«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жоспарына сай 2019 жылдың қаңтар айында «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» ХІ республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінің өтуіне байланысты №21 Жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының тіліне, тарихына деген қызығушылықты арттыру, оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында осы жылдың 19- шы қаңтарында №21 жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.
6- 11 сыныптар оқушылары арасында өткен мектепішілік олимпиада бес бағытты қамтыды.
«Тіл мен әдебиетшілер» байқауында оқушылар тест сұрақтарынан тұратын сынақ тапсырды. Ең жоғары балл жинаған 8 «ә» сынып оқушысы Ринатқызы Кәусар анықталды.
«Жазушылар байқауында 10 «а» сынып оқушысы Мэлс Маржанның «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыбындағы және 7 «а» сынып оқушысы Бейсенбек Аяжанның «Тәуелсіздік – тәтті ұғым» тақырыбындағы жазған эссе жұмыстары жоғары баллмен бағаланды. Оқушылыр өз ойын дәлелдермен жеткізе білді. Шығармалардың әдеби- көркемдік жағы, тәрбиелік, танымдық мазмұны бағаланды.
6 «ә» сынып оқушысы Итығұлов Санжардың «Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер қаншалықты түсінікті?» тақырыбында қорғаған ғылыми жобасы өте қызықты болды. Оқушы ғылыми жобаның тіл табиғатын сақтай отырып, тақырыбын аша білді. Жетекшісі: ЖақсымбетоваМ.
«Сөз шеберлері» байқауында оқушылар Отан, тарих, тіл тақырыптарында прозалық шығармаларды жатқа мәнерлеп оқыды.Атап айтсақ, 6 «б» сынып оқушысы Сулейманов Ш., 9 «а» сынып оқушысы Таңсықова М., 9 «б» сынып оқушысы Гейдарова Г., 10 «а» сынып оқушысы Қадіржан Ә., 8 «в» сынып оқушылары Туфанова И., Касапчиев Р., 6 «б» сынып оқушысы Теміртай Д. Аталған оқушылар шығарма сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізді. Сахнада өзін ұстау мәнері, әуені өте жақсы болды.
«Әнші бұлбұлдар» байқауында 7 «ә» сынып оқушысы Болатхан Мейірімнің орындауында «Ақ қанат» әні жоғары балл алды. Ән мен саздың, қимылдың үйлесімдігі өте жақсы болды. Жетекшісі:Айткулова А. С.
Олимпиада соңында әділқазы ұстаздар бағалаған ұпайлар санымен I , II, III орын алған жеңімпаздар мақтау грамотасымен марапатталып, I орын аған оқушылар аудандық «Жарқын болашақ» тіл олимпиадасына жолдама алды.