сыныпты 4-5 кіші топтарға бөлуге негізделеді. Оның әрқайсысының құрамында 5-7 адамның болғаны абзал, сонда оқу барысындағы өзара әрекет нәтижелі болады.
Әрбір кіші топ семинарда талқыланатын сұрақтардың біреуіне жауап дайындайды. Талқылау барысында әр топтың қатысушылары сөйлейді, қарсы пікір білдіреді, қосымшалайды. Дұрыс жауапқа оқушы дербес бағасын алады, ал «кіші топтар» - нақты ұпайлар жиынтығын.
Ойын жағдаяты семинарда қажетті эмоционалдық көңіл кhouseтудыруға мүмкіндік береді және оқушыларды алуан түрлі жұмысқа ынталандырады.
3.Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту жүйесінің негізіне оқушылардың өздігінен іздену әрекеті барысында білімді шығармашылықпен игеруі жатады. Жобалаудың өнімі – баяндама, рефераттың, т.б. мәтіні ретіндегі оқу жобасы.
Жобалап оқытудың негізі тұлғалық бағдарлы болып табылуы маңызды, яғни бұл оқушыларға өзінің және өзгенің тәжірибесіне сүйене отырып оқуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандырады, өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттану мүмкіндігін береді, оқудағы жетістігін сезінеді.
Жобаны педагогикалық басқару
№ р/с | Педагогикалық басқарудың функциялары | Мұғалімнің қызметі |
1 | Informationтық-сараптаушылық | Оқушылар әрекетінің өнімін сұраудың, бақылаудың және зерттеудің негізінде олардың танымдық қызығушылықтары, сыныптың оқу мүмкіндіктері деңгейінде жеткен жетістіктері туралы мәліметтер базасы жасалады. |
2 | Мотивациялық-мақсаттық | Оқушылармен бірлесе отырып, жобалау әрекетінің мақсатын, жоба тақырыбының өзектілігін анықтайды; оқушыларды оны жасауға ынталандырады. |
3 | Жоспарлы-болжамдық | Оқушылармен бірге мақсатқа жетудің тәсілдері мен жолдарын жоспарлайды; жобамен жұмыс істеудің кестесін құрастырады. |
4 | Ұйымдастыру-атқарушылық | Белгіленген жоспардың жұмыс кестесіне сәйкес орындалуын ұйымдастырады, оқушыларға кеңес береді, ізденіс әрекетіне қызығушылығын оятады. |
5 | Бақылау-диагностикалық | Оқушылардың әрекетіне ағымдық бақылау жасайды және олардың ізденіс жұмысының нәтижесін талдайды. |
6 | Жүйелеу-түзетушілік | Оқушылардың әрекетін түзетеді, олардың жұмысын регламенттейді, өзін-өзі басқару тәсілдеріне үйретеді, рефлексия жүргізеді. |
Жобалау әрекеті оқушылардың зерттеу жұмысының нәтижесі рецензиялануын, ал жобаны қорғаудағы баяндамасы бағалануын қажет етеді.
Оқушының жобасын рецензиялаудың алгоритмі:
1) Жоба мазмұнының толықтығын бағалау.
2) Жобаның тұтастығын бағалау (проблемалардың өзара байланысы, жобалау әрекеті нәтижесінің мақсаты).
3) Қорытындының, ұсыныстар мен болжамның негізділігіне баға.
4) Жоба бойынша кемшіліктер, қателіктер, ескертпелер.
5) Жобамен болашақ жұмысқа арналған жаңа идеялар мен ұсыныстар.
6) Қорытынды (проблема қаншалықты толыққанды ашылған).
4. Арнайы курс.Білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы ретінде арнайы курс мазмұны оқушыларға зерттеу жобасын орындауға, мектеп бағдарламасының жекелеген бөлімдерін тереңдете оқуға немесе өздерін қызықтыратын білім саласы бойынша білім алуға мүмкіндік беретін оқу сабақтарының жүйесі болып табылады.
Арнайы курстың өзіндік ерекшелігі сол – оның мазмұнының негізін сабақта қарастырылMayтын, дегенмен оқушылар үшін қызық та жеңіл тақырыптар құрайды; ол қосымша әдебиетпен көп жұмыс жүргізуді, проблеманы өздігінен ұғынуды талап етеді.
Оқу материалын ірі блоктарға топтастыруға болатындықтан, арнайы курсты жоғары сыныптарда өткізу анағұрлым маңызды. Оның үстіне жоғарғы сыныптықтар өздігінен шығармашылық жұмыс істей алады.
Арнайы курс кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде мұғалім оқушылардың оқу мүмкіндіктерінің деңгейіне, танымдық қызығушылықтарына, әрекет ету уәждеріне диагностика жүргізеді. Содан кейін, екінші кезеңде педагог арнайы курс аясында орындауға болатын зерттеу жобаларының тақырыптарын жасайды, ал үшінші кезеңде мұғалім топтық кеңес өткізеді, оның мақсаты – оқушыларды зерттеу жобасымен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру, арнайы курстың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Төртінші кезең – анықталған оқу сабақтарының жиынтығынан тұратын арнайы курс. Сабақтың көп бөлігі жаңа материалды проблемалық түрде мазмұндауды көздейді. проблемалық семинар аса маңызды, оның мақсаты – алынған білімді тарату және жүйелеу. Арнайы курсты оқып-үйренудің бесінші кезеңі – жоба және қорғауға шығармашылық жұмысты дайындау. Ал алтыншы кезеңде зерттеу жобаларын қорғауға арналған оқушылардың ғылыми конференциясы өткізіледі.
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі ретінде оқыту әдістері білімді жемісті игерудің, сонымен қатар танымдық бейімділіктері мен тұлғалық сапаларын дамытудың маңызды факторы болып табылады. Интеллектуалдық дарынды оқушыларды оқытуда қолданылатын шығармашылық сипаттағы әдістердің негізгісі – проблемалық, ізденіс, эвристикалық, зерттеу, жобалау болып табылады, оларды өзіндік, дербес, топтық әдістермен үйлестіре қолданған жөн.
ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ-ТҰЛҒАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ
Дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби біліктілігінің базалық компонентін құрайды:
а) жалпы кәсіби педагогикалық дайындық – пәндік, психолог-педагогикалық және педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар;
б) педагогтың негізгі кәсіби мәнді тұлғалық сапалары.
Дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби біліктілігінің арнайы компонентін құрайды:
а) дарындылық педагогикасы мен психологиясын (дарындылық, оның түрлері, психологиялық негіздері, анықтау критерийлері мен принциптері, дарынды баланың дербес даму ерекшелігі, дарынды баламен жұмыстың бағыттары мен түрлерін білу, т.б.) белсенді игерудің нәтижесі болып табылатын психолого-педагогикалық білім, білік, дағдылар;
б) педагогтың кәсіби-тұлғалық позициясы:
– дарынды баламен дәстүрлі жұмыс түрлерін жүзеге асырғанша, бала дарындылығын мейілінше дамытып, белсендіруге көңіл бөлу;
– оқу процесін басқарып, бақылап қана қойMay, оқушыларға оқуға еркіндік беру.
в) педагогтың кәсіби мәнді сапалары: танымдық және ішкі кәсіби мотивациясының жоғары деңгейі; ішкі бақылау; өзін-өзі бағалау; тұлғалық өсуге ұмтылу және т.б.
Ата-аналар мен мұғалімдерге балалардың зерттеушілік бейімділіктері мен өздігінен білім алу біліктілігін тәрбиелеуге арналған нұсқаулық
|
.ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМА
Сауалдар | Жауаптар | |
Иә | Жоқ | |
1. Мен баланың бар сауалына барынша шыдамдылықпен, шынайы жауап беремін. | ||
2. Мен балаға жұмысының нәтижесін жақсарту үшін жәрдемдесемін. | ||
3. Мен баланы сүйікті ісіне қажетті кітаптармен, материалдармен қамтамасыз етемін. | ||
4. Мен баланы қиялдауға, ойдан қиыстырып, құрастыруға ынталандырамын. | ||
5. Мен баланы проблеманы айқындап, оны шешуге ынталандырамын. | ||
6. Сабақ үстінде балаға лайықты мақтау табамын. | ||
7. Мен балаға шын мәнінде шешім қабылдауға мүмкіндік беремін. | ||
8. Мен баланы өздігінен ойлануға үйретемін. | ||
9. Мен баланың бастаған жұмысының негізгі бөлігін, нәтижесіне сенімді болмаса да, өзі орындауы дұрыс деп есептеймін. | ||
10. Мен балада оның бейімділіктерін жағымды қабылдауды дамытамын. | ||
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ЖАЛПЫ ОҚУ АРҚЫЛЫ ЫНТАЛАНДЫРУ
өзіндік жұмыстың репродуктивті біліктері – материалды құрамдас бөліктерге бөле білу; – ауызша баяндағанда мәтіндегі негізгі ойды айқындай білу; – жоспар құру; – тезис құру; – мәтіннің конспектісін жасау; – түсіндірме конспект жасау; – сөзбе-сөз баяндай білу; – мақала, кітап материалдары бойынша реферат құрастыра білу; – анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасай білу; – үлгі бойынша түсінік пен ережелерге нақты мысал келтіре білу (дерексізді деректіге айналдыра білу); | өзіндік жұмыстың шығармашылық біліктері – проблеманы көре білу; – проблеманы жеткізе білу; – болжам ұсына білу; – проблеманың, міндеттердің шешілу жоспарын құра білу; – қорытынды жасай білу; – материалды жүйелей білу; – тақырып бойынша баяндама жасай білу (түрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып); – материалды қайта жасай білу (сызба, сурет, диаграмма, кесте түрінде бейнелей алу); – міндетті шеше білу; – алдын ала болжай білу. |
Ұйымдастыру-рефлексиялық біліктер – өз әрекетін жоспарлай білу (мақсат қою, жоспар жасау); – өз әрекетін талдай білу (жемісті және тиімсіз әдіс-тәсілдерді анықтай білу, нәтижені мақсатпен салыстыра білу); – өзі мен өзгенің танымдық және коммуникативтік іс-әрекетін, психикалық жай-күйін бағалай білу. | |
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
Оқытудың сыртқы құралдарын қолданатын тәсілдер | Мазмұнға қатысты тәсілдер | Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қатысты тәсілдер | Оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынас сипатына қатысты тәсілдер |
Мазмұндылық | Тарихи мәліметтер | Оқу білігі | Сабақтағы эмоционалдық әрекеттің тонусы |
Көрнекілік | Белгілі білімнің жаңа аспектілерін көрсету | Оқу проблемаларын қою және шешу | Мұғалімнің мейірбандығы |
Оқытудың техникалық құралдары | Өмірмен байланыс | Шығармашылық жұмыстар | Schoolchildren оптимистік көзқарас |
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері (рольдік ойындар, іскерлік ойындар, т.б.) | Жаңашылдық | Зерттеушілік амал | Мұғалімнің ашықтығы мен табиғилығы |
Жұмысты ұйымдастыру түрлері (жұпта, топта жұмыс жасау, т.б.) | Мазмұнды құрастыру | Оқушылар оқылатын мазмұнның пәні болып табылатын дидактикалық ойындар | Мұғалімнің эмпатия мен рефлексияға бейімділігі |
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ СӘЙКЕС ТҮРЛЕРІ
Өзіндік жұмыстың типтері | Оқушылардың танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері | Оқу тапсырмаларының түрлері |
1. Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар (репродуктивті ойлау) | Тану, білу, анықтау, ұқсасты нақтылау, мәтіндік қайталау, белгілі түсініктің аясында жаңа факторды ұсыну. | – үлгі бойынша типтік тапсырмаларды орындау; – үлгі немесе алгоритм бойынша жаттығуды орындау; – үлгі бойынша талқыланатын мәселеге иллюстрация жасау; – үлгі және нұсқаулық бойынша бақылау, тәжірибе, зертханалық жұмыс жүргізу; – үлгі және нұсқау бойынша пәндерді, олардың бөліктерін жасау; – сөзбе-сөз түсінгенін айту; – фактілерді, белгілерді, сапаларды атап беру; – мәтіннен дайын жауапты табу; – үлгі және мысалдар бойынша материалдарды топтастыру, таңдау; – ұғымға нақты мысалдар келтіру, берілген үлгі бойынша ережелер құрастыру. |
2. Трансформативті (реконструктивті) жұмыстар, шығармашылықтың І деңгейі | Нысанның ішкі құрылымын ой елегінен өткізу және түрін өзгерту, суреттеу және әрекетті талдау, мүмкін жолдарын көре білу. | – мәтіндік құрылымдарды басқа үйлесімде қолдану; – мәтінді логикалық тұрғыдан өңдеп қайталау; – түрлі ақпарат көздерінің негізінде сауалға жауап құрастыру; – материалдағы негізгіні қосымшадан бөліп алу (мәтін түрінде немесе сызба түрінде); – тақырып бойынша жоспар құру; – конспектілеу; – дәстүлі емес жағдаятта белгілі ережелер мен заңдылықтарды өзгерте отырып, тапсырманы орындау; – тапсырма, тезис құрастыру; – толық емес нұсқаулық бойынша тәжірибе, бақылау, зертханалық жұмыс жүргізу; – өтілетін материалды иллюстрациялаудың жаңа құралдарын табу, іздестіру; – сызба, кестелерді интерпретациялау (түсіндіру); – салыстыруға тапсырмалар. |
дарынды балаларды оқытудағы қосымша білім берудің ролі
Қосымша білім беру әр балаға білім саласын, бағдарламалар профилін, оларды меңгеру уақытын еркін таңдауға мүмкіндік береді. Осындай мақсатпен оқушылардың қосымша білім беру жүйесіндегі көптеген шығармашылық бірлестіктері мынадай бағыттарды қамтиды:
Қосымша білім берудің бағыттары | Ұйымның атауы мен түрі | |
Көркем-эстетикалық | «Балалықтың ырғақтары» хореграфия | |
«Балауса» спорттық балдық би | ||
«Ғажайып гүл шоғы» бисер тоқу | ||
«Эдельвейс» вокальды ансамбль | ||
Театрлық | Көркем сөз | |
Классика (ағылшын) | ||
Қуыршақ театры (орыс) | ||
Эстрадалық миниатюралар театры | ||
КВН | ||
Ермек саз анимациясы | ||
Қуыршақтар әлемі («Ғажайып қима» үйірмесі) | ||
Көркем-қолданбалы шығармашылық | ||
Ғылыми-техникалық | Техникалық үлгілеу | |
Дене-спорттық | Аэробика | |
Баскетбол | ||
Таэквондо | ||
Туристік-өлкетану | Саяхат | |
Мәдениет танымдық | Тілші | Ағылшын секциясы |
Неміс секциясы | ||
Француз секциясы | ||
Испан секциясы | ||
Қытай секциясы | ||
Әлем тану (ағылшын) | ||
Әлем тану (неміс) | ||
Техникалық аударма (ағылшын) | ||
Техникалық аударма (нем.) | ||
Француз әдебиеті | ||
Цицерон (риторика) | ||
Әлеуметтік-педагогикалық | Әлеуметтік жоба | |
«Өтпелі жас» балалар ұйымы | ||
Баспасөз орталығы «Айқын» | ||
Шығармашылық ойлауды дамыту | ||
Әскери-патриоттық | «Әскери даңқ» ғылыми-ізденіс орталығы | |
Мектеп мұражайының қызметі | ||
Жаратылыстану-ғылыми | Эврика | |
Интернет | ||
Компьютер әлемі | ||
ОҒҚ | Филология бағыты | |
Этнография | ||
Әдебиет | ||
Тарих , т.б. | ||
Қорытынды | ||
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Дарынды балалардың ата-аналарының проблемалары өте ауқымды және әр түрлі болады. Мысалы: 10 ата-ананың 9-ы дарындылықты анықтауды және оларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдауды біле бермейді, ал 10 ата-ананың 7-і дарындылықты анықтауды өз құзырларына жатқызбайды, сондықтан да қазіргі уақытта 100 баланың тек 2-6 ғана дарындылығы анықталып, жұмыс жүргізілуде. Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жүйесінің қалыптасуы ата-аналардың оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдермен тең құқықты екендігін айқындайды.
