«Оқушыны сеніммен жетелейтін мұғалім: мотивация мен қолдаудың рөлі» » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » «Оқушыны сеніммен жетелейтін мұғалім: мотивация мен қолдаудың рөлі»
18
March
2026

«Оқушыны сеніммен жетелейтін мұғалім: мотивация мен қолдаудың рөлі»

Іс-шара тақырыбы: «Оқушыны сеніммен жетелейтін мұғалім: мотивация мен қолдаудың рөлі»
Мақсаты: Teachersдің оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, оларды ынталандыру және психологиялық қолдау көрсету дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ білім беру процесінде сенімді әрі қолдаушы орта қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.
Психологиялық жұмыс бағыты: психологиялық ағарту және алдын алу.
Өткізу күні: 18 наурыз 2026жыл 
Қатысушылар: жас маман педагогтар
Тренинг жоспары: 
  1. «Педагогикалық ұстаным» жаттығуы
  2.  «Менің мұғалім ретіндегі құндылығым» жаттығуы
  3. «Мини-дәріс: «Оқушы мотивациясының психологиялық негіздері»
  4. «Қиын оқушымен жұмыс» жағдаяттық тапсырма
  5. Рөлдік ойын «Қолдаушы мұғалім»
  6. «Мотивация құралдары» жаттығуы
  7.  Қорытынды
     Іс-шараның жүру барысы:  «Педагогикалық ұстаным» жаттығуы жүргізілді. Қатысушыларға «Менің оқушымен жұмысымдағы басты қағидам…» деген сөйлемді аяқтау ұсынылды. Әр педагог өз ұстанымын стикерге жазып, ортақ тақтаға ілді және қысқаша түсіндірді. Мақсаты: Teachersдің кәсіби көзқарасын анықтау, өз тәжірибесін саралау, ортақ құндылықтарды айқындау. 
Нәтижесі: Қатысушылар өздерінің педагогикалық ұстанымдарын қайта ой елегінен өткізіп, әріптестерінің тәжірибесімен танысты. Ортақ пікірлер мен құндылықтар анықталып, тренингке белсенді қатысуға мотивация қалыптасты.
2. Негізгі бөлім:  «Менің мұғалім ретіндегі құндылығым» жаттығуы:
 Қатысушылар өздерінің кәсіби күшті жақтарын атап, постерге жазды.
 Нәтижесінде: мұғалімдердің өзіндік кәсіби бағалауы артты, позитивті кәсіби көзқарас қалыптасты. 
2) Мини-дәріс: «Оқушы мотивациясының психологиялық негіздері»
 Психолог оқушылардың ішкі және сыртқы мотивациясы, қолдаудың рөлі, сенімді қарым-қатынастың маңызы туралы ақпарат берді.Талқыланған мәселелер:
  • мотивация түрлері; 
  • мадақтау мен сынның әсері; 
  • эмоционалдық қолдаудың маңызы. 
3) «Қиын оқушымен жұмыс» жағдаяттық тапсырма:
 Қатысушылар топтарға бөлініп, түрлі педагогикалық жағдаяттарды талдады (мотивациясы төмен оқушы, тәртіп мәселесі бар оқушы, өзіне сенімсіз оқушы).
 Әр топ өз шешімін ұсынып, талқылау жүргізілді.
Нәтижесінде: тәжірибе алмасу жүзеге асты; тиімді педагогикалық тәсілдер анықталды. 
4) Рөлдік ойын «Қолдаушы мұғалім» Қатысушылар мұғалім мен оқушы арасындағы диалогты сахналады. Мақсаты – қолдау көрсету, дұрыс кері байланыс беру дағдыларын қалыптастыру.
Бұл жаттығу барысында: эмпатия деңгейі артты; тиімді қарым-қатынас тәсілдері бекітілді. 
5) «Мотивация құралдары» жаттығуы. Қатысушылар оқушыларды ынталандырудың нақты әдістерін жазып, ортақ тізім жасады (мақтау, жетістік жағдайын құру, қызықты тапсырмалар беру, жеке қолдау көрсету).
4. Қорытынды бөлім «Feedback» әдісі: Қатысушылар стикерлерге өз пікірлерін жазды:
  • Бүгін мен үшін маңызды болғаны… 
  • Мен өз тәжірибеме енгіземін… 
  • Маған ұнағаны… 
Ауызша пікірлер де тыңдалды. Көпшілік тренингтің пайдалы әрі тәжірибеге бағытталғанын атап өтті.
Қорытынды:
Аталған тренинг педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуына және білім беру үдерісінде қолдаушы орта қалыптастыруына оң әсерін тигізді.
Мектеп психологтары: А. Назаркулова, Ж. Кикбаева