Психологиялық қызмет - №21 ЖОББМ https://21.merki.edu.kz/ ru Психологиялық қызмет - №21 ЖОББМ DataLife Engine «Өмір – ең қымбат сый!» тренингі https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2326-mr-e-ymbat-syj-trening.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2326-mr-e-ymbat-syj-trening.html     Тақырыбы: «Өмір – ең қымбат сый!» тренингі
     Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, эмоционалдық тұрақтылығын дамыту, қиындықтарды жеңудің тиімді жолдарын үйрету және ішкі ресурстарын анықтауға ықпал ету.
Психологиялық жұмыс бағыты: түзету-дамыту, психологиялық алдын алу
Өткізу күні: 15 мамыр 2026 жыл
Қатысушылар: 9 «а, ә» сынып, 11 «а, ә» сынып оқушылары
Тренинг жоспары
1. «Жылы жүрек» жаттығуы, мақсаты: Топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне жақсы тілек айтып, жылы сөздермен бөлісті. Жаттығу қатысушылардың ашық қарым-қатынас жасауына ықпал етті.
2. «Қиындықтан шығу жолы» жаттығуы, мақсаты: Қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Қатысушыларға түрлі өмірлік жағдаяттар ұсынылып, олар сол жағдайдан шығудың тиімді әрі салауатты жолдарын топпен талқылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірінің пікірлерін тыңдады.
3. «Менің күшті қасиеттерім» жаттығуы, мақсаты: Өзін-өзі бағалауды көтеру және ішкі сенімділікті нығайту.
Әр оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазып, оларды қалай қолданатыны туралы айтып өтті. Жаттығу барысында оқушылар өздерінің жағымды қырларын анықтап, сенімділік сезімін арттырды.
4. Арт-терапиялық жаттығу «Өмір ағашы» мақсаты: Оқушылардың ішкі ресурстарын анықтау және өмірлік құндылықтарын сезіну.
Қатысушылар қағаз бетіне «Өмір ағашын» бейнеледі. Ағаштың тамырына – өзіне күш беретін адамдарды, діңіне – өз қасиеттерін, бұтақтарына – армандары мен мақсаттарын жазды. Жаттығу оқушылардың өмірге деген құндылық көзқарасын дамытуға бағытталды.
5. Рефлексия «Жүректен шыққан сөз» мақсаты: Тренингтен алған әсерлерін қорытындылау.
Оқушылар тренинг барысында алған әсерлерімен бөлісіп, өз көңіл-күйлерін білдірді. Қатысушылар бір-біріне қолдау сөздер айтып, тренингтің пайдалы әрі қызықты өткенін атап өтті.
Тренинг барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. «Жылы жүрек» жаттығуы арқылы қатысушылар арасында сенімді әрі қолайлы психологиялық орта қалыптасты.
«Қиындықтан шығу жолы» жаттығуында оқушылар өмірдегі түрлі қиын жағдайларды талқылап, оларды шешудің салауатты тәсілдерін ұсынды. Бұл жаттығу олардың ойлау қабілетін дамытып, өзара қолдау көрсетуге үйретті.
«Менің күшті қасиеттерім» жаттығуы оқушылардың өзіндік бағалауын көтеруге, өз мүмкіндіктерін сезінуге ықпал етті. Қатысушылар өздерінің жақсы қасиеттерін атап, болашақта сол қасиеттерді тиімді пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.
Арт-терапиялық «Өмір ағашы» жаттығуы ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар өздерінің өмірлік мақсаттарын, армандарын және ішкі тіректерін бейнелеу арқылы өмірдің маңыздылығын сезіне білді.
     Тренинг соңында оқушылар жағымды көңіл-күй алғандарын айтып, өмірдің құндылығы мен адам өмірінің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Жалпы тренинг оқушылардың эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп, психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған тиімді жұмыс болды.

