«Менің атаулы ағашым» атты акциясы » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » «Менің атаулы ағашым» атты акциясы
09
April
2019

«Менің атаулы ағашым» атты акциясы

Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылдың 25 ақпан күнгі №62 қаулысы негізінде жастар жылына орай қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту, көгалдандыру, гүлдендіру мақсатында  2019 жылдың 7 сәуірінде №21 Жалпы білім беретін мектебінде «Менің атаулы ағашым» атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Акцияға Андас батыр ауылының азаматы «Жасыл белес» шаруа қожалығының төрағасы кәсіпкер  У.Н. Қабылбеков демеушілік білдіріп, 70 түп алма ағашының көшетін сыйға тартты. Акцияның ашылуында мектеп директоры Э.А. Бекжанова және кәсіпкер Ү.Н. Қабылбеков қоршаған ортаны көгалдандыру, экологиялық ахуалды жақсарту баршамыздың азаматтық парызымыз екендігін айтып өтті. Акцияға мектеп мұғалімдері және тәлімгер Э.М. Ахметованың ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 65 оқушысы қатысты. «Жасыл белес» шаруа қожалығының төрағасы кәсіпкер   Ү.Н.Қабылбеков көшет отырғызу және күтіп баптау туралы кеңес беріп, өз тәжірбиесімен бөлісті. «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары жеміс ағаштарын отырғызуға қызығушылықпен белсене ат салысты.

«Менің атаулы ағашым»  атты акциясы

 

«Менің атаулы ағашым»  атты акциясы

 

«Менің атаулы ағашым»  атты акциясы