"Мейірімді жүрек" акциясы » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » "Мейірімді жүрек" акциясы
25
September
2020

"Мейірімді жүрек" акциясы

Қайырымдылыққа, жанашырлыққа, шынайылыққа тек басқа адамдардың сөздерінде немесе мысалдарының негізінде тәрбиелеу мүмкін емес. “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы тек көмек алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар көмек көрсететіндер үшін де маңызды. Бұл қиын уақытта жылы қарым-қатынас пен назарды қажет ететін адамдарды ұмытуға болMayды. Үлкен буынға құрмет-халықтың мәдениеті мен тәрбиесінің бейнесі.
“Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қарт адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Мектебімізде әлеуметтік педагог А. Есалиеваның тарапынан “Мейірімді жүрек” кезекті қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З. Наурызбаева өз үлесін қосты. Көпбалалы, аз қамтылған 2 отбасыға азық-түлікпен қамтамассыз етті. (көмек көрсетілген отбасының суреті отбасының қалауымен көрсетілмеді)