]]>
    Тақырыбы: «Өмір – ең қымбат сый!» тренингі

admin Fri, 15 May 2026 12:17:20 -0400
«Сандық әлемде өзіңді жоғалтпа» жаднама тарату https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2325-sandy-lemde-zd-zhoaltpa-zhadnama-taratu.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2325-sandy-lemde-zd-zhoaltpa-zhadnama-taratu.html Тақырыбы: «Сандық әлемде өзіңді жоғалтпа» жаднама тарату
Мерзімі: 12 мамыр 2026ж
Психологиялық жұмыс бағыты: психологиялық алдын алу, ағарту
Қатысқандар: мектеп педагогтері
Мақсаты: Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, сандық әлемде қауіпсіз әрі саналы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
      Қазіргі таңда цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мұғалім тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар оқушыларға саналы цифрлық мәдениетті қалыптастырушы тұлға. Сандық әлемді дұрыс пайдалану – уақытты тиімді басқаруға, қауіпсіздікті сақтауға және психологиялық саулықты нығайтуға көмектеседі.
Жаднамада мұғалімдерге арналған негізгі 6 бағыт көрсетілген:
Уақытты басқару – онлайн жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау, әлеуметтік желілерге шектеу қою, «цифрлық демалыс» ұйымдастыру.
Ақпаратты сүзгіден өткізу – кез келген ақпараттың шынайылығын тексеру, фейк жаңалықтарды ажырата білу және оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту.
Жеке қауіпсіздік – жеке деректерді қорғау, күрделі құпиясөз қолдану және күмәнді сілтемелерден сақ болу.
Онлайн қарым-қатынас мәдениеті – цифрлық этиканы сақтау, кибербуллингтің алдын алу және әдепті қарым-қатынас орнату.
Психологиялық саулық – экран алдында ұзақ отырмау, көз бен жүйкеге демалыс беру, шынайы өмірдегі қарым-қатынасты ұмытпау.
Үлгі болу – мұғалімнің өз әрекеті арқылы оқушыларға дұрыс бағыт көрсетуі және цифрлық құралдарды тиімді қолдануы.
     Қорытынды: Сандық әлем – үлкен мүмкіндік алаңы. Оны қауіпсіз әрі тиімді пайдалану әр адамның жауапкершілігі. Саналы цифрлық мәдениет қалыптастыру арқылы өзімізді де, оқушыларымызды да дұрыс бағытта дамыта аламыз.

]]>
Тақырыбы: «Сандық әлемде өзіңді жоғалтпа» жаднама тарату

admin Tue, 12 May 2026 12:15:40 -0400
«Ата-ананың сенімі баланың өз-өзіне деген сенімінің бастауы» тақырыбында жаднама https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2329-ata-anany-senm-balany-z-zne-degen-senmn-bastauy-tayrybynda-zhadnama.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2329-ata-anany-senm-balany-z-zne-degen-senmn-bastauy-tayrybynda-zhadnama.html
]]>

]]>
admin Mon, 04 May 2026 12:45:51 -0400
«Балалармен қарым-қатынаста сенімділік құзыреттілігін дамыту» https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2324-balalarmen-arym-atynasta-senmdlk-zyrettlgn-damytu.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2324-balalarmen-arym-atynasta-senmdlk-zyrettlgn-damytu.html        Тақырыбы: «Балалармен қарым-қатынаста сенімділік құзыреттілігін дамыту»
 Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесінде тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын түсіндіру, педагогикалық әдеп нормаларын қалыптастыру, бала мен ата-ана арасындағы сенімді байланысты нығайту.
Өткізілген күні: 16 сәуір 2026ж
 Қатысқандар: 70 ата-ана
Жиналыс барысы: жиналыс барысында ата-аналармен бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, тиімді қарым-қатынас орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері түсіндірілді. Қатысушылар белсенділік танытып, пікір алмасты.
1. Педагогикалық әдеп және ата-ана мәдениеті
Жиналыс басында педагогикалық әдептің мәні түсіндірілді.
 Атап айтқанда:
 – тұлғаны құрметтеу;
 – жеке шекараны сақтау;
 – құпиялылық;
 – эмоцияны бақылау.
 Сонымен қатар ата-аналарға қатысты әдеп нормалары қарастырылды:
 – мұғалімнің кәсіби мәртебесін құрметтеу;
 – эмоцияға берілмей, нақты дерекке сүйену;
 – мектеп ережелерін сақтау;
 – баланың көзінше мұғалімді сынамау. 
 Ата-ана мен педагог – қарсы тарап емес, баланың дамуына ықпал ететін серіктестер екені атап өтілді.
2. Қарым-қатынаста жиі кездесетін мәселелер. Жиналыста келесі проблемалар талданды:
 – эмоциялық қысым (айқайлау, кінәлау);
 – әлеуметтік желіде мұғалімді талқылау;
 – біржақты пікір қалыптастыру;
 – жеке шекараның бұзылуы. 
 Мұндай әрекеттер баланың психологиялық жағдайына кері әсер ететіні түсіндірілді.
3. Тиімді қарым-қатынас принциптері
Ата-аналарға тиімді қарым-қатынастың негізгі қағидалары ұсынылды:
 – ашық диалог;
 – белсенді тыңдау;
 – «кінәлау» емес, «шешім іздеу» тәсілі;
 – ортақ мақсат – баланың игілігі;
 – құпиялылықты сақтау.
 Қорытынды: Қарым-қатынаста өзара түсіністік пен құрметтің маңызы айқындалды.
4. Қақтығысты мәдениетті түрде шешу жолдары
Ата-аналарға қақтығыс жағдайында:
 – сабыр сақтау;
 – жеке кездесу ұйымдастыру;
 – нақты деректерге сүйену;
 – компромисс табу;
 – әкімшілікке жүгінуді соңғы шара ретінде қолдану ұсынылды.
5. «Бала көзімен» жаттығуы. Ата-аналарға ойлануға арналған сұрақтар қойылды:
 – Соңғы рет балаңызды қашан мақтадыңыз?
 – Балаңыз сізден не күтеді?
 – Оның орнында болсаңыз, өзіңізді қалай сезінер едіңіз?
Мақсаты: Баланы түсіну, оның ішкі әлеміне үңілу.
Қорытынды: Ата-аналар баланың басты қажеттілігі – назар, түсіну және махаббат екенін түсінді.
6. «Мен қандай ата-анамын?» тест-рефлексия
Ата-аналар тест сұрақтарына жауап беріп, өздерінің тәрбие стилін анықтады:
 – қатаң;– аралас;– демократиялық.
 Әр стиль бойынша ұсыныстар берілді.
Көпшілік ата-аналар өз тәрбие тәсілдерін қайта қарастыру қажеттігін түсінді.
7. Темперамент типтерімен таныстыру. Жиналыс барысында бала темпераментінің түрлері (холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик) түсіндіріліп, әр типпен жұмыс істеу ерекшеліктері айтылды. Қорытынды: Ата-аналар баланың мінез-құлқын дұрыс түсіну үшін оның темпераментін ескеру маңызды екенін білді.
   Жалпы қорытынды: жиналыс ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, балаға деген көзқарасын өзгертуге ықпал етті. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасты.
Қорытынды ой: «Құрмет пен түсіністік бар жерде ғана бала тұлғасы үйлесімді дамиды.»

