20
October
2022
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары
Он үш жыл аталMay қайта жаңғырып, мемлекеттік мерекелер тізіміне енген Республика күні қарсаңында №21 ЖОББ мектебінде 1-11 сынып білім алушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Сынып жетекшілер тәрбие сағаттарында жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін қорғай білуге тәрбиеледі. Білім алушылар Отанына арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып , ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері айтты. Білім алушылар қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсініп, ұлттық патриотизм рухын арттырды.






