17
September
2021
Ыстық тамақты ұйымдастыру
№21 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну бойынша жалпы саны 89 оқушыны бір мезгіл сапалы ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылды.Мектеп асханасының кіре берісінде , білім алушылардың қолын залалсыздандыруға арналған антисептиктер мен тамақтану залында қол жууға арналған қолжуғыштар орнатылған. Білім алушылар ара қашықтықты сақтай отырып, қолдарын жуып антисептикпен залалсыздандырып, біл мезгіл ыстық тамақпен тамақтанады. Мектеп асханасында барлық сақтық шаралары сақталған.