]]>
       Тақырыбы: «Балалармен қарым-қатынаста сенімділік құзыреттілігін дамыту»

admin Thu, 16 Apr 2026 12:09:56 -0400
«Өзіңе деген қамқорлық, өмірге деген құштарлық» https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2323-ze-degen-amorly-mrge-degen-shtarly.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2323-ze-degen-amorly-mrge-degen-shtarly.html     Тақырыбы: «Өзіңе деген қамқорлық, өмірге деген құштарлық»
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, эмоциялық саулығын сақтау дағдыларын қалыптастыру, өмір құндылығын түсінуге бағыт беру.
Сыныптар:10–11 сынып оқушылары
Мерзімі: 21 сәуір 2026жыл
Қатысқандар саны: 32
Жоспары: 
  1. «Жылулық шеңбері» (Icebreaker)
  2. «Өмір дөңгелегі» жаттығуы
  3. «Стресс чемоданы» ойыны
  4. «Менің болашақтағы өзіме хат» жаттығуы
Тренинг барысы: тренинг оқушылармен сенімді, ашық қарым-қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылды. Жұмыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
1. «Жылулық шеңбері» (Icebreaker)
Тренингтің басында оқушылар шеңберге тұрып, өз есімдерін атап, «Мен өзіме қамқорлық жасағанда…» сөйлемін аяқтады.
Оқушылардың жауаптары әртүрлі болды: демалу, музыка тыңдау, достармен сөйлесу, жалғыз қалу, сүйікті ісімен айналысу және т.б.
Мақсаты:
– топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
– сенімділік пен ашықтықты арттыру.
Қорытынды: Оқушылар бір-бірін жақынырақ танып, тренингке психологиялық тұрғыдан дайындалды.
2. «Өмір дөңгелегі» жаттығуы
Оқушыларға өмір салаларын қамтитын дөңгелек сызба ұсынылды (денсаулық, оқу, достар, отбасы, демалыс, арман/мақсат). Әр қатысушы осы салаларды 1–10 аралығында бағалады.
Кейін талқылау жүргізілді:
– қай салада қанағаттану төмен екені анықталды;
– өмір балансын сақтау қажеттілігі түсіндірілді;
– өз-өзіне қамқорлық жетіспейтін бағыттар анықталды.
Мақсаты: өзін-өзі талдау дағдыларын дамыту; өмірдегі тепе-теңдікті бағалау.
Қорытынды: оқушылар өз өміріндегі әлсіз тұстарды анықтап, оны жақсарту жолдары туралы ойланды.
3. «Стресс чемоданы» ойыны Тақтаға «чемодан» бейнесі салынып, оқушылар стикерлерге өздерін мазалайтын, шаршататын факторларды жазды (оқу жүктемесі, ата-анамен түсінбеушілік, емтихан, болашаққа алаңдау және т.б.).
Кейін ортақ талқылау жүргізілді:
– қай стресс факторларынан арылуға болатыны;
– қиындықтарды жеңу жолдары қарастырылды.
Мақсаты: эмоциялық жеңілдеу; стресс себептерін анықтау және басқару.
Қорытынды: оқушылар өз сезімдерін ашық білдіріп, бір-біріне қолдау көрсетті. Стресті басқару тәсілдері ұсынылды.

