20
October
2023
«Патриотизм - ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында кездесу
20 қазан күні Республика күніне орай білім алушыларды отаншылдыққа, туған елін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында мектепте «Патриотизм - ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында «Жас шекарашы» әскери патриоттық ұжымымен кездесу өткізілді. «Сыпатай батыр» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Mayор А.К.Набиев және ШБ офицері лейтенант М.Т.Малдыбаев білім алушыларға өз қызметі туралы айтып әңгімелеп берді. Мектеп білім алушыларына ҚР әскери қызметі туралы баяндады және шекара қызметі туралы бейнеролик ұсынды, жасөспірімдердің сұрақтарына жауап беріп, болашақта үлкен белестер жайлы ой салды, үздік оқу, екпінді еңбек тіледі. Кездесу барысында білім алушылар Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің тәуелсіздігін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиеленді. Осындай кездесулер жасөспірімдердің патриоттық тәрбиесін, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Қатысқан: 10-11 сынып білім алушылары-35 бала.