Дарынды балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жүйесі мұғалім мен ата-аналардың біріккен жұмыстарының тәсілдері мен формаларын құруға бағытталған.
- Түрлі жаңалықтар ашуда табысты оқу еңбегін қамтамасыз ету;
- Даусыз қарым-қатынас, жағымды адами көзқарас қалыптастыру;
- Баланың өзін ұнаған ісімен айналасуына, сонымен қатар, қолданбалы біліктілік пен дағдының кең аспектісін алуына жағдай жасау.
Негізгі мақсат – дарынды балалардың ата-аналары мен балаларының ынтымақтастығын қалыптастыра отырып, олардың жеке өзіндік қасиеттерімен танысу.
Дарынды балалардың ата-аналарымен ынтымақтаса жұмыс жүргізудің негізгі міндеттері.
- Баланың дамуына қолайлы жағдай жасау үшін ата-ана мен мұғалімнің біріккен жұмыс әрекеті.
- Отбасы тәрбиесінің пайдаланылмаған ресурстарын орнату;
- Баланың отбасы тәрбиесіндегі жақсы жақтарымен танысу, тәжірибе алмасу.
- Ата-аналарының сыныппен мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен, оның балаларға қоятын талап-тілектерімен танысу.
- Ата-аналарды сынып өміріне қатыстыру.
Осы міндеттерді шешуде мұғалімнің қызметі төмендегі принциптерді ескергенде ғана жүзеге асады.
- Ашықтығы.
- Бірлескен шығармашылық қызмет.
- Жеке және жас әрекшеліктерін есепке алу.
- Серіктестік қатынас.
Мұғалімнің дарынды балалардың ата-аналарымен жұмысының құрылымы.
Мұғалімнің ата-аналармен жұмысы |
Ұйымдасты ру |
Диагностика-аналитикалық |
Informationтық-әдістемелік |
Танымдық зерттеу |
Ұйымдастыру жұмыстарына ата-аналармен ынтымақтаса жүргізетін жұмыстар жатады. Олар ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитеті және т.б. Ата-аналар жиналысы – мұғалімнің ата-аналармен бірлескен қызметінің ең қажетті бөлігі. Кез келген педагогикалық іс-шаралар сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің де өзіндік тәртібі бар. Яғни ата-аналар жиналысы ой-пікірлері бір жерден тоғысатын, серіктестер кездесуі сияқты болып өту керек. Мысалы, ата-аналармен өткізген ең бірінші жиналыстың құрылымын атап өтейік:
- сәлемдесу;
- өз балаларын осы мектепке оқуға бергені үшін ата-аналарға алғыс білдіру;
- ата-аналарға ескертумен емес, ұсыныстармен шығу;
- әр түрлі педагогикалық проблемаларды еске сала кету. Мысалы: «Ия, бұл кез-келген жанұяда кездесетін жайт...» «Осы жастағы балаларда болатын қасиеттер...» т.б. яғни, мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі қиындықтармен кездескенін, бұл қиындықтарды оңай жеңе алатындығын айта кеткені жөн.
- тәрбиелеуде әр түрлі қиындықтардың кездесетінін, оған мұғалім өз көмегін аяMayтындығын атап өткені дұрыс.
- жиналыстың соңына таман мектеп бойынша немесе сыныпта қандай іс-шаралардың белгіленгенін, оған ата-аналардың қатысуы қажет екендігін де еске сала кеткен жөн.
Ата-анамен ынтымақтастық, түсінушіліктің, келісушіліктің өте маңызды негізі – диалогтық қарым-қатынас. Мұғалім оқушының жанұясына аса құрмет көрсетуге, онымен сөйлесуге дайын болу керек. Мұғалімге де, ата-анаға да бала тәрбиесі туралы біліммен қарулану керек. Ата-аналармен кездесуде оқушының тәртібі, оның мінез-құлқындағы өзгерістерді талқылап, бір шешімге келе керек. Мұғалім ата-аналарды баласының жеке даму картасымен таныстырып, кейбір мәселелерді шешу жолдарын іздестіру керек.
Диагностикалық-аналитикалық жұмыс ата-аналармен байланысудағы басты бағыт. ата-аналардың пікірі, оны талқылау ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне, мұғалімге деген көзқарастарының қандай екендігін көрсетеді.
Жұмысты ұйымдастырудың формалары:
² анкета, тест жүргізу, сұрақ-жауап алу.
² Ата-ана туралы шығарма жазғызу, сурет салу.
² Бала даму картасы бойынша жұмыс.
² Баланың ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынасын қадағалау, оның әрекетін қадағалау.
Informationтық-әдістемелік жұмыс, ата-аналарды сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыруға бағытталған. Егер ата-аналар мұғалімнің берген тапсырмасын тек орындаушы ғана емес, әртүрлі идеялар ойластырып соны мұғаліммен бірге талқылап, қолданса тиімді болады. Мысалы: ата-аналар «Білім күні», «Соңғы қоңырау», «Наурыз мейрамы», «Әкем, шешем және мен» сияқты іс-шараларға ғана қатыспай, басқа да музыкалды, интеллектуалды ойындарға, мысалы: «Білгірлер клубы» немесе «Классикалық музыканы ұнатушылар клубына» қатысса, оның берері мол болар еді.
Бекітемін
Мектеп директоры
С.Сеитова
Дарынды балалардың ата-аналарымен ынтымақтаса
жұмыс жүргізу жоспары.
2022-2023 оқу жылы
№ | Activity | Жұмыс түрлері | Қызметі | Мақсаты мен міндеті | Мерзімі |
І. Ұйымдастыру жұмыстары | |||||
1 | «Сіздер туралы және сіздерге арналады, ата-аналар». | Ата-аналар жиналысы. | «Parents жарнама» дайындау. | Табысты ынтымақтастық орнату. | Қыркүйек |
2 | Өзгермелі өмірдегі әкелер мен балалар. | Әкелер жиналысы. | «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» атты семинар дайындау. | Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі. | Қараша |
3 | Жанұя – бұл махаббат. | Ойлану, қиялдау сағаты. | Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу. Талқылауға арналған сұрақтарды анықтау. | Бала сезімін дамытуды қалыптастыру. | Ақпан |
4 | Жанұялық сенбі. | Мектептегі ата-аналар күні. | Сабақтарға қатысу. | Балаларды бақылау, қадағалау. | Жыл бойы |
ІІ.Диагностикалық-аналитикалық жұмыс | |||||
1 | «Мен және балам». | Сауалнама жүргізу. | Parents сауалнама жүргізу. | Ата-аналардың өз балаларын қаншалықты білетіндігін және түсінетіндігін анықтау. | Қазан |
2 | «Әкем менің досым немесе...». | Шығарма. | Балалардың шығармасы. | Шығарма жазғызу арқылы әкелердің бала өміріндегі ролін анықтау. | Желтоқсан |
3 | «Менің жанұям». | Суретті тест. | Балалардың шығармасы. | Балалардың салған суреті арқылы жанұя жағдайын анықтау. | Қаңтар |
4 | «Мен және менің бойым». | Даму және тәрбиелілік картасы. | Ата-аналардың, оқушының және мұғалімнің картасын толтыру. | Балалардың дамуын және тәрбиелілігін қадағалау. | Жыл бойы |
ІІІ. Informationтық-әдістемелік жұмыс. | |||||
1 | «Сіздер туралы және сіздерге арналады». | Informationтық стенд. | Стендінің безендірілуі. | Мектеп өміріндегі балалардың іс-әрекеті туралы мағлұмат беру. | Қыркүйек |
2 | «Мектептегі менің табыстарым». | Informationтық бүктеме. (буклет) | Бүктемелерді безендіру. | Балаларды ізденуге үйрету, баулу. | Жыл бойы |
3 | «Бала мен ата-аналардың қарым-қатынасы». | Дөңгелек стол. | Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды іріктеу. | Parents әдістемелік көмек көрсету. | Наурыз |
IV. Танымдық-зерттеу жұмыстары. | |||||
1 | «Кітап – жан азығы». | Кітаптар мерекесі. | Кітаптарды іріктеу, рольдерді бөлісу. | Балаларды кітапты сүюге баулу. Балалардың дүниетанымын кеңейту. | Сәуір |
2 | «Интеллектуалды мозаика». | Ойын. | Жетондар, мозайка қағаздарын дайындау. | Оқушылардың интеллектуалды дамуын анықтау. | Қараша |
3 | «Интеллектуалды жанұя». | Марафон. | Материалдар дайындау. | Интеллектуалды даму. | Жыл бойы |
4 | Дарынды балалар және оның ата-аналары. | Жанұялық мереке. | Сценарий. | Мамыр | |
АҚЫЛ-ОЙ ДАРЫНДЫЛЫҒЫ,
ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЙҚЫНДАЛУЫ
Балалардың дарындылығы ұғымы және оны анықтау
ДАРЫНДЫЛЫҚ– жас ерекшелігімен салыстырғанда ақыл-ой дамуындағы нормадан асып кететін даму немесе арнайы қабілеттерінің (музыкалық, көркем, т.б.) ерекше дамуы. Баланың дарындылығы тек оқу, тәрбиелеу процесінде, бала белгілі бір мазмұндық іс-әрекет жасау барысында ғана нақтыланып, зерттелуі мүмкін. Баланың бойындағы ақыл-ой дарындылығының байқалуы кіші жастағы ерекше мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Кіші жаста ақыл-ой дамуына назар аудару баланың интеллектік тұрғыдан қалыптасуына ерекше ықпал етеді.
