№27.03.2026 жылы №21 ЖОББМ кезекті №4 педогогикалық кеңес өткізілді. » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » » №27.03.2026 жылы №21 ЖОББМ кезекті №4 педогогикалық кеңес өткізілді.
27
March
2026

№27.03.2026 жылы №21 ЖОББМ кезекті №4 педогогикалық кеңес өткізілді.

27.03.2026 жылы №21 ЖОББМ кезекті №4 педогогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде білім сапасы мен тәрбие бағыты бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.

  1. Мектептегі тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы. Бұл бағытта оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету- басты міндеттерінің бірі. Жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, бақылау үздіксіз жалғастырылуда.
  2. Тоқсан бойынша білім сапасының нәтижесі. Білім сапасын төмен көрсеткен пән мұғалімдерінің пәнді оқыту жайы мектепшілік бақылауға қойылды. «Kundelik.kz» электронды журналын толтыруды бақылау. Электронды жүйені уақытылы әрі дұрыс толтыру- білім сапасын арттырудағы маңызды құрал. Осыған пән мұғалімдерінің жауапкершілігін күшейтіп, бақылау жүргізілу қажеттілігі міндеттелді.
  3. «Алтын белгі» белгісіне және «Best аттестатқа» үміткерлердің алгебра және анализ бастамалары пәнінен білім сапасын төмен көрсеткені үшін пән мұғалімдеріне «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Пән мұғалімдеріне меңгеруге қиындық туғызатын тақырыптармен жекеленген жұымыстары сәуір айының бақылауына қойылды.
  4. Халықаралық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен байқауларға  қатысушылар тізімі нақтыланып, резервтерімен жекеленген жұмыс мектепшілік бақылауға алынды.
  5. Мектепішілік « Тәуекел топ» және құқық бұзушылыққа бейім білім алушылармен жеке жұмыстың алгоритмге сәйкес жүргізілуін бақылау үздіксіз жалғастырылуда.