25
November
2021
«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»




Қатысқан оқушы саны: 72
Мақсаты: Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлықтың және зорлық – зомбылық әлімжетіктің алдын алу
Жауапты: ДҚТЖО: Ж. Жакипбекова
Мектеп психологы А. Назаркулова
Барысы: Аутодеструктивті мінез-құлық – қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен еендігі толық айтылып оқушыларға түсіндірілді.
Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығу себептері
Жасерекшелік өзгерістер;
Әлеуметтің жағдайлардың күрт өзгеруі;
Толық емес немесе сәтсіз отбасы;
Өмірлік тәжірибенің аздығы; ( «ақ пен қараны ажырата алмау») Жасөспірімдер мен балалардың өз-өзіне қол жұмсау себептері:
Кикілжің дау-даMay;
Отбасындағы дисгармония ;
Оқушының моральдық-рухани проблемаларының түсінуінде қолдаудың жоқтығы ;
Жауапсыз махаббат ;
Ішкі дүниенің әлсіздігі ;
Кемшілікпен күресетін жігер , талаптың жетіспеуі
аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу үшін жасөспірімнің психологиялық саулығын сақтап қалуға, жеке дамытуға, кәсіптік бағдар беруге, өз-өзін тануға деген қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімдік бағдарламалар жасалуы тиіс.
Коучинг соңында оқушылармен «Тілек шамы», «Жан жылуы» тренингтік жаттығуы жүргізілді. Оқушылармен жүргізілген коучинг өз деңгейіне өткізілді.