Оқушылар 1–2 жылдан кейінгі өздеріне хат жазды. Хат мазмұнында:
– қандай адам болғысы келетіні;
– өзіне беретін кеңесі;
– бақытқа жету жолдары қамтылды.
Мақсаты: өмірлік мақсат қою, ішкі мотивацияны арттыру.
Қорытынды: оқушылар болашаққа жоспар құрып, өз мүмкіндіктеріне сенім білдірді.
     Жалпы қорытынды: тренинг барысында оқушылар өз эмоцияларын тануға, өз-өзіне қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алды. Қатысушылар белсенділік танытып, топтық жұмыстарға қызығушылықпен қатысты.
Тренинг соңында келесі тұжырым жасалды:  «Өзіңе қамқорлық жасау – әлсіздік емес, бұл – күш. Өзін түсінген адам ғана өмірдің құндылығын сезіне алады.»

]]>
    Тақырыбы: «Өзіңе деген қамқорлық, өмірге деген құштарлық»

admin Sat, 11 Apr 2026 12:06:44 -0400
«Оқушыны сеніммен жетелейтін мұғалім: мотивация мен қолдаудың рөлі» https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2321-oushyny-senmmen-zhetelejtn-malm-motivacija-men-oldaudy-rl.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2321-oushyny-senmmen-zhetelejtn-malm-motivacija-men-oldaudy-rl.html Іс-шара тақырыбы: «Оқушыны сеніммен жетелейтін мұғалім: мотивация мен қолдаудың рөлі»
Мақсаты: Мұғалімдердің оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, оларды ынталандыру және психологиялық қолдау көрсету дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ білім беру процесінде сенімді әрі қолдаушы орта қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.
Психологиялық жұмыс бағыты: психологиялық ағарту және алдын алу.
Өткізу күні: 18 наурыз 2026жыл 
Қатысушылар: жас маман педагогтар
Тренинг жоспары: 
  1. «Педагогикалық ұстаным» жаттығуы
  2.  «Менің мұғалім ретіндегі құндылығым» жаттығуы
  3. «Мини-дәріс: «Оқушы мотивациясының психологиялық негіздері»
  4. «Қиын оқушымен жұмыс» жағдаяттық тапсырма
  5. Рөлдік ойын «Қолдаушы мұғалім»
  6. «Мотивация құралдары» жаттығуы
  7.  Қорытынды
     Іс-шараның жүру барысы:  «Педагогикалық ұстаным» жаттығуы жүргізілді. Қатысушыларға «Менің оқушымен жұмысымдағы басты қағидам…» деген сөйлемді аяқтау ұсынылды. Әр педагог өз ұстанымын стикерге жазып, ортақ тақтаға ілді және қысқаша түсіндірді. Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби көзқарасын анықтау, өз тәжірибесін саралау, ортақ құндылықтарды айқындау. 
Нәтижесі: Қатысушылар өздерінің педагогикалық ұстанымдарын қайта ой елегінен өткізіп, әріптестерінің тәжірибесімен танысты. Ортақ пікірлер мен құндылықтар анықталып, тренингке белсенді қатысуға мотивация қалыптасты.
2. Негізгі бөлім:  «Менің мұғалім ретіндегі құндылығым» жаттығуы:
 Қатысушылар өздерінің кәсіби күшті жақтарын атап, постерге жазды.
 Нәтижесінде: мұғалімдердің өзіндік кәсіби бағалауы артты, позитивті кәсіби көзқарас қалыптасты. 
2) Мини-дәріс: «Оқушы мотивациясының психологиялық негіздері»
 Психолог оқушылардың ішкі және сыртқы мотивациясы, қолдаудың рөлі, сенімді қарым-қатынастың маңызы туралы ақпарат берді.Талқыланған мәселелер:
  • мотивация түрлері; 
  • мадақтау мен сынның әсері; 
  • эмоционалдық қолдаудың маңызы. 
3) «Қиын оқушымен жұмыс» жағдаяттық тапсырма:
 Қатысушылар топтарға бөлініп, түрлі педагогикалық жағдаяттарды талдады (мотивациясы төмен оқушы, тәртіп мәселесі бар оқушы, өзіне сенімсіз оқушы).
 Әр топ өз шешімін ұсынып, талқылау жүргізілді.
Нәтижесінде: тәжірибе алмасу жүзеге асты; тиімді педагогикалық тәсілдер анықталды. 
4) Рөлдік ойын «Қолдаушы мұғалім» Қатысушылар мұғалім мен оқушы арасындағы диалогты сахналады. Мақсаты – қолдау көрсету, дұрыс кері байланыс беру дағдыларын қалыптастыру.
Бұл жаттығу барысында: эмпатия деңгейі артты; тиімді қарым-қатынас тәсілдері бекітілді. 
5) «Мотивация құралдары» жаттығуы. Қатысушылар оқушыларды ынталандырудың нақты әдістерін жазып, ортақ тізім жасады (мақтау, жетістік жағдайын құру, қызықты тапсырмалар беру, жеке қолдау көрсету).
4. Қорытынды бөлім «Кері байланыс» әдісі: Қатысушылар стикерлерге өз пікірлерін жазды:
  • Бүгін мен үшін маңызды болғаны… 
  • Мен өз тәжірибеме енгіземін… 
  • Маған ұнағаны… 
Ауызша пікірлер де тыңдалды. Көпшілік тренингтің пайдалы әрі тәжірибеге бағытталғанын атап өтті.
Қорытынды:
Аталған тренинг педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуына және білім беру үдерісінде қолдаушы орта қалыптастыруына оң әсерін тигізді.
Мектеп психологтары: А. Назаркулова, Ж. Кикбаева 
 