Дарынды балалар, біріншіден, жоғары қызығушылықтары және зерттеушілік белсенділігімен ерекшеленеді. Психофизиологиялық зерттеулер көрсеткеніндей, мұндай балалардың миының биохимиялық және электрлік белсенділігі көтеріңкі болады.
Дарынды балалар кіші жастарында себеп-салдардың байланысын қадағалап отыруға және сәйкес қорытынды жасауға бейім болады; олар әсіресе балама модельдер мен жүйелер құруға құмар болады.
Көбіне дарынды балалардың сөздік қоры бай, олар күрделі сөздік құрылымдарды еркін қолдана алады. Олардың көбі анықтамалықтарды, энциклопедияларды көп оқиды, ақыл-ойды белсендіретін ойындарды жақсы көреді.
Дарынды бала – бұл жасына сәйкес өсіп келе жатқан интеллектінің дербес байқалуының жеткілікті дәрежедегі тұрақты ерекшеліктері.
Дарындылықтың түрлері
Дарынды балалар дарындылықтарының түрлеріне қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Дарындылықтың мынадай түрлері болады:
Көркем дарындылық
Дарындылықтың бұл түрі арнайы мектептерде, үйірмелерде дамытылады. Музыка, бейнелеу өнері, орындаушылық, әртістік, сәулет өнері саласындағы жоғары жетістіктерінен көрінеді.
Жалпы интеллектуалдық және академиялық дарындылық
Мұндай дарынды балалар негізгі ұғымдарды тез есте сақтап, жылдам меңгереді. Informationты өңдеу бейімділігі аса зор. Барлық пән бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізеді.
Шығармашылық дарындылық
Шығармашылық бағытта дарынды балалар:
• шарттылықтар мен беделге көнбейді;
• пікір айтуда еркін әрі тәуелсіз;
• әзіл, қалжыңды жақсы көреді;
• жұмысты ұйымдастыру мен тәртіпке көңіл бөлмейді;
• жарқын темперамент.
Әлеуметтік дарындылық.
Лидерлік дарындылықтың мынадай белгілерін атап өтуге болады:
• интеллекті ортадан жоғары;
• шешім қабылдай алады;
• дерексіз ұғымдармен, болашақ жоспарлармен жұмыс жасауға қабілеттілік;
• мақсатты, қозғалыстың бағытын сезіну;
• ілкімділік, бейімделгіштік;
• жауапкершілік сезімі;
• өз біліміне сенімділік;
• талапшылдық;
• энтузиазм;
• ойын анық жеткізе білу.
Аталған дарындылық түрлері әр балада түрліше байқалады.
БАЛАҒА ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ «МЕНІН» СЕЗІНУГЕ ЖӘНЕ ӨЗІНІҢ БОЙЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ КӨРЕ БІЛУГЕ ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМДЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Оқытуды дербестендіруде тәлімгер маңызды рол атқарады. Мұғалім тұлғасы кез келген оқытудың жетекші факторы болып табылады.
Кіші жастағы барлық бала – туа бітті құрылысшылар, ғалымдар, музыканттар мен ақындар. Дегенмен ерте жастан бастап, біз өзіміздің шығармашылық шабыттарымызды тежей бастаймыз. Дәстүрлі сабақ беру үдерісі шығармашылыққа көп жағдайда тұсау болады. Көптеген адамдар өздерінің шығармашылық әлеуетін ешқашан толыққанды жүзеге асыра алMayды, себебі оларға ешкім ешқашан туа бітті шығармашылық дағдыларын қалай пайдаланып, қалай дамытуға болатыны жайлы түсіндірмеген. Американдық психолог Джордан Айян шығармашылықты дамытудың мынадай жолын ұсынады:
1. Өзге адамдармен байланыс ұстаңыз.
2. Айналаңызда бай өмірлік орта құрыңыз.
3. Өз қорабыңыздан шығыңыз, саяхат жасаңыз.
4. Көңіл көтеріңіз, ойнаңыз және қалжыңдаңыз.
5. Өз дүниетанымыңызды кеңейтіңіз, оқыңыз.
6. Өнерге жақын болыңыз.
7. Қазіргі технологияларды пайдаланыңыз.
8. Сананың ғажап мүмкіндігін пайдаланыңыз.
9. Өзіңіздің балама санаңызды іске қосыңыз.
10. Өз жаныңыздың тереңіне үңіліңіз.
Осы он стратегияны шығармашылық өмірде кәсіби, мұғалімнің тіліне ауыстырыңыз. Кейбір мінез-құлық ережелерін өз қалауыңызға орай, оқушыға шығармашылық орта туғызатындай өзгертіңіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тұлғаның бойында дарындылықты қалыптастыруда өзін-өзі дамыту әрекетінің психологиялық механизмін жоққа шығара алMayмыз.
Бала дарындылығы тек мектептегі жетістіктерімен ғана емес, мектептен тыс шаралар негізінде де анықталуы тиіс.
Біз баланың дарындылығы мен оқуға бейімділігін әрқашан айыра бермейміз. Әлеуеттік мүмкіндігі бірдей, бірақ әлеуметтік-экономикалық жағдайы әр түрлі отбасындағы балаларды салыстырғанда, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары отбасындағы бала өзге құрбыластарына қарағанда анағұрлым жоғары жетістіктерімен көрінуі мүмкін. Балалық шақтағы анықталған қабілеттері адамның болашақта жетістікке жетуіне толық негіз бола бермейді. Олар біртіндеп немесе тез арада жойылуы мүмкін немесе өркендеп дамуы мүмкін. Бұл жағдайды практикалық жұмысты ұйымдастыруда есепке алу өте маңызды.
Дарындылық және шығармашылық
(негізгі көрсеткіштер)
А.М.Матюшкин
І. Жалпы дарындылықтың бес факторы:
1. жалпы танымдық мүмкіндіктер (сенсорлық процестер, назар, ес, ойлау)
2. арнайы қабілеттер (ғылыми, көркем, техникалық, спорттық, әлеуметтік/лидерлік)
3. интеллект(IQ) – ақыл-ой мүмкіндіктері және сөйлеу
4. креативтілік зерттеушілік мүмкіндік
5. жағымды «Мен» - концепциясы
ІІ. Креативтіліктің бес факторы
- зерттеушілік мүмкіндік (белсенділік), қызығушылық.
- когнитивті проблемалылық.
- интуитивті мүмкіндік (ұғымпаздық).
- ойлау тілі (бай әрі сауатты сөздік қор).
- ойды анық жеткізе білу мүмкіндіктері.
ІІІ. Шығармашылықтың негізгі типтері
- «Мен» бейнесі («Мен» - шығармашылық).
- өнер
- әлеуметтік мінез-құлық
- ғылым
- техника
ІҮ. Шығармашылықты жүзеге асыру формалары
- дербес
- сұхбат үстінде
- топта
- дау-жанжалда
- жетекшілікте
Ү. Дарындылықтың тұлғалық факторлары
1. шығармашылық белсенділік
2. зерттеушілік (танымдық) мотвацияның басымдығы
3. жағымды өзіндік баға
4. өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылу
5. бәсекеге қабілеттілік
ӘДІСТЕМЕЛЕР
Оқушы сипаттамасы
(АҚШ-та жасалған, дарынды балалар мектебінде қолданылады.)
(Оқу, ынталандыру, шығармашылық және көшбасшылық сипаттамалары.)
Әр қатардағы бос орынға ИӘ немесе ЖОҚ сөздерін қоя отырып, оқушының мінез-құлқын сипаттаңыз.
Оқу сипаттамалары:
- сөздік қоры мол;
- көп нәрседен хабардар және түрлі тақырыпта еркін ой қозғай алады;
- адамдар мен заттар іс-әрекетінің мәні мен себептерін түсінеді;
- жанды бақылаушы; өзгелерге қарағанда әңгіме, фильм немесе түрлі іс-әрекеттен «көп нәрсені көреді» немесе «көп нәрсені алады»;
- жасына лайық қойылған талаптан артық орындай алады;
- арифметиканы жылдам түсінетіндігі көрінеді.
Ынталандырушылық сипаттамалары:
- мәселені шешуде бір беткей;
- әдетте өзгелерге кедергі келтіреді;
- өз пікірін дәлелдеуде бір беткей;
- іс-әрекетті аяқтауда күш жұмсайды;
- мұғалімнің тарапынан көп нұсқауды қажет етпейді;
- өзгелердің пікіріне әсершіл;
- дұрыс пен бұрысқа, әділеттілік пен әділетсіздікке селқос қараMayды, адамдар, оқиғалар мен заттарды кінәлай алады.
- басқаларға әсер етуге бейім, басқарады, көшбасшылық жасайды.
Шығармашылық сипаттамалары:
- өзгелерге жаңалықтар туралы қызбалана әңгімелеуге бейім;
- қалыпты рет бұзылса да, алаңдаушылық білдірмейді;
- шындыққа жақын емес тақырыптар бойынша сұрақтарды көп қояды;
- танымдық ойларға, қиялдарға (егер ...... болғанда, не болар еді?) беріледі;
- ерекше жауап беруге бейім, оқиғаларды асыра сілтеп әңгімелейді;
- сөз жарыстыру ойындарынан үлкен қанағат алады;
- сын тұрғысынан зерттелмейінше, «ресми шешімдерді» шындық деп қабылдаMayды, себеп-салдарын талап етеді.
Көшбасшылық сипаттамалары:
- жауапкершілікті өз мойнына алады;
- сыныптастарын жақсы көреді;
- бірнеше қызмет түрі бойынша көш бастайды.
Нәтижелерді өңдеу
Бұл тәжірибелік жұмысқа қосымша өңдеудің қажеті жоқ, нәтиже айқын көрінеді. Сіз толтырған сипаттама бала туралы нақты мағлұмат береді.
Ата – аналарға арналған әдістеме
Мектептің оқу бағдарламасы сіздің балаңызға экспериментке қатысуды ұсынады. Осы орайда балаңыз туралы ақпаратпен қамтамасыз етуде сіздің көмегіңіздің маңызы зор.Сауалнама толтыру үшін, бірнеше минут уақытыңызды бөлуіңізді сұраймыз. Балаңыз туралы ғана жақсы білетін мағлұматтарды белгілеп, көрсетілген уақытта мектепке әкеліңіз.
1.Менің баламның сөздік қоры мол және ол өз ойын жақсы жеткізеді.Егер “ия” деп жауап берсеңіз,мысал келтіре кетіңіз.
Ия _______ жоқ________
2.Менің балам тапсырманы орындағанда бар күшін жұмсайды, табанды әрі тапсырманы өз бетімен орындайды.
Мысал келтіруіңізді өтінеміз.
3.Менің балам кітап оқуды бала бақшадан бастады.
Ия ________жоқ_________
4.Егер “ия” деп жауап берсеңіз, балаңыз оқыған кітаптарды атаңыз.
5.Балам құмарлана кітап оқиды.
Ия_________жоқ_________
6.Балаңыздың соңғы 6 айда оқыған кітаптарын атауыңызды өтінеміз.
7.Сіз балаңызды қай жағынан талантты немесе ерекше қабілетті деп ойлайсыз?
8.Сіздің балаңыздың аса қызығушылық танытатын заттарын және хоббиін атаңыз (коллекция жинау, модельдер жинақтау, шеберлік және т.б).
9.Балаңыз мектептен тыс уақытта қандай арнайы қосымша сабақтарға барады?
10.Сіздің балаңыздың мектепке қарым-қатынасы қандай?
11.Мектеп пен үйдегі жағдайлар балаңыздың мектепке баруына кедергі жасайды ма?
12.Бізге балаңызға арнап бағдарлама жоспарлауда көмегін тигізер қандай ерекшеліктерді атап кетер едіңіз?
13.Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?
14.Сіз өз балаңызды аса дарынды деп атар ма едіңіз?
Ия________жоқ_____
Егер сіздің жауабыңыз “ия” болса,белгілей кетіңіз:
а) бір нәрсені қиялмен орындайды, күрделі сөздер мен ым жасай түсіндіреді;
ә) қарапайым мағлұматтарды күтпеген кейіпте пайдаланады;
б) бір нәрсені орындағанда қарапайым тәсілдерді пайдаланбай, жаңа тәсілдерді таңдайды;
в) "ойлармен ойнағанды" ұнатып, орынсыз жаңа жағдаяттар туғызады.
15.Сіздің пікіріңізше, балаңыз дарынды балаларға арналған бағдарламаның қай саласын игере алады?
Баланың аты_______________
Жасы______________________
Сыныбы___________________
Мекен-жайы_____________телефон__________
“Дарындылық картасы” әдістемесі
(А.И.Савенков жасаған)
Жалпы сипаттама
Әдістеме ата-аналар мен мұғалімдерге арналған. Ол екі қызметті орындауға есептелген.
