"Өмір деген тамаша, өмір деген ғажайып" » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » "Өмір деген тамаша, өмір деген ғажайып"
20
November
2021

"Өмір деген тамаша, өмір деген ғажайып"

11 "а" сынып оқушыларымен «Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша» тақырыбында мектеп психологы А.С. Назаркулова семинар - тренинг өткізді.
Мақсаты:
— өмір адам баласына бір -ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.
— адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту.
— балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: ой – толғау, сұрақ – жауап, пікірлесу, тренинг
нәтижесі: өмір туралы түсініктері кеңейеді, өмірге деген көзқарастары өзгереді, өз ойын ортаға сала білуге үйренеді, бірлесіп түсінісе білуге бейімделеді.
Сабақтың жоспары:
1. Кіріспе
2. «Дос, достыққа» сергіту ойыны
3. Топтық пікір алмасу (сұрақ-жауап түрінде)
4. Тапсырма «Компазицияны аяғына дейін салу»
5. «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы
6. Видеоролик «Сказка о барашке»
7. Топтық сұхбат «Шляпалар»
«Дән көтерген құмырысқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой»- деп Фирдоуси айтқандай;
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдар бірақта шыдатады, Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өмірді түсіне білу, қабылдау, өзіңді өзің қадірлеу.