

2025 жылғы 2 қыркүйек күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде Тілдер мерекесіне орай «Ана тілі – жүрек үні» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ұстаздарының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті. Кештің шымылдығы оқушылардың орындауындағы ұлттық күймен ашылып, мерекелік көңіл-кhouseсыйлады. Сонымен қатар, оқушылар қазақтың белгілі ақындарының ана тіліне арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқып, тілдің құдіреті мен маңызын паш етті. Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, ұрпаққа берер тәрбиелік мәні айшықталып, тілге құрмет – елге құрмет екендігі атап өтілді.
Шара жас ұрпақты туған тілді ардақтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үндеген тағылымды басқосу болды.