- диагностикалау, бала бойындағы түрлі қабілеттердің байқалу деңгейін, қай түрі басым екенін сандық сипатта бағалай аласыз. Алынған он бағаны сәйкестендіру арқылы балаңызға тән дарындылықтың даму портретін көре аласыз.
- дамытушылық, баланы бағалауға арналған тұжырымдарды оның келешек даму бағдарламасы деп қарастыруға болады.
Нұсқау
Сізге бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзіндік он саласын қамтитын жүйелендірілген 80 сұрақ ұсынылып отыр.Оларды зейін қойып зерделеп, келесі шкаланы пайдалана отырып, әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріңіз:
(+ +) - егер тұлғаның бағаланып отырған белгісі жақсы дамып, анық байқалып, жиі көрінетін болса;
(+) - белгі анық көрінгенімен, тұрақты байқалмаса;
(0) - бағаланып отырған және оған қарама-қарсы белгі, анық көрінбейді, сирек байқалады, мінез-құлық пен іс-әрекет барысында бір-бірін теңестіріп отырады;
(-) - бағаланып отырған белгіге қарама-қарсы белгі анық және жиі байқалады.
Бағаны жауап парағына қойыңыздар. Бірінші тұжырым бойынша бағаны жауап парағының бірінші ұяшығына, ал екіншіні екіншісіне және т.б қоясыз.Толтыру уақыты 10-15 минут.
Егер сіз бағалау үшін қажетті мағлұматты білмесеңіз, сәйкес ұяшықты бос қалдырыңыз. Баланың осы тұсын бақылауға алуға тырысыңыз. Ал әзірге ата-ана мектебінде осы көрсеткіш үшін "2" алдым деп есептей беріңіз.
Осы әдістеме бойынша баланы жақсы білетін басқа да үлкендерден, мысалы әжесі мен атасынан өз бағаларын беруін сұраңыз. Содан кейін орташа көрсеткіштерді оңай есептеуге болады, ол өз кезегінде нәтижелердің шынайы болуын қамтамасыз етеді.
Жауап парағы
- Логикалық тұжырым жасауға, абстрактілі түсініктерді пайдалануға қабілетті.
- Қалыптан тыс ойланып, көп жағдайда тосын, қайталанбас шешімдерді ұсынады.
- Жаңа білімдерді оңай игереді.
- Салған суретінде ұқсастық жоқ. Сюжет таңдауда ерекшелік танытады. Әдетте көптеген зат, адам және түрлі жағдаяттарды бейнелейді.
- Музыкалық сабақтарға үлкен қызуғышылық танытады.
- Әңгімелер мен өлеңдерді құрастырып, жазуды ұнатады.
- Түрлі кейіпке: адам, жануар және т.б. оңай енеді.
- Механизмдер мен машиналарға қызығады.
- Құрбылармен қарым- қатынас жасауда бастама танытады.
- Қуатты, көп қозғалысты қажет ететін бала деген әсер қалдырады.
- Жіктеп, даралауға үлкен қызығушылық пен асқан қабілет танытады.
- Жаңа талпыныстардан қорықпайды, әрдайым жаңа ойды сынақтан өткізуге ұмтылады.
- Естігенін және оқығанын қайталаMay-ақ жылдам есте сақтайды, есте сақтауға тиіс нәрсеге көп уақыт жұмсаMayды.
- Жақсы фильм көргенде, музыка тыңдағанда, таңғажайып мүсін, әдемі зат көргенде ойлы және ақылды кейіп танытады.
- Музыка ырғағы мен сипатына сезімталдықпен көңіл бөледі.
- Сюжет құрудан, дау-даMayды шешуге дейінгі көлемде әңгімені оңай құрастыра алады.
- Әртістік ойынға қызығушылық танытады .
- Бұзылған құралдарды оңай жөндеп, жаңа ойыншық, құрал жасау үшін ескі детальдарды пайдалана алады.
- Бейтаныс адамдардың арасында өзіне сенімділігін жоғалтпайды.
- Спорт ойындары мен жарыстарына қатынасқанды ұнатады.
- Өз ойын оңай жеткізеді, сөздік қоры мол.
- Түрлі заттарды таңдау мен пайдалануды шығармашыл (мысалы, ойыншық ретінде houseтұрмысындағы заттарды пайдалана алады).
- Өз қатарларынан жаңалықтар мен оқиғалар туралы ерте хабардар болады.
- Гүл, сурет, тас, марка және т.б. ерекше композиция жасауға бейім.
- Әнді жақсы орындайды.
- Әңгіме айтқанда сюжетті жақсы ұстанып, негізгі ойынан адаспайды.
- Басқа адамның кейпіне енгенде, дауыс ырғағын икемдеп, өзгертеді.
- Механизмнің бұзылу себебін анықтауды, сынықты жөндеу жолдарын іздеуді ұнатады.
- Балалармен және үлкендермен тез тіл табысады.
- Құрбылар арасындағы түрлі спорт ойындарында жиі жеңіске жетеді.
- Екі оқиға мен себеп-салдар арасындағы байланысты оңай табады.
- Өзі қызыққан нәрсеге бар болмысымен бойлауға бейім.
- Өз қатарларын оқудан бір немесе екі жыл алға басып озады, яғни қазіргі оқып жатқан сыныбынан да жоғары сыныпта оқуға лайық.
- Ойыншық, коллаж, сурет, ойын алаңында балалар үйшіктерінің құрылысында жаңа материалды пайдаланғанды ұнатады.
- Музыка аспабында ойнауға, билеу мен ән салуда бар күші мен сезімін салады.
- Оқиға туралы әңгімелегенде тек қажетті детальдарды, басты сипаттарын ғана ұстанып, қажетсізін қалдырып кетеді.
- Драмалық сипаттағы дау-даMayды түсіну мен салуда өз қабілетін танытады.
- Механизмдер сызбалары мен нобайын жасауды ұнатады.
- Басқа адамдардың іс-әрекетінің себеп-салдарын түсінеді. Аяқталмаған ойды тез түсінеді.
- Бала бақша мен сыныпта бәрінен жылдам жүгіреді.
- Ақыл-ойды көп қажет ететін күрделі мәселелерді шешуді ұнатады.
- Бір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыра алады.
- Танымы жан-жақты, айқын.
- Бос уақытында ата-анасының нұсқауынсыз көркемдік қажеттілікке ие (үйді, киімді әсемдеу және т.б) суреттерді, мүсіндерді, композицияларды қуана-қуана салады әрі жасайды.
- Музыкалық жазбаларды ұнатады. Концерт немесе музыка тыңдауға болатын жерге барғанды ұнатады.
- Кейіпкерлердің эмоциялық жағдайын, сезімдері мен тебіреністерін жеткізе алатын сөздерді әңгімелеу барысында біледі.
- Сезімдерін ыммен, қозғалыспен жеткізуге бейім.
- Жаңадан жасалған машина, механизм, құралдар туралы журналдар мен мақалаларды оқығанды (біреу оқыса, тыңдағанды) ұнатады.
- Басқа балалардың ойыны мен жұмыстарына жиі басшылық жасайды.
- Жеңіл қозғалады. Қозғалыс үйлесімділігі жақсы.
- Байқампаз, құбылыстар мен оқиғаларды талдағанды ұнатады.
- Өз ойын ұсынып қойMay, басқалардікін де, өзінікін де өңдей алады.
- Өз құрбыларынан бір немесе екі жыл бұрын кітаптар, мақалалар, ғылыми басылымдарды оқиды.
- Өз сезімі мен көңіл күйін білдіру үшін сурет салып, мүсін жасауға көп бой ұрады.
- Қандай да бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.
- Оқиғаны түсінуде маңызды детальдарды әңгімелеу барысында жеткізе алады (өз құрбылары жеткізе алMayды), сондай-ақ әңгімелеп отырған оқиға желісінен адаспайды.
- Басқа адамдардың эмоциялық қобалжуын бір нәрсені асыра әңгімелегенде оятуға тырысады.
- Ғылыми оқиғалар, жаңалықтар туралы әңгімелегенді ұнатады және көп ой толғатады.
- Өз жасына лайық жауапкершілікті мойнына алуға бейім.
- Жорыққа шыққанды, ашық спорт алаңдарында ойнағанды ұнатады.
- Символдар, әріптер мен сөздерді есінде ұзақ сақтай алады.
- Өмірлік мәселелерді шешуде дәстүрден тыс жаңа шешімдерді сынап көруге қабілетті.
- Қорытынды мен жинақтаулар жасай алады.
- Ән айту мен музыкада өз сезімі мен көңіл- күйін білдіруге ұмтылады.
- Көпшілікке белгілі нәрсе туралы әңгімелегенде жаңа, ерекше өзгертулер қосып айтуға, қиялдауға бейім.
- Көлемді бейнелеу жасауда саз, ермексаз, қағазбен және желіммен жұмыс істегенді ұнатады.
- Оңай әсірелеп, эмоциялық қобалжулары мен сезімдерін оңай жеткізеді.
- Өз “жобаларын ” нобайлауға және жүзеге асыруға көп уақыт бөледі( ұшу аппараттары, автомашина, кеме модельдері).
- Басқа балалар онымен ойын ойнағанда және тапсырмалар орындағанда әріптес болғанын қалайды.
- Бос уақытын қозғалыс ойындарына (хоккей, баскетбол, футбол және т.б.) жұмсағанды ұнатады.
- Қызығушылық аясы кең, заттың шығу тегі мен қызметі туралы сұрақтарды көп қояды.
- Немен айналысса да, өнімшіл (сурет салу, оқиға құрастыру, нобайлау және т.б.), түрлі ойлар мен шешімдер ұсынуға қабілетті.
- Бос уақытында көркем әдебиеттерді оқыMay (ертегі, детектив және т.б.), ғылыми –танымал басылымдарды (балалар энциклопедиясы мен анықтамалар) оқығанды ұнатады.
- Өнер шығармаларына өз бағасын бере алады, сурет, ойыншық, мүсіндерінде өзіне ұнаған нәрсені бейнелеуге тырысады.
- Өзіндік, ерекше әуендер ойлап табады.
- Өз әңгімелерінде кейіпкерлерін тірілте отырып, олардың мінезін, сезімдері мен көңіл-күйлерін жеткізе алады.
- Ойын әсірелеуді ұнатады.
- Компьютерді оңай әрі тез игереді.
- Нандыру қасиетіне ие, өз ойына басқаларды сендіре алу қабілеті бар.
- Құрдастарына қарағанда дене бітімі жағынан төзімді.
Нәтижелерді өңдеу
Тігінен қосу және алу таңбаларын санап шығыңыз (олар өзара қысқарады). Санақ нәтижесін бағана соңына жазыңыз. Алынған ұпай жиынтығы сіздің бала бойындағы мынадай дарындардың даму деңгейіне берген бағаңызды сипаттайды:
- Танымдық
- Шығармашылық
- Академиялық (ғылыми)
- Көркем-бейнелеу
- Музыкалық
- Әдеби
- Әртістік
- Психологиялық
- Көшбасшылық (лидерлік)
- Спорттық
Жауап парағы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 |
41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 |
51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 |
61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 |
71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 |
Жалпы дарындылықты бағалау әдістемесі
(Жалпы сипаттама)
Әдістемені автор ата-аналарға арнап дайындаған (мұғалімдер де пайдаланса болады). Оның міндеті - баланың жалпы дарындылығын ата-анасына бағалату. Әдістеме мамандарға арналған әдістеме жинақтарына қосымша ретінде қарастырылуы керек (психолог және педагогтар).
Нұсқау.
Сізге дарынды балалар бойындағы тоғыз сипаттың қалыптасу деңгейін бағалау ұсынылып отыр. Оларды тиянақты қарап шығып, төмендегі шкалана пайдалана отырып, әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріп шығыңыз:
5- тұлғаның бағаланып отырған сипаты жақсы, анық байқалады да, түрлі іс-әрекет барысы мен мінез-құлқынан жиі көрініс табады:
4- Қарастырылып отырған сипат айтарлықтай анық байқалған, бірақ тұрақты көріне бермейді, дегенмен оған қарама-қарсы қасиет те жиі байқала бермейді:
3- Тұлғаның бағаланып отырған сипаты мен оған қарама-қарсы қасиет анық емес, сирек байқалады да, бір-бірімен бірдей теңдікте көрініс табады:
2- Бағаланып отырған сипатқа қарама-қарсы қасиет неғұрлым нақты әрі жиі байқалады:
1- Бағаланып жатқан сипатқа қарам-қарсы қасиет нақты әрі жиі байқалады да, мінез-құлық пен барлық іс-әрекет барысында да көрініп отырады:
0- Бұл қасиетті бағалау үшін еш мәлімет жоқ.
Білімпаздық (танымдық қажеттілік).
