18
November
2021
«Жат ағымдардан аулақ болайық» тақырыбында семинар
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу және оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 9 сынып оқушылары арасында «Зайырлылық және дінтану негіздері » пәні мұғалімі Тазабекова С.Д. «Жат ағымдардан аулақ болайық» тақырыбында семинар өткізді. Schoolchildren экстремизм зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси іс-әрекет екенін айтып , экстремизмнің негізгі белгілері туралы ақпарат беріп, оқушылардың дұрыс діни түсініктерін дамытып, ағарту жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында оқушылар жалпы өздері алған мағлұматтармен бөлісті.
