14
June
2022
"Мектеп жанындағы бау-бақша"
Бау-бақша дегеніміз – өзіндік ерекше құбылыс. Оны күтіп-баптау, әркез суарып, арамшөптерін жұлу – қажырлы еңбекті қажет етеді. Жастайынан балаларды еңбекке баулып, айналасындағы тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға деген сезімдерін арттыру мақсатында мектеп жанында бау-бақша қалыптастырылды. Жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы бау бақшаға күтім жасауға «Жас биолог» атты үйірме балалары қамтылды. Көктемнің алғашқы айларында әдетте егілген жеміс ағаштары мен көкөністердің түрлеріне су құйып, күтімі жақсы болғандықтан көкөністер жыл сайын мол өнім береді. Жұмыс барысында балалардың бау-бақша жайлы білімдерін арттырып, көгөністерді егудің барысымен танысты. Аталған іс-шара арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін арттырып, еңбек іс-әрекетіне баулу көзделді. Бау-бақшаны отырғызу барысында балалардың жұмысқа деген икемділіктері мен ептіліктерін байқалды. Олардың әрбір жасаған жұмысын тиянақты орындағаны көңіл қуантпай қоймады.
Балалар мектеп жанындағы бау-бақшадағы әрбір өсіп шыққан көгөніс пен өсімдіктеріне риза болып, қуаныштан жүздеріне күлкі ұялап, жасаған еңбегінің жемісін көріп жүр. Бұл жұмыстар арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеп қана қойMay, бау-бақшаның пайдасы жайлы ақпараттандырылды.