Ой өрістік ынталану мен жаңалыққа құмарлық әдетте танымпаздық деп аталады. Бала дарынды болған сайын, оның жаңа, белгісіз нәрсені танып-білуге деген ұмтылысы да арта түседі. Жаңа ақпаратты, жаңа білімді игеру көп сұрақтар қою және тынымсыз зерттеушілік белсенділіктен көрініс табады (ойыншықтарды шашып-жинау, зат, өсімдік, адам іс-әрекеті, жануарлар және т.б. құрылымын зерттеу).
Туындаған мәселелерге аса сезімталдық.
“Танып білу әдетте қарапайым, күнделікті нәрселерге таңданыстан басталады” (Платон) Өзгелерге қарапайым, күнделікті болып көрінген нәрседен мәселе туындату - шығармашыл адамға тән маңызды сипаттама болып табылады. Оларға мәселені табу, сұрақ қою сияқты қабілеттер де тән. Болжау жасауға қабілеттілік-мәселенің шешілуіне алдын ала көрегендік жасау, іс әрекетті жүзеге асырмас бұрын мүмкін болатын салдарын алдын ала болжау. Оқу мәселелерін шешуде ғана емес, сондай-ақ нақты өмірдің түрлі көріністерінде байқалады. (яғни уақытқа байланысты салдарға болжау жасау, салыстырмалы, қарапайым жағдаяттардан бастап, әлеуметтік құбылыстарды дамытудың мүмкін болатын болжауларына дейін).
Сөздік қоры.
Мол сөздік қоры – баланың ақыл-ой қабілеттерін дамытудың нәтижесі мен белгілері. Сөйлеуде падаланған сөз санымен ғана емес, сондай-ақ дарынды балаларға тән күрделі синтаксистік құрылымдарды жасай алу, өздері енгізген жаңа сөздерді қолдану немесе ойындағы жағдаяттарды сипаттайтын жаңа сөздер ойлап табу.
Бағалау қабілеттілігі.
Ең алдымен, сын тұрғысынан ойлау. Тек өзінің ғана емес, сондай-ақ өзге адамдардың ойы мен іс-әрекетін түсіну мүмкіндігі . Проблемалық мәселелерді, адамдар қылығы, құбылыстар мен жағдаяттардың шешілуін шынайы сипаттай алу қабілетімен сипатталады.
Өнертапқыштық.
Түрлі іс-әрекет пен мәселелерді шешуде тосын, жаңа жолдарды таба алу қабілеттілігі. Бала мінез-құлқында, ойындар мен түрлі іс-әрекет барысында көрінеді.
Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеті.
Құбылыстар мен жағдаяттарды, процестерді жіктей алу, талдау және синтездеу қабілеті, өз ойын анық жеткізе алуы. Түсінік қалыптастыру мен өз ойын жеткізе алу қабілетімен сипатталады.
Табандылық (мақсаттылық).
Алға қойған мақсатқа талMay ұмтылу, кедергілерге қараMay іс-әрекет барысында өз мүмкіндіктерін жинақтай алу қабілеті. Баланың барлық іс-әрекеті мен мінез-құлқынан байқалады. Өз қызметінің нәтижесінде талап қоюшылық.
Перфекционизм.
Өз іс-әрекетінің түпкі өніміне, жоғары талаптарға жеткізуге ұмтылыс. Бала өзі істеп жатқан жұмысын жоғары деңгейде орындаMayынша тыным таппайтындығымен сипатталады.
Нәтижелерді өңдеу
(Бағаларды кестеге енгізіңіз. Әрине бағалар баланы жақсы білетін басқа үлкен кісілер бағасымен салыстырылып, қорытылып қойылғаны дұрыс.)
№ | Сапасы | Бағасы |
1 | Білімпаздық | |
2 | Туындаған мәселелерге аса сезімталдылық | |
3 | Болжау жасай алу қабілеті | |
4 | Сөздік қоры | |
5 | Бағалау қабілеттілігі | |
6 | өнертапқыштық | |
7 | Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеттілігі | |
8 | Табандылық | |
9 | Перфекционизм |
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы.
1 бөлім. Жаттығу
1. Қалампыр сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құру қажет (уақыты 3-минут). Сөз құрауда бір әріпті екі рет қайталауға болMayды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оған оқушы өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы-9 және одан көп сөз. Орташа деңгей-7,8 сөз. Төменгі деңгей-6 және одан аз сөз.
2. Балаларға төменгі әріптерден басталған бес сөзі бар, мүмкіндігінше көп сөйлем құру тапсырылады.
Қ-Б-С-А-Т
Сөйлемдерді құрылымдау икемділігін бағалау үшін дұрыс құрылған сөйлемдердің саны есептеледі. Сөйлемнің мазмұны болуы тиіс, сөйлемдегі сөздер байланыстырушы жалғаулар мен сөйлем мүшелері бойынша дұрыс жазылуы тиіс. Басқа сөздер қосуға болMayды. Толтыру уақыты - 5 минут.
Тапсырма нәтижелерін бағалау экраны
Балалар жасы | Деңгейлер | ||
Жоғары | Орта | Төмен | |
11 жас 12жас 13 жас | 4 және одан көп, 5 және көп, 6 және көп | 3 4 5 | 0-20-30-4 |
3. Мына үш жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек (ауызша)
- Қарға,қарға,қарғалар. Қар үстінде жорғалар.
- Көк базарда бәрі бар. Барып бәрің бәрін ал.
- Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы шаңғы алды.
Жылдам, анық-2 ұпай. Қателерімен-1 ұпай.
2. Бөлім
Сіз төменгі жағдаяттарда ұсынылған жауаптардың қайсысын таңдар едіңіз? (жауап символы карточкаға толтырылады).
- Егер мен балалар қалашығын салсам, онда:
А) еш жерде жоқ қаланы салар едім-2
Ә) қаланы ұсынылған типтік жоба бойынша салар едім-0
Б) қаланы кино, журнал, кітаптан көргенімдей етіп салар едім-1
- Егер мен достарымды туған күн кешіне шақырсам, онда:
А) сценарий жазып, сыйлықтар дайындаймын-2
Ә) оларға уақытын айтып, ата-анама үмітімді артамын-0
Б) қонақтарға тағам дайындауға көмек тесемін-1
- Сабақ үстінде мұғалім қойған сұраққа мен мынадай жауап таңдаймын.
А) қарапайым-0
Ә) күрделі-1
Б) мүлдем жаңа-2
- Мен бір нәрсеге қатты таңырқасам, онда:
А) өлең жазамын-2
Ә) таңырқаған нысанымды қызықтап отырамын-1
Б) қанағаттушылық сезімде боламын-0
- Сүйікті пәнім бойынша зерттеу жұмысын жүргізетін болсам, онда:
А) қосымша әдебиеттерді көп оқимын – 2
Б) оңай материалдар таңдауға тырысамын – 1
В) мұғалімнің көмегіне сүйенемін – 0
- Мен үшін қарым-қатынас жасауда ең бастысы:
А) ерекше мағлұматтар алу – 2
Б) қиыншылықтарым туралы достарыммен бөлісу – 1
В) жай уақыт өткізу – 0
- Мен ғалым болсам, :
А) жиі шетелге барар едім – 0
Б) көптеген тиімді кітаптар жазар едім – 1
В) адамзатқа пайдалы жаңалықтар ашар едім – 2
- Орман ішінде алдыңыздан кездескен үш сүрлеудің қайсысын таңдар едіңіз:
А) сізге ыңғайлысын – 0
Б) таныстарыңыз айтып бергенін – 1
В) белгісізін – 2
- Мен мектепте былай болса деп ойлаймын:
А) әркім өз мүмкіндігіне қарай оқыса – 1
Б) бәрі ынтымақты болса – 0
В) көп жаңалық білсем – 2
3 бөлім
Ұлылардың пікірімен келісесіз бе?
Жауаптар: А) толық келісемін – 0
Б) келіспеймін – 2
В) пікірді бағалауға дайын емеспін – 1
1. «Идеяны идея ғана бүлдіреді» (О.Балзак)
2. «Адамның ақыл-ойы жұдырығынан күштірек» (Ф.Рабле)
3. «Қабілеттер де бұлшық ет сияқты шыңдалуда өседі» (И.Тимирязев)
4. «Ақымақтар мен өлген адамдар ғана өз пікірін өзгертпейді» (Д.Оруэлл)
5. «Етікші бәліш пісіріп, наубай етік тіге бастаса, жақсылық болMayды» (И.Крылов)
6. «Қорыққан адамына жағымпазданады» (А.Чехов)
7. «Ахихат толық ашылMayтын жағдайда сөзбен батыл болу оңай» (Р.Тагор)
8. «Әркімнің болмасын, өз сенімін жүзеге асыруда жеткілікті күші болады» (В.Гете)
9. «Адамдардың алдында ұялу – жақсы сезім, алайда өзіңнен ұялу ең жақсысы» (Л.Толстой)
10. «Көп адамдарға бақыт сыйлайтын адамдар - ең бақытты жандар» (Д.Дидро)
11. «Ойдың әлсіздігі ойдың күшіне сенімсіздіктен туындайды» (В.Белинский)
4 бөлім (қорытынды)
иә - 2; айтуға қиналамын – 1; жоқ – 0.
- жаңалықты сезіну мен үшін жағымды.
- шындығында болMayтын нәрселерді мен елестете аламын.
- қиын жағдаятқа тез бейімделемін.
- шығармашылық шабытты жиі сезінемін.
- бірнәрсеге деген құмарлығымды дәлелдеп бере аламын.
- маған ерекше идеялар жиі келеді.
- күрделі тапсырмалардың негізгісі мен тұрлаусызын ажырата аламын.
- айналамдағылардың менің еңбегімді бағалағанын есту – мен үшін қуаныш.
- өз сәтсіздіктерімнің себептерін анықтауды үйрендім.
- мектептегі оқу материалы менің танымдық қажеттілігімді көп жағдайда қанағаттандырMayды.
- мен өз мүмкіндіктерім мен қабілеттеріме сенемін.
Диагностиканың нәтижесі былай анықталады:
А. Тапсырмалардың 3/2 2 баллға орындалса – шығармашылықтың жоғарғы деңгейі;
Б. Тапсырмалардың 0,5 –і 2 баллға орындалса – шығармашылықтың орташа деңгейі;
В. 0,5-тен аз болса – шығармашылықтың төмен деңгейі.
Ақыл-ой дамуының мектептік тесті (ШТУР)
№1 тапсырмалар жинағының түсініктемесі мен мысалдары
Сұраулы сөйлем тұрғысында тапсырмалар беріледі. Сөйлем құрамында бір сөз жетпейді. Сіз төменде берілген 5 сөзден қажеттісін алып, сөйлемді толықтырасыз. Тек біреуін ғана таңдау керек.
Мысалы:
Мағынасы жағынан «биография» мен .... сөздері бірдей?
а) жағдай, ә) ерлік, б) өмірбаян, в) кітап, г) жазушы
Дұрыс жауабы өмірбаян сөзі, сондықтан «б» әрпін белгілеу керек.
«Жағымсыз» сөзіне қарама-қайшы сөз ...?
А) сәтсіз, ә) даулы, б) маңызды, в) кездейсоқ, г) жағымды.
Дұрыс жауабы жағымды сөзі, сондықтан «г» әрпін белгілеу керек.
№1А тапсырмалар жинағы
- Адам есімі мен әке аттарының алғашқы әріптері ....... аталады.
А. Вензель, Ә. инициалдар, Б. Қолтаңба, В. Индекс, Г. Анаграмма
- Гуманистік – ол .......
А. Қоғамдық Ә. Адамдық Б. Кәсіптік В. Ашушаңдық Г. Менсінбеушілік
3. Табиғат пен қоғамға көзқарастың жүйесі деп - ........
А. Арман Ә. Баға Б. Дүниетану В. Ой өрісі Г. Иллюзия
4. Демократия мен ......... сөздері мағынасы жағынан бірдей.
А. Анархия Ә. Абсолютизм (шексіз билік) Б. Халық өкіметі В. әулет Г. Тап
5. Малдың ең жақсы тұқымын, өсімдіктердің ең жақсы сорттарын шығаратын ғылым ........
А. Бионика Ә. Химия Б. Селекция В. өсімдіктану Г. Физиология
6. Кітаптың, дәрістің, баяндаманың мазмұнын білдіретін қысқа жазба - .......
А. Абзац Ә. Цитат Б. Тарау В. Үзінді Г. Конспект
7. Көп оқығандық, терең білу – ол .....
А. Интеллектілік Ә. Іс-тәжірибелік Б. Эрудиция В. Талант Г. Дарын
8. Қоршаған ортаға, айналадағы тіршілікке қызығудың жоқтығы – ол .....
