Псиологиялық денсаулықты нығайту айлығының есебі » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » Псиологиялық денсаулықты нығайту айлығының есебі
28
November
2022

Псиологиялық денсаулықты нығайту айлығының есебі

№21 ЖОББМ бойынша «Өзіне- өзі қол жұмсаудың алдын алу» мақсатында  мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлық өткізілгендігі туралы есебі

      Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес мектеп оқушыларының   психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлық іс – шаралар  өткізілді. 

     Мектебімізде осы мәселеге байлынысты айлық іс шаралары жоспары құрылып, бекітілді. 

Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлық барысында 2022 жылдың 7-9 қараша күндері 6-8 сынып оқушыларымен «Баспалдақ»  В.Г. Щур әдістемесі жүргізілді. 

Қатысқандар: 

6 «а,ә, б» сынып – 54 оқушы  

7 «а, ә» сынып – 34 оқушы

8 «а, ә» сынып – 39 оқушы

6 «В, Г» класс - 39 учеников 

7 «Б, В» класс - 38 учеников

8 «Б, В» класс - 34 учеников


 

Сынып 

1

Жоғары өзіндік бағалау

2,3

Қалыпты өзіндік бағалау

4

Өзін орташа бағалау

5,6

Төмен бағалау

7 ең төмен бағалау

6 «а, ә б» 

12

29

11

1


6 «в, г»

5

27

3



7 «а, ә» 

9

12

13



7 «б, в» 

9

17

10

2


8 «а,ә» 

3

17

15



8 «б,в» 

11

18

4

1



 

6-8 сынып оқушыларының өзіндік бағалаулары бойынша өздерін белсенді, тәртіпті, жақсы, жетістікке жететін, қамқор, мейірімді, т.б, деп себептерін көрсету арқылы көрсеткен. Жалпы өзіндік бағалаулары жақсы деңгейде. 













9-11 қараша күндері 9-11 сынып оқушыларының  агрессия деңгейін  анықтау мақсатында  «А. Басс және А.Дарки» тесті жүргізілді. 

9 «а,ә» сынып – 41 оқушы

10 «а,ә» сынып – 28 оқушы

11 «а» сынып – 21 оқушы

Сынып 

Физикалық агрессия

Вербальді агрессия

Жанама агрессия

Негати

визм

Тітір

кенуші

Күдікте

нушілік

өкпелеу

Кінәні сезіну

1

9 «а» 

1

1

3

3

-

1

2

2

2

9 «ә»

5

1

-

2

1

1

1

5

3

10 «а»

1

1

2

3

-

-

3

5

4

10 «ә»

-

2

2

1

-

-

2

5

5

11 «а»

3

1

2

-

-

-

2

5

Қорытынды: 

10

6

9

9

1

2

10

22

Жалпы 9-11 сынып – 90 оқушы қатысты, соның ішінде:

1.         физикалық агрессия – 11%

2.         вербальді агрессия – 6 %

3.         жанама агрессия  10%

4.         негативизм – 10%

5.         тітіркенуші – 1%

6.         күдіктенуші – 2%

7.         өкпелеу – 11%

8.         кінәні сезіну – 24%

Виды агрессии

Физическая агрессия (Ф)


Косвенная агрессия (К)

Раздражительность (Р)

Негативизм (Н)

Обидчивость (О)

Подозрительность (П)

Вербальная агрессия (В)

Чувство вины (Ч)

9 «Б» класс

9,1

7,7

6,0

4,8

7,6

9,0

7,7

7,5

9 «В» класс

4,8

3,8

3,5

2,2

2,7

5,6

6,6

5,7

10 «Б» класс

9,6

7,7

6,1

4,7

7,1

9,0

7,7

7,5

11 «Б»

4,9

5,2

6,3

3,1

6,3

5,8

6,7

5,6

11 «В»

5,2

2

1,2

1,2

1,6

4,2

4,2

4,6

Норма

10

9

11

5

8

10

13

9

Жалпы тестке қатысқан оқушылар бойынан анықталған агрессия шкалалары берілген индекс деңгейінің шекті мәнінен асқан жоқ,  бірақ әр шкала бойынша бала бойындағы реакция деңгейлері  анықталынып көрсетілді.  



4 қараша күні педагогикалық ұжыммен «Эмоция әлемінде» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: мұғалімдерді эмоционалдық күйзелістен арылту, жақсы көңіл-күйге шақыру. Тренинг жоспары:

        «Сәлемдесу» жаттығуы

        «Дыбыстық гимнастика»,  «Звуковая гимнастика» жаттығу 

         «СЕЗІМДЕР СӨЗДІГІ» жаттығу

        «Комплимент» жаттығуы


8 қараша күні диретордың құқықтық-тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Жакипбекова мен АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның полиция инспекторы Б.Б. Дәуренбеков   9-11 сынып оқушыларымен «Суицид қоғамға төнген қауіп» тақырыбында кездесу өткізді. 


14-18 қараша күндері 5-11 сынып оқушыларымен «Маған өмір қымбат», «Мен өмірді сүйемін» тақырыптарында сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. 


10   қараша күні  7-8 сынып оқушылары арасында «Маған өмір қымбат» тақырыбында шығарма байқауы өткізілді.  

Шығарма жазылу барсында үздік жазылған шығармалар анықталынды:

7  «а, ә» сынып оқушылары: Джолдаухан Нұрсезім, Қапалбай Нұрай, Умирзах Нұрдана, Жақыпек Ұлжан, Тайбай София

8 «а, ә» сынып оқушылары: Назарбек Ұлмекен, Алтынбек Рамина, Төлен Жанерке, Өзбек Аяжан

21-22 қараша күндері жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі психологиялық алдын алу мен ағарту мақсатында 9-10 сынып оқушыларымен «Өмірді сүйе білейік» тақырыбында эссе жазылды. 

