№11971 әскери бөліміне танымдық саяхат ұйымдастырылды. » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » №11971 әскери бөліміне танымдық саяхат ұйымдастырылды.
22
April
2026

№11971 әскери бөліміне танымдық саяхат ұйымдастырылды.

2026 жылдың 21 сәуір күні оқушылар үшін ерекше әрі маңызды күн болды. Осы күні №11971 әскери бөліміне танымдық саяхат ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің маңызын түсіндіру және Отан қорғаушылардың еңбегін құрметтеуге баулу.Саяхат барысында оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Олар сарбаздардың күнделікті өмірі, жаттығулары, әскери техникалар мен қару-жарақтар туралы құнды ақпарат алды. Әскери қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесулер оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
Әсіресе, әскери тәртіп, жауапкершілік және батылдық туралы айтылған әңгімелер жасөспірімдердің қызығушылығын арттырды. Кейбір оқушылар болашақта әскери мамандықты таңдауға ниет білдірді.