06
May
2025
"Теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі арқылы шешу" ашық сабақ







№21 жалпы орта білім беретін мектебінде, жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында жас педагог , математика пәнінің мұғалімі - Әбишева Гүлнәз Нұрбекқызы 6 " А" сыныбында "Теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі арқылы шешу" тақырыбында аралас сабақ өткізді. Сабақ жарыс түрінде өтті. Сабақ барысында педагог - Г.Н.Әбишева білім алушылармен теңдеулер жүйесін алмастыру бойынша өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып олардың жалпы білімін дамытып, көптеген жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, тапсырмалар орындап , оқулықпен жұмыс, жұптық, топтық жұмыстарды өткізді. Сондай-ақ, сабақта деңгейлеп - саралап оқыту , білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында да тапсырмалар қолданылуы да орын алып, балаларды ұқыптылық пен шапшандыққа тәрбиеледі.