Эссені үздік жазғандары анықталынды: 

 9 «а,ә, б,в» - Батырхан Зере, Ахметов А, Леброва Р., Гейдарова Л, Жумансол А., Хасанбаева С., Беридзе С., Фамич Ю, Фамич В.

10 «а, ә, б» - Мусахан Б,  Бейсембек А, Жалғасбек Ж, Курманчакова С.,Чахалова С.              

17-18  қараша күні  7-8 сынып оқушыларымен  «Ертегі терапиясы» өткізілді. Ертегі терапиясының мақсаты: өз ертегісін құрастыру, баяндау, жазу, талдау. 

23 қараша күні  10-11 сынып оқушыларымен «Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Мақсаты:

— өмір адам баласына бір -ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.

— адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту.

— балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Тренинг жоспары:

1. Кіріспе

2. «Дос, достыққа» сергіту ойыны

3. Топтас, ойлан, талқыла (постер қорғау)

Өмірде адамзат үшін қауіпті істер- 3 қауіптіні талдау

Өмірде адамзат үшін пайдалы ітер – 3 пайдалыны талдау

4. «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

5. «Мен сені сүйем өмір» ән айту

6. Қорытынды: « Жүрекшедегі тілектер»





 14 қараша күні ата -аналармен «Отбасын қолдау қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбында кеңес беру жұмыстары жүргізлді. Жалпы 25 ата – ана қатысты. 

Барысы:                    

  1. "Балалардың интернетке тәуелділігі", "Буллинг, кибербуллинг", 
  2. "Балалар арасындағы суицидтік мінез құлықтың алдын алу"
  3. «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын» тренинг
  4. «Бала мен ата – ана қарым – қатынасы» 

  «Қатыгездік – адам мінез-құлқындағы жағымсыз іс-әрекет» дейді ғылым. Кеңірек тәпсіріне үңілсек, жеке адамдар немесе адамдар тобына қастандық, қиянат, зорлық-зомбылық жасауды білдіреді. Қатыгездік ұғымы термин ретінде құқықтану мен криминологияда көп жағдайда жан-жануарлар мен балаларға қатысты қолданылады. Ол – әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде белгілі бір мәдениеттерде тыйым салынған жолдармен тірі жан иелеріне қарсы жүргізілетін іс-әрекеттер тізбегі. 

«Баланы  бұзуға,  түзеуге    себеп   болатын бір   шарт   —   жас   күнде    көрген   өнеге» - деп   Жүсіпбек    Аймауытовтың сөзімен айтар болсақ   қоғам  үшін  әркезеңде ,   әр   отбасында   өсіп     келе   жатқан   өрімдей    ұл  —  қыздардың дені   сау,    рухани   бай,   еңбекке,    білімге  құштар   болып    өсуі  —   ең  жоғарғы   тілек,     ең   биік    мақсат.    Оның  қуат   алатын    қайнар   бастауы   отбасы.    Отбасының   аса   құнды    ықпалы   мен   әсерін    өмірдегі   ешнәрсенің    күшімен    салыстыруға   болMayды.   Балаға    ата —  ана   тәрбиесінің    орнын    ешнәрсе    алмастыра     алMayды.


    24  қараша күні мектеп психологтары ата – аналарға «Адамның психологиялық саулығы тақырыбында кеңес беру жұмыстарын жүргізді. 

Бала  бақыты  —   білімде.   « Білім   бір   құрал.  Білімі  көп    адам  құралы   сай   ұста   сықылды,   не    жасаса да   келістіріп   жасайды », —   дейді  А.  Байтұрсынов.

Ата –аналар есіне сақтау үшін: «Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді»

Егер: 

- баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;

- баланы мұқата берсе, ол тұйық болуды үйренеді;

- баланы мақтаса ол игілікті болып үйренеді;

- баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренеді; 

- баланы жазғыра берсе, ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді;

- бала шыдамдылықта өссе, басқаларды түсінуге тырысып үйренеді;

- бала адалдықта өссе, әділетті болуға үйренеді

- бала қауіпсіздікте өссе, адамдарға сенуді үйренеді;

- бала қастастықта өссе, басқыншыл болып үйренеді;

- бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе, ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді

Ата-анамен мектеп арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.



      Мектеп психологтарының психологиялық қолдау көрсету мақсатында келеңсіз жағдайлардың алдын алу негізінде мектепте «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны» жұмыстары іске асырылуда.  Мектеп психологтарының өз ұялы телефондары визит карточка ретінде таратылды, оқушылармен байланыс орнатуға қол жетімді болу үшін аймақтық байланыс операторлар нөмірлері актив және теле2 нөмерлері визит карточкаларға жазылды. Биылғы оқу жылында оқушылармен жеке жұмыстар жүргзілді, ал аталған тақырып бойынша ешқандай қоңырау түскен жоқ. Жауапты ретінде мектеп психологтары А.С. Назаркулова мен  С. Б. Дәуренбекова   сенім жәшігі мен сенім телефоны жайлы оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.


Мектеп психологтары оқушылардың психикалық денсаулығын нығайту мақсатында оқушыларға, ата – аналарға, педагогикалық ұжыммен  психологиялық қолдау көрсету, алдын алу, ағарту жұмыстары жүргізіліп,  жеке кеңестер берілуде.


Орындаған: мектеп психологы: А.С. Назаркулова, С.Б. Дәуренбекова