А. Рационалдық Ә.енжарлық Б. Сақтық В.қарама-қайшылық Г.мейірімсіздік
9. Адам өмірі мен іс-әрекетін бағалаушы заңдар жинағы – ол ......
А. Қарар Ә.қаулы,Б. Салт-дәстүр,В. Кодекс,Г.жоба
10. «Екіжүзді» ұғымына қарама-қайшы келетін – ол ......
А. Адал Ә.қарама-қайшы Б.жалған В. әдепті Г. Батыл
11. Пікірталас адамдардың өзара келісімімен аяқталса, онда ол ...... туралы?
А. Компромисс (ымыра) Ә.қарым-қатынас Б.бірлестік В.келіссөз Г.қарама-қайшылық
12. Этика – ол ....... туралы ілім.
А. Психика Ә.мораль Б. Табиғат В.қоғам Г. өнер
13. «ұқсас» деген ұғымға қарама-қарсы сөз – ол .......
А. Тепе-тең Ә.жалғыз Б.өтімді В.әр түрлі Г. оқшауланған
14. Бодандықтан азаттану, құқықтың теңелуі – бұл ......
А. Теңқұқықтық Ә. Демократия Б. Тәуелсіздік В. Көтеріліс Г.анархия
15. Оппозиция – бұл.......
А.қарсы әрекет Ә.келісім Б. Пікір В.саясат Г. шешім
16. Цивилизация – бұл ....
А. Формация Ә.ескілік Б.өндірістік В.мәдениет Г.қарым-қатынас
17. «Алдыңғы қатарлылық» сөзіне мағынасы сәйкес .....
А. Ойлап табу Ә.идея Б.таңдау В.біріншілік Г.басқару
18. Коалиция – ол .....
А. Бәсекелестік Ә.саясат Б.жауласу В.үзілу Г.бірлестік
19. Альтруизм мен ....... сөздері мағынасы жағынан бірдей.
А. Адамды сүю Ә.өзара қатынас Б. әдептілік В. Эгоизм Г.адамгершілік
20. Өркениетке шүбалана қарайтын адам .......
А.демократ Ә.радикал Б. Консерватор В.либерал Г. анархист
№2 тапсырмалар жинағының түсініктемесі мен мысалдары
Іс-қағаздың сол шетіндегі сөзге берілетін төрт сөздің біреуінен мағынасы жағынан бірдей, синоним сөзді тауып, белгілеу керек. Бір ғана сөзді таңдауға болады.
Мысалы:
Ғасыр – а) тарих, ә) жүзжылдық, б) оқиға, в) прогресс,
Дұрыс жауабы – жүзжылдық, сондықтан «ә» әрпі белгіленеді.
№2А тапсырмалар жинағы
1. Прогресшіл – а)білікті, ә) алдыңғы, б) оңтайлы, в) артта қалған
2. Жою - а) қол қою, ә) алып тастау, б) хабар, в) кейінге қалдыру
3. Идеал - а) қиял, ә) келешек, б) даналық, в) мұрат
4. Аргумент - а) дәлел, ә) келісушілік, б) талас, в) фраза
5. Миф - а) ескілік, ә) шығармашылық, б) аңыз, в) ғылым
6. Биморальді - а) тұрақты, ә) қиын, б) азғын, в) адамгершіліксіз
7. Талдау - а) фактілер, ә) ажырату, б) сын, в) білу
8. Эталон - а) көшірме, ә) форма, б) негіз, в) үлгі
9. Сфералық - а) сопақша, ә) шар тәрізді, б) бос, в) көлемді
10. Әлеуметтік - а) сүйкімді, ә) ерікті, б) жоспарланған, в) қоғамдық
11. Гравитация - а) тартылыс, ә) сергу, б) салмақсыздық, в) көтеру
12. Сентиментальді - а) ақынжанды, ә) сезімтал, б) қуанышты, в) қызық
13. Экспорт - а) сату, ә) тауар, б) шетке шығару, в) сауда
14. Нәтижелі - а) қажетті, ә) әрекетті, б) батыл, в) ерекше
15. Мораль - а) әдеп, ә) даму, б) қабілет, в) құқық
16. Модификациялау - а) жұмыс істеу, ә) байқау, б) оқып білу, в) түрді өзгерту
17. Радикалды - а) түбірлі, ә) жауапты, б) ақырғы, в) артта қалған
18. Негативті - а)жолы болMayтын, ә) жалған, б) жағымсыз, в) абайсыз
19. Субьективтік - а) қысқа, ә) қоғамдық, б) дербес, в)тұйық
20. Аграрлы - а) жергілікті, ә) шаруашылыққа пысық, б) жердікі, в) шаруашыл
№3 тапсырмалар жинағының түсіндірмелері мен мысалдары
Сізге үш сөз беріледі. Бірінші сөз бен екінші сөздің арасында белгілі байланыс бар. Үшінші сөз бен бес сөздің ішіндегі таңдауға берілген біреуінің арасындағы сондай ұқсастығы, байланысы бар сөзді тауып белгілеу керек.
Мысалы:
Өлең: композитор – ұшақ: ?
а) аэропорт, ә) ұшу, б) конструктор, в) жанар May, г) жойғыш ұшақ
Дұрыс жауабы: конструктор сөзі, сондықтан «б» әрпін белгілейміз.
Жақсылық: жамандық – күн: ?
а)күн, ә) түн, б)апта, в) сәрсенбі, г) тәулік
№3А тапсырмалар жинағы
1. етістік: жіктеу – зат есім:
а) өзгерту, ә) оқу-ағарту, б) қолдану, в) септеу, г)жазу
2. суық: ыстық – қозғалыс:
а) инерция,ә)тыныштық, б) молекула, в)өзара әрекет, г) жылдам
3. Колумб: саяхатшы – жер сілкіну:
а) алғаш ашқан, ә) таулардың пайда болуы, б) вулкандардың атылуы, в) құрбандық, г) табиғат құбылысы
4. қосылғыш: қосынды сан – көбейткіш:
а) айырымы, ә) бөлгіш, б) шығарма, в) көбейту, г) сан
5. құл иеленуші: буржуй – құл:
а) қоғам құрылысы, ә) буржуазия, б) құл иеленушілер, в) жалдамалы жұмыскерлер, г) тұтқын
6. Папортник: спора – қарағай:
а) бүршік, ә) ине, б) өсімдік, в) ұрық, г)шырша
7. тақпақ: поэзия - әңгіме:
а) кітап, ә) жазушы, б) повесть, в) сөйлем; г) проза
8. тау: биіктік – климат:
а)рельеф, ә) температура, б) табиғат, в) географиялық ендік, г) өсімдіктану
9. өсімдік: өсімдік сабағы – жасуша:
а) ядро, ә)хромасома, б) белок, в) фермент, г)бөліну
10. байлық: кедейлік – крепостнойлық тәуелділік:
а) крепостной шаруа, ә) жеке еркіндік, б) теңсіздік, в) жеке меншік, г)феодалдық құрылыс
11. старт: финиш – пролог:
а) басы, ә)кіріспе, б) шарықтау шегі, в) әрекет, г) эпилог
12. найзағай: жарық – тартылыс құбылыс:
а) тас,ә) қозғалыс, б) тартылыс күші, в) салмақ, г)жер
13. алғашқы қауымдық құрылыс: құл иеленушіліктің қоғамдық құрылысы – құл иеленушіліктің қоғамдық құрылысы:
а) социализм, ә) капитализм, б) құл иеленушілер, в) мемлекет, г) феодализм
14. роман: тарау – тақпақ:
а) поэма, ә) ұйқас, б) шумақ, в) ырғақ, г) жанр
15. жылу: тіршіліктің іс-әрекеті – оттегі:
а) газ, ә) су, б) өсімдік, в) даму, г) тыныс алу
16. фигура: үшбұрыш – заттың күйі:
а) сұйықтық, ә) қозғалыс, б) температура, в) су, г) молекула
18. атмосфералық қысымның төмендеуі: жауын-шашын – антициклон:
а) ашық ауа райы, ә) дауыл, б) климат, в) дымқылдық, г) метео қызмет
19. тік бұрыш: жазықтық – куб:
а) кеңістік, ә) қыр, б) биіктік, в) үшбұрыш, г) қабырға
20. Соғыс: өлім – жекеменшік:
а) феодалдар, ә) капитализм, б) теңсіздік, в) құлдар, г) басы байлы шаруа
21. алым: сан – етістік:
а)жүру, ә) әрекет, б) есімше, в) сөз табы, г)жіктеу
22. солтүстік: оңтүстік – жауын-шашын:
а) қуаң дала, ә) полюс, б) жаңбыр, в) құрғақшылық, г) климат
23. Диаметр: радиус – шеңбер:
а) доға, ә) сегмент, б) кесінді, в) сызық, г) шеңбер алаңы
24. эпителий: ткань – қолқа:
а) жүрек, ә) ішкі мүше, б) күре тамыр, в) тамыр, г) қан
25. балға: қағу – генератор:
а) жалғастыру, ә) жасап шығару, б) қосу, в) өзгерту, г) қыздыру
№ 4 тапсырмалар жинағының түсініктемесі мен мысалдары
Сізге бес сөз берілген. Олардың төртеуі жалпы бір ерекше қасиетпен бірлескен. Бес сөздің ішіндегі біреуінің мағынасы бөлек. Сол артық сөзді табу керек. Мысалы:
а) тарелка, ә) кесе, б) стол, в) қазан, г) шәугім
Бірінші, екінші, төртінші және бесінші сөздер ыдыс-аяқты білдіреді. Ал үшінші сөз – жихаз, сондықтан «б» әрпін белгілейміз.
а) жүру, ә) секіру, б) билеу, в) отыру, г) жүгіру
Төрт сөз қозғалыс жағдайын, ал отыру сөзі тыныштықты білдіреді.
№4А тапсырмалар жинағы
1. а) қосымша, ә) көсемше сөз, б) жұрнақ, в) жалғау, г) түбір
2. а) түзу, ә) ромб, б) тік төртбұрыш, в) шаршы, г) үшбұрыш
3. а)барометр, ә) желбаққыш, б) термометр, в) компас, г) азимут
4. а) құлиеленуші, ә) құл, б) шаруа, в) жұмысшы, г) қолөнерші
5. а) мақал, ә) өлең шумағы, б) поэма, в) әңгіме, г) повесть
6. а) цитоплазма, ә) қоректену, б) өсу, в) тітіркендіргіштік, г) көбею
7. а) жаңбыр, ә) қар, б) жауын-шашын, в) қырау, г) бұршақ
8. а) үшбұрыш, ә) кесінді, б) ұзындық, в) шаршы, г) дөңгелек
9. а) әсем көрініс, ә) өрнек, б) икона, в) фреска, г) бояу жаққыш
10. а) очерк, ә) роман, б) әңгіме, в) сюжет, г) повесть
11. а) параллель, ә) карта, б) меридиан, в) экватор, г) полюс
12. а) әдебиет, ә)ғылым, б) кескіндеме суреттер, в) сәулетшілік, г) көркем өнер
13. а) ұзындық, ә) метр, б) масса, в) көлем, г) жылдамдық
14. а) көмірқышқыл газы, ә) жарық, б) су, в) крахмал, г) хлорофил
15. а) пролог, ә) шарықтау шегі, б) хабар, в) түйін, г) эпилог
16. а) жылдамдық, ә) тербелу, б) күш, в) салмақ, г) тығыздық
17. а) Куба, ә) Жапон, б) Вьетнам, в) Ұлыбритания, г) Исландия
18. а) тауар, ә) қала, б) жәрмеңке, в) табиғи шаруашылық, г) ақша
19. а) суреттеп жазу, ә) салыстыру, б) мінездеме, в) ертегі, г) астарлы сөз
20. а) қолқа, ә) күретамыр, б) жүрек, в)күре жол, г) капилляр
№5 тапсырмалар жинағының түсініктемесі мен мысалдары
Сізге екі сөз беріледі. Олардың арасындағы ортақ түсінікті табу керек. Екі түсінікке байланысты жалпы қасиетті әр жағдайда іздеу қажет. Жауабыңызды берілген қос сөздің қасына жазыңыз.
Мысалы:
Шырша-қарағай
Дұрыс жауабы: қылқан жапырақтылар.
№ 5А тапсырмалар жинағы
- азия-африка
- өсімдіктану-жануартану
- феодализм-капитализм
- ертегі-жырау
- газ-сұйықтық
- жүрек-күре жол
- копенгаген-манагуа
- атом-молекула
- Mayлар-белоктар
- ғылым-өнер
- байсалды-ержүрек
- ампер-вольт
- канал-бөгет
- өрнек-икона
- бұлттылық-жауын-шашын
- қосынды-көбейтінді
- астарлы-суреттеп жазу
- классицизм-реализм
- цунами-дауыл
№ 6 тапсырмалар жинағының түсініктемесі мен мысалдары
Сізге белгілі ережемен сан қатары берілген. Сіздің мақсатыңыз – берілген қатардағы келесі орналасатын санды тауып анықтау.
