"Мен әлемге керекпін, маған отбасы керек! тренинг » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » "Мен әлемге керекпін, маған отбасы керек! тренинг
12
September
2022

"Мен әлемге керекпін, маған отбасы керек! тренинг

"Отбасы күніне" орай мектеп психологы А.С. Назаркулова 10 сынып оқушыларымен «Мен әлемге керекпін! Маған отбасы керек!» тақырыбында тренинг өткізді. 
      Тренинг мақсаты: – оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата–анасын сыйлауға, кішіге қамқор тату болуға тәрбиелеу.
     Міндеті: баланың ата–анаға деген махаббатын ояту, жанұядағы ата–ана және бала арасындағы қарым–қатынасты нығайту. өзінің және өзгенің даралығын бағалау, көңіл–күйді көтеру,сезім мен эмоцияны реттеу.
    Ата-ананың балаларына деген сүйіспеншілігі шексіз және риясыз. Сіз не істесеңіз де, ата-анаңыздың сіз үшін жасаған жақсылығын ешқашан қайтара алMayсыз. 
    Тренинг жоспары:
-   "Отбасы бірлігі" жіптік жаттығу 
- «Өзіңді теңей біл»жаттығуы 
- «Көңіл-күйіңізді жаттықтыру»
-   Мен сіздерге сөйлемнің басы бар, ал аяғы аяқталмаған сөйлем және сұрақтар жазылған карточкалар таратылды. Сол карточкалардағы аяқтауыңыз қажет.
- Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
 Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. оқушылар тренинг барысында  өз ойларымен толық бөлісіп жеткізе білді. Тренинг қызықты өтті.