Бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс нәтижесі
2023 жылдың 31 тамыз күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 100 тармағына сәйкес бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізілді. Аталған бұйрықтың 118 тармағына сәйкес бос математика пәнінің мұғалімі лауазымына Курманчаков Ринат Еркинович, бос музыка пәнінің мұғалімі лауазымына Молдаханова Аида Азаматқызы, бос орыс тілі мен әдебиеті пәніне Даурбаева Мадина Кобландаевна ,бос химия пәнінің мұғаліміне Әдеханова Гүлбахар Ермаханқызы , Юлдашов Шахрух Алымжанович, Алтинбекова Арзу Бекалиевна және бос директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына Намазова Айгуль Кошкарбаевна 23 тамыз күні құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері кандидаттардың құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген баллдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос математика пәнінің мұғаліміне кандидат Курманчаков Ринат Еркинович 10 балл, бос музыка пәнінің мұғалімі лауазымына кандидат Молдаханова Аида Азаматқызы 6 балл, химия пәнінің мұғалімі Алтинбекова Арзу Бекалиевна 19 балл, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымына кандидат Даурбаева Мадина Кобландаевна 5,5 балл алғаны анықталды. Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес Курманчаков Ринат Еркиновичті бос математика пәнінің мұғаліміне, Молдаханова Аида Азаматқызын бос музыка пәнінің мұғаліміне, Алтинбекова Арзу Бекалиевна бос химия пәнінің мұғаліміне, Даурбаева Мадина Кобландаевна орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне тағайындауға мектеп директоры Э.А.Бекжановаға ұсыныс берілсін.