Әр қатар өз ережесімен құрылған. Кей тапсырмаларды дұрыс табу үшін сіз көбейту, бөлу, т.б. амалдарды қолдануыңыз керек.
Мысалы: 2 4 6 8 ....
Осы қатардағы келесі сан 2-ге үлкен болуы керек, сондықтан келесі сан 10 болады.
7 10 8 11 9 12 ....
Осы қатардағы кезектесіп 2-ні алып, 3-ті қосу керек. Келесі сан 10 болуы керек.
№ 6А тапсырмалар жинағы
№ | |||||||
1 | 6 | 9 | 12 | 15 | 18 | 21 | ..... |
2 | 9 | 1 | 7 | 1 | 5 | 1 | ..... |
3 | 2 | 3 | 5 | 6 | 8 | 9 | ..... |
4 | 10 | 12 | 9 | 11 | 8 | 10 | ..... |
5 | 1 | 3 | 6 | 8 | 16 | 18 | ..... |
6 | 3 | 4 | 6 | 9 | 13 | 18 | ..... |
7 | 15 | 13 | 16 | 1 | 17 | 11 | ..... |
8 | 1 | 2 | 4 | 8 | 16 | 32 | ..... |
9 | 1 | 2 | 5 | 10 | 17 | 26 | ..... |
10 | 1 | 4 | 9 | 16 | 25 | 36 | ..... |
11 | 1 | 2 | 6 | 1 | 31 | 56 | ..... |
12 | 31 | 12 | 18 | 13 | 9 | 6 | ..... |
13 | 174 | 171 | 57 | 54 | 18 | 15 | ..... |
14 | 54 | 19 | 18 | 14 | 6 | 9 | ..... |
15 | 301 | 294 | 49 | 44 | 11 | 8 | ..... |
Жауап беру іс-қағазы
Аты-жөні --------------
Күні---------------------
Мектебі ----------------
Сыныбы ---------------
1 –СУБТЕСТ | 2-СУБТЕСТ | 3-СУБТЕСТ | 4-СУБТЕСТ |
|
|
|
|
5-СУБТЕСТ | 6-СУБТЕСТ |
1. | 1 |
2. | 2 |
3. | 3 |
4. | 4 |
5 | 5 |
6 | 6 |
7 | 7 |
8 | 8 |
9 | 9 |
10 | 10 |
11 | 11 |
12 | 12 |
13 | 13 |
14 | 14 |
15 | 15 |
16 | |
17 | |
18 | |
19 |
СУБТЕСТІЛЕРДІ орындауға берілетін уақыт:
- субтест – 8 минут;
- субтест -4 минут;
- субтест -10 минут;
- субтест -7 минут;
- субтест -8 минут;
- субтест -7 минут;
ТЕСТІНІҢ дұрыс жауаптары
№ | 1- субтест | 2- субтест | 3- субтест | 4- субтест | 6- субтест |
1 | ә | ә | В | ә | 24 |
2 | ә | ә | А | А | 3 |
3 | Б | В | Г | Г | 11 |
4 | Б | А | Б | А | 7 |
5 | Б | Б | В | А | 36 |
6 | Г | В | В | А | 24 |
7 | Б | ә | Г | Б | 18 |
8 | ә | В | ә | Б | 64 |
9 | В | ә | А | Г | 37 |
10 | А | В | ә | В | 49 |
11 | А | А | Г | ә | 92 |
12 | ә | ә | Б | ә | 4 |
13 | В | Б | Г | ә | 5 |
14 | Г | ә | Б | В | 2 |
15 | А | А | Г | Б | 4 |
16 | В | В | А | ә | |
17 | В | А | В | Б | |
18 | Г | Б | А | В | |
19 | А | Б | А | В | |
20 | Б | Б | Б | Б | |
21 | ә | ||||
22 | В | ||||
23 | А | ||||
24 | Б | ||||
25 | ә |
Дарындылықты дамыту тәсілдері
Дарындылықты дамыту үшін, оларды белгілі бір әрекет түріне – қабілеттілікке айналдыру тәсілдері
(А.И.Доровской бойынша)
- Қызықтырушы сұрақтар қою.
- Ерекше шешімдерді , іздестіру белсенділігін ынталандыру.
- Базистік және вариативтік материалдарды біріктіре отырып, проблемалық тапсырмалар жүйесін құру.
- Интеллектісін дамыту және шығармашылық қызметке деген құлшыныстарын мүдделендіру.
- Оқу бағдарламаларын күрделендіру, мазмұнды байыту.
- Арнайы сыныптарда оқыту.
- Негізгі тақырыптар мен проблемаларды зерттеу үшін таңдау жасату.
- Білімнің әр түрлі саласына қатысты тақырыптар мен проблемаларды интеграциялау.
- Өнімді, тиімді, сыни ойлауын дамыту.
- Дамудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарламаға түзету енгізу.
- Пәндерді біріктіру.
- Қалжың және қияли жағдайлар туғызу тәсілін қолдану.
- Information берудің түрлі тәсілдерін біріктіру.
- Дербес және топтық жұмыстарды үйлестіру.
- Жеткілікті көлемде кешенді тапсырмалар қою.
- Кеңес беру мен көмектесудің барлық түрін пайдалану.
- Шығармашылық топтың барлық мүшесіне берілетін тақырыпты бір проблематика және өзара жауапкершілік төңірегіне топтау.
- Бірнеше нұсқада орындалатын тапсырмаларды пайдалану.
- Шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық және практикалық тапсырмаларды үйлесімді қолдану.
- Тапсырманы орындауда және нәтижені тіркеуде әр түрлі жұмбақтау тілдерін (кодовые языки) пайдалану.
- Жағдаятты біртіндеп күрделендіре отырып, тапсырма шарттарын алмастырып отыру.
- Шығармашылық тапсырмаларды шешу тәсілдерін оқушылардың дербес құрастыруына талдау жасату және ұйымдастыру.
- Берілген жағдайға сәйкес теорияны, шығармашылық тапсырманы дербес құрастыру.
- Қарама-қайшылықтарға талдау жасату.
- Өзіне және өзгеге сұрақ қойғызу.
- Шығармаылық қызметті әрекет ету тәсіліне біртіндеп интеграциялау арқылы кезеңімен қалыптастыру.
- Тапсырманы қайшылықты формада беру.
- Оқу материалын арнайы құрастыру арқылы дарынды баланың меңгеруін ғана емес, қабілеттерін жылдам дамытуды ескеру.
- Жаңа ассоциациялар жасау.
- Салыстыру , гипербола, метафора қолдану.
- Қиялына қозғау салу.
- Қабылданатын ақпаратты меңгертуді ұйымдастыру стратегияларын дайындау.
- Олардың арасындағы байланысты анықтау.
- Ағымдағы, түзетуге арналған бақылау түрлерін қолдану.
- Дербес және топтық жұмысты үйлестіре білу.
- Кешенді сезіну мен қиялдауға арналған ақпараттар ұсыну.
- Дифференциация негізінде мазмұнды модернизациялау.
- Қабылдауды жақсарту үшін сыни сәттерді жиі пайдалану.
- Оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету.
- Жаңа материалды өтілген материалмен байланыстыру.
- Ойша қайталауды ұйымдастыру.
- Материалды басқаша сөздік немесе белгілік формаға айналдыру.
- Оқылатын пәндер бойынша мазмұнды түрлендіріп беру.
- Шығармашылық орта құру.
- Сәйкес деңгейдегі әр түрлі типті мектептерде оқыту.
- Сабақтағы жұмысты әр түрлі сыныптан тыс жұмыспен үйлестіру.
- Оқытуды жеделдету.
- Мектеп бағдарламасын кеңейту.
- Жоғары танымдық деңгейді қажет ететін тапсырмаларды пайдалану.
- Әр түрлі тапсырмаларды орындауға кететін уақытты есептеу.
- Алдын ала немесе қарқынды оқыту.
- Қызығушылығына қарай оқушыларды топтастыру.
- Проблемалық оқытудың әр түрін пайдалану.
- Таңдау еркіндігін беру.
- Сюжеттік-рольдік ойындарды пайдалану.
- Оқытудың бейімдік жүйесін пайдалану.
- Дербес жұмыс тәсілін, өзін-өзі бақылауды, зерттеушілік қызмет тәсілдерін үйрету.
- Ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру.
- Оқыту шарттарын дифференциялау.
Қосымшалар
Дарындылықтың түрлері:
- Көркем дарындылық
- Жалпы интеллектуалдық және академиялық дарындылық
- Шығармашылық (креативті) дарындылық
- Әлеуметтік немесе лидерлік дарындылық
- Спорттық (психомоторлық) дарындылық
Мектеп практикасында кездесетін
дарындылық категориялары:
- Жалпы дарындылық деңгейлері бойынша жоғары көрсеткіш танытқандар.
- Әрекеттің нақты бір саласында жетістікке қол жеткізгендер: музыкант, суретші, математик, спортсмен. Бұларды көбінесе таланттылар деп атаймыз.
- Мектепте үздік оқитындар, яғни академиялық дарындылар.
Дарынды балаларды анықтаудың ұстанымдары:
- түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан жақты бағалаудың кешендік сипаты;
- баланы танып – білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);
- баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру);
- баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
- баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін есепке ала отырып бағалау.
№2
Дарындылықтың өзара байланысты үш сипаты
Дарындылықтың ынталандырушылық (мотивациялық) саласы мынадай сипатта болады:
- танып-білуге, ақыл-ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;
- өз бетімен жүргізетін шығармашылық – зерттеу жұмыстарына деген ұмтылыс пен қызығушылық;
- өзіндік қабілеттер аясында түрлі оқу және оқудан тыс уақыттағы жұмыстарға қатысуға деген ұмтылыс;
- өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының нәтижесін бағалай алуға қабілеттілік пен ұмтылыс.
Танымдық компонентінің сипаты:
- жоғары танымдық мүмкіндіктің болуы, айқын қабілеттер мен шығармашылық қабілеттердің болуы;
- жеке жауапкершілікті түсіну, ішкі басқару тұтқасының болуы.
Субьектінің процессуалдық компонентінің сипаттары:
- жаңалық ашуға деген мақсаттылық, ілкімді, жылдам, ілеспелі және шығармашылық ой өрісінің кеңдігі, зерттеушілік және шығармашылық ізденісте жүру;
- жалпы оқу дағдылары мен қабілеттерінің деңгейі – жоғары, танымдық қажеттілігінің сипаты – мақсатты әрі саналы, мәселенің маңыздылығын зерделей алу;
- өз жұмысының нәтижесіне болжам жасай отырып, өз ойының түпкі өнімін жоспарлай алу;
- жоғары белсенділік, ойлаудағы еркіндік, алынған ақпараттарды оңай үйлестіре білу.
№3
Дарындылық белгісі –
бұл бақылау барысында анықталып бағаланатын және баланың нақты іс-әрекетінен көрінетін ерекшеліктері.
инструменталдық аспектісінің ерекшеліктері | мотивациялық аспектісінің ерекшеліктері |
1.Өзіне тән ерекше әрекет ету қабілетінің (қызметінің) болуы: – тез қабылдауы және тапсырманы жоғары деңгейде орындап шығуы; – тапсырманы орындауда немесе белгілі бір жағдайдың шешімін табуда жаңа әдіс–тәсілдер пайдалану немесе ойлап табу; – жаңа идеялар мен шешімдер ұсынуы; 2.«Бәрін өзім жасаймын» дегенге бейімділік; 3.Күрделіні қарапайым, қарапайымды күрделі деп қабылдай алуы; 4.Оқу мен үйренуге деген ерекше талпыныс. | 1.Белгілі бір нәрсенің нақты жақтарын байқау, таңдау, сезу (дыбыс, белгі, түр, өсімдік т.б.); 2.Белгілі бір нәрсеге деген жоғары қызығушылық; 3.Қызыға отырып, сол нәрсені толығымен тануға, білуге деген танымдық қажеттілік; 4.Стандартты, дайын жауабы бар мәселелерді қабылдаMay, керісінше, нақты емес, қайшылық тудыратын ақпараттарды таңдау; 5.Өз туындылары мен еңбектеріне деген жоғары сыншылдығы, өзін жоғарыдан көру үшін шамадан тыс қиын мақсаттар қою. |
Дарынды балаларды анықтауда қолданылатын ауқымды әдістер:
- баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары және т.б.);
- арнайы психодиагностикалық тренингтер;
- арнайы бағдарламалар бойынша “байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға қатыстыру;
- арнайы бағдарлама жасау және білікті мамандардың қатысуы;
- баланың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелеріне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, т.б.) мамандар тарапынан сараптау.
