"Ерте жүктілік немен қауіпті?" тақырыбында қыздармен жұмыс » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » "Ерте жүктілік немен қауіпті?" тақырыбында қыздармен жұмыс
11
October
2022

"Ерте жүктілік немен қауіпті?" тақырыбында қыздармен жұмыс

10-11 сынып қыздарымен "Ерте жүктілік немен қауіпті?" тақырыбында жұмыс  жүргізілді. 
Мақсаты: ерте жүктіліктің, алдын алу. 
Әдісі: топтық кеңес, сауалнама, бейнеролик
Жауапты: ДТЖО: Тайбекова Э.Б. мектеп психологтары: Назаркулова А.С., Дәуренбекова С.Б.
   Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек қан тамыры,эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады.
Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.
Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
Ерте жүктіліктің нәтижесі
Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болMayды.
Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?
Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалMay, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.
Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.
 Қыздармен кездесу барысында 10-11 сынып қыздарынан анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 56 оқушы қатысты. Қорытынды: 10-11 сынып қыздары арасынан  жасырын сауалнамаға 56 оқушы қызбен жүргізіліп, нәтижесінде оқушы қыздарымыздың ерте жыныстық қарым – қатынас туралы, ерте жүктілік туралы   білетіндігі анықталынды. Осы тақырыпта сауалнамадан бөлек түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.