№4
Дарындылықты идентификациялау әдістері
№ | Әдістер | Бағалау параметрлері |
Психомоторлық дарындылық | 1.11 субтесттен тұратын Пудье тесті. 2.Қимыл дағдыларының негізіндегі Д.Арыхейм мен У.Синклер тесті. 3.Көру-қимыл координациясына арналған К.Берри тесті (күрделене түсетін суреттерді көшіріп салу). 4.Саусақтың ептілігіне арналған О.Коннор тесті. 5. Ептілікке арналған Стомберг тесті. 6. Б.В.Кулагин, В.Л.Мариизук, Ю.М.Блудов, И.А.Курбатов сияқты ресей ғалымдарының зерттеуі. | Перцептивті-қимыл қабілеттері (реакцияның бағыттылығы, перцептивті-қимылдық координация). Көз бен қол координациясының дағдылары. |
Интеллектуалдық дарындылық | 1.Станфорд-Бине интеллект мектебі. 2. Векслер тесті (вербальды, вербальды емес субтестерден құралған). 3. Слоссон интеллектуалдық тесті. | Жалпы интеллектуалдық қабілеттерін анықтау үшін қолданылады. Ақыл-ойы мен жетістіктері бағаланады. |
4.Маккартидің балалар қабілеті мектебі (2,5 – 8,5 жасар балаларға арналған). | Жалпы баға беріледі, сонымен қатар есте сақтауы бағаланады. | |
5.Мектептегі бейімділіктерге арналған Отис-Ленновский тесті (мектептегі бейімділіктер вербальды, жиынтық және бейнелі тапсырмалардың нәтижесі бойынша бағаланады). | Жалпы интеллектуалдық қабілеттерін анықтау үшін қолданылады. | |
6. Когнитивті біліктер тесті. | Қорытынды баға және төрт суббаға: «ұқыптылық», «аналогия», «жад», «вербальді пікірлер» анықталады. | |
7. Каттелдің мәдени-тәуелсіз интеллектуалдық тесті. | Тіл мүкістігі бар балалар арасындағы қабілеттілікті анықтауға арналған. | |
8.Р.Торндайк пен Е.Хаген жасаған когнитивті қабілеттер тесті. 9. Г.Айзенк тесті | Дарындыларға арналған бағдарлама бойынша оқыту үшін балаларды анықтауда кеңінен қолданылады. | |
Академиялық дарындылық | 10. Ақыл-ой дамуын диагностикалауға бағытталған ресейлік әдістер, (ШТУР- школьный тест умственного развития) К.М.Гурьевич. 11. Негізгі біліктердің жалпы тесті. 12. Негізгі біліктерге арналған айзовский тесті. | Оқу, жазу, математика бойынша базалық дағдыларды өлшеуге бағытталған. |
Шығармашылық дарындылық | 13. Балаларға арналған креативтілік тесті - Дж. Гильфорд. | Дивергентті қабілеттерді бағалауға арналған |
14. Бейнелі шығармашылық ойлауға арналған Торанс тесті. «Картина құрастыр», «Суреттерді толықтыр» сияқты тапсырмалардан тұрады. | 5 жастан жоғары балалардың шығармашылық қабілеттерін бағалауға арналған. | |
15. Д.Б. Богоявленскаяның «креативті аймақ» әдісі және А.Г.Азарянның экспресс-әдістемесі | ||
Әлеуметтік дарындылық (қарым-қатынас саласындағы дарындылық) | 1. Дәстүрлі интеллектуалдық тесттер қолданылады, бағалау параметрлеріне әлеуметтік аспектілер енгізіледі.
| Әлеуметтік позициялары, адамгершілік жайлы пікірлері, көшбасшылық қабілеттері бағаланады. |
Ресейде әлеуметтік дарындылықтың арнайы психодиагностикасы жүргізілмейді. Бұл мақсатта социометриялық әдістер, ұйымдастырушылық қабілеттерді анықтауға арналған түрлі әдістемелер қолданылады (Л.К.Уманский). | Ұжымдағы микротоптар, лидерлер мен шеттетілген оқушылар анықталады. |
№5
Дарынды баламен жұмыс жоспары
(жеке оқушыға арналған)
№ | Аты–жөні | Жұмыс мазмұны | Мерзімі | ||
Білімін тереңдету | Логикалық ойлау қабілетін дамыту | Шығармашылық біліктерін қалыптастыру | |||
1 | Ахметов А. | Тақырып бойынша қосымша әдебиеттермен жұмыс | Оқыған әдебиеттері бойынша қорытынды жаздыру | Тақырыпқа байланысты сурет салғызу | Жыл бойы |
2 | Пәндік олимпиадаға қатыстыру | Проблемалық жағдаяттар мен сауалдар дайындату | Шығарма жаздыру | Нақты бір пәнде | |
3 | Жоба жаздыру | Қосымша материалдармен жұмыс алгоритмін құрастыру | Жазба жұмыстарына рецензент қылу | Жыл бойы | |
№6
Дарынды баламен жұмыста мұғалімнің тұлғалық және кәсіби дайындығына қойылатын талаптар
№7
Дарындылықты диагностикалаудың үлгі жоспары.
Баланың ерекшеліктерін зерттеуді мына жоспармен жүргізуге болады.
1.Ақыл–ой дамуының ерекшеліктері:
– зейіні, есте сақтауы, ойлау машығы;
– оқу материалын меңгеруі, өздігінен жұмыс істей білуі, жұмыс істеу ырғағы;
– сөйлеуі, ұқыптылығы, жалпы дүниетанымы.
2. Оқушының білімі мен оқуға қарым–қатынасы:
– пән бойынша білім сапасы;
– жалпы оқу біліктерінің деңгейі;
–оқу әрекеті барысындағы жетістіктері мен сәтсіздіктерін қабылдауы, бағалауға көзқарасы;
– оқуға қызығушылығы;
– өзін басқарудың ішкі тұтқасының болуы.
Дарындылық критерийлері | |||
Үлгерім деңгейі | Оқытылу деңгейі | Көрнекі–бейнелі ойлау деңгейі | Қызығушылығы |
Қарапайым тапсырмаларды тез әрі жылдам орындау; Зерттеу әрекетіне бейімділік; Түсінуге, талдауға қабілеттілік. | Білімді тәжірибеде қолдана білуі; Математикалық белгілерді, символдарды, сөздерді ұзақ есте сақтау; Оқу әрекетінде нақтылыққа бейімділік. | Құрастыру, баламасын таба білу; Жүйрік әрі шапшаң ойлау; Классификациялай білу; Ерекше идеялар ұсыну. | Ынта–жігері, ойлау операцияларын орындауға деген танымдық қажеттілігі; |
Бақылау жұмыстары алынады. | Берілген тапсырманы тексергенде: сапасына, ұқыптылығына, орындау жылдамдығына назар аударылады. | Арнайы әдістемелер арқылы анықталады. | Арнайы әдістемелер арқылы анықталады. |
№8
Дарындылықты психологиялық диагностикалаудың құрылымдық моделі
Мектептегі оқушының дарындылығын диагностикалау |
Психологтың ұстанымы бойынша: 1.Әңгімелесу, оқушының оқуға деген ынтасын бақылау. 2.Диагностикалық минимум (шығармашылық қабілеті мен интеллектісін анықтауға арналған тест) 3.Оқушының жеке бас ерекшеліктерін зерттеуге арналған тесттер мен сұрақтар. 4.Оқушының қызығушылығын, кәсіби бағыт – бағдарын анықтауға тесттер мен сұрақтар. |
Мұғалімнің ұстанымы бойынша (бақылау, әңгіме, сауалнама, сұрақ- жауап, дарындыға мінездеме беру). |
Ата – ананың ұстанымы бойынша (бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сұрақ жауап алу. |
Дарындылықтың идентификациясы |
Психологиялық педагогикалық консилиум |
№9
«Болжау»
Жеке болжау |
Жарыстың алуан түрі |
Байқау әдісінің түрлі модификациясы |
Торренс, Айзенк, Векслер, Медник, Штур әдістемесі бойынша тестілеу |
Баланың отбасы жағдайы туралы, оның ерте балалық шақтағы дамуы туралы ақпарат жинау әдістері |
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу (тұқым қуалаушылық, анатомо – физиологиялық ерекшелігі, зейін, жады, ойлау, қиялдау, қызығушылық ерекшеліктері, қабілеті, бейімділігі, еркі мен темпераменті |
Интеллектуалдық |
Пән олимпиадасы |
“Интеллект - лидер” қозғалысы |
Дебат клубы |
Білім, білік, дағды мониторингі |
Интеллектуалдық марафон |
Ғылыми жарыстар |
Шығармашылық |
Музыкалық, көркемдік сайыстар, фестивальдар, шығармашылық есептер, көрме, премьера және байқаулар |
Әскери спорттық |
Саптық ән байқаулары, әскери шеру, спартакиада, жолдастық кездесулер, спорттық жарыстар,”Көңілді старт” және “Әкем, шешем және мен” спорттық қозғалысы. |
Психологиялық тренинг |
Психологиялық кеңес беру |
Сабақ барысындағы ойындар жүйесі |
Ұжымдық шығармашылық әрекет (әр түрлі жастағы отрядтардың жұмысы) |
Дарынды балалардың әрекетінің нәтижесін эксперименттік бағалау |
№10
Дарынды балалармен жұмыс істеу алгоритмі
Тақырып таңдау |
Теориялық зерттеудің алғышарты |
Типтік есептер шығару, практикалық дағдыларын қалыптастыру |
Стандартты емес есеп шығару |
Табыстар, жетістіктер болса |
Олимпиада есептерін шығару |
Баланың дарынын кеңінен дамыту үшін арнайы сабақтар қажет. Атап айтқанда, сезімдерді сезінуге, өзін жеткілікті көрсете білуге, ізгілік қағидаларына, диагностикаға, даралығын танытуға жағдайлар жасалуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сабақтардың нәтижесінде балалардың шығармашылық, интеллектуалды даму деңгейі мен өз-өзіне баға беруі артады.
Кезеңдер | № | Жұмыс түрі | Орындаушы | Мерзімі |
Бақылау | 1 | Зерттеу:
| Жусыпбаева К.Т. Нургалашова Д.Н. Бердіқұлов Қ. Жусупова П.Ж. Сембекова А.К. | ІХ |
2 | Нәтижемен жұмыс:
| Пән мұғалімдері | ІХ | |
3 | Дамыту жұмыстары:
| Пән мұғалімдері Психолог | Х | |
Практикалық | 4 | Жұмыстың жүргізілу барысы:
| Пән мұғалімі, психолог | ХІ |
5 | Оқушыларды :
| Пән мұғалімдері, психологтар, тәлімгер, ата-аналар, менеджер,бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары | ХІІ – ІІ | |
6 | Нәтижесін жариялау, жарыққа шығару, презентациялау:
| Пән мұғалімдері, менеджер,бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары, психологтар. | ІІІ – ІҮ | |
Қорытынды | 7 | Мектепішілік жалпы қорытынды:
| Пән мұғалімдері, ата-аналар, психологтар, менеджер,бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары | Ү |
Әдебиеттер тізімі
- Государственная программа «Образование» , (УК №41-42, от 20.11.20000)
- Гильбух Ю.З. Умственно одаренный ребенок. Киев. 1993.
- Дружинин В.Н., Хазратова Н.В. Экспериментальное исследованиеформирующего влияния среды на креативность // Психологический журнал.1994. Т.15. №4.
- Дәкәрім М.Д. «Жаңа ғасырдың білімді жастарын тәрбиелеу». Білім берудегі менеджмент, №4, 1998ж.
- Кулемзина А.В. Детская одаренность: психолого-педагогическоеисследование. Томск. 1999г.
- Кожахметова К. Воспитательные системы школ Казахстана на современном этапе: опыт и перспективы. Воспитание школьника, №1, 2003ж.
- Крылова Н. Школьное самоуправление: перед выбором пути // Народное образование, №7, 2002г.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің сынып жетекшісі туралы Ережесі. № 04-4-6/1016, 17 мамыр 2001ж.
- Лейтес Н.С. Возрастные способности одаренных детей. М:Педагогика, 1989г.
- Рибо Т. Творческое воображение. Спб.: Эрлих, 1901г.
- Семенов И.Н. Возрастные особенности одаренных детей // Инновационная деятельность в образовании. 1994г.
- Сырымов І.З. Мектептің тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық педагогикасы және жеке тұлғаға бағытталған тәсіл.Тараз. 2003ж.
- Савенков А.И. Детская одаренность и цели домашнего воспитания, Одаренный ребенок, №1, 2002г.
- Уровневая модель управления работой одаренных детей, «Дарын», №3, 2000г.
- Концепция выявления поддержки и развития детской одаренности в РК. «Дарын», №3, 1999г.
- «Дарын» ақпарат-әдістемелік жинағы, №3, 2001ж.