]]>
Іс-шара тақырыбы: «Оқушыны сеніммен жетелейтін мұғалім: мотивация мен қолдаудың рөлі»

admin Wed, 18 Mar 2026 11:58:42 -0400
"Қобалжу мен стресстің алдын алу" жаднама тарату https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2196-obalzhu-men-stresst-aldyn-alu-zhadnama-taratu.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2196-obalzhu-men-stresst-aldyn-alu-zhadnama-taratu.html Мектеп оқушыларының психологиялық саулығын сақтау, күйзеліс пен қобалжудың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта оқушылар мен ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар дайындалып, таратылды.

Жаднамаларда қобалжу мен стресстің алдын алу жолдары, баламен достық қарым-қатынас орнату тәсілдері, сондай-ақ психологиялық көмекке жүгіну мүмкіндіктері туралы маңызды кеңестер қамтылған. Сонымен қатар қиын жағдайларда жүгінуге болатын сенім телефондары мен психологиялық қолдау қызметтері туралы ақпарат берілген.

Аталған жаднамалар мектептің сынып жетекшілерінің чатына жіберіліп, сынып жетекшілер арқылы оқушыларға таратылды. Сонымен қатар ақпараттың қолжетімділігін арттыру мақсатында жаднамалар мектептің әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайтына жарияланды.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, олардың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу және қажет болған жағдайда кәсіби көмекке жүгінуге бағыт беру.

Мектеп психологы оқушыларға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін еске салады. Оқушылардың психологиялық саулығы – басты назарда.

]]>
Мектеп оқушыларының психологиялық саулығын сақтау, күйзеліс пен қобалжудың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта оқушылар мен ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар дайындалып, таратылды.

Жаднамаларда қобалжу мен стресстің алдын алу жолдары, баламен достық қарым-қатынас орнату тәсілдері, сондай-ақ психологиялық көмекке жүгіну мүмкіндіктері туралы маңызды кеңестер қамтылған. Сонымен қатар қиын жағдайларда жүгінуге болатын сенім телефондары мен психологиялық қолдау қызметтері туралы ақпарат берілген.

Аталған жаднамалар мектептің сынып жетекшілерінің чатына жіберіліп, сынып жетекшілер арқылы оқушыларға таратылды. Сонымен қатар ақпараттың қолжетімділігін арттыру мақсатында жаднамалар мектептің әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайтына жарияланды.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, олардың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу және қажет болған жағдайда кәсіби көмекке жүгінуге бағыт беру.

Мектеп психологы оқушыларға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін еске салады. Оқушылардың психологиялық саулығы – басты назарда.

]]>
admin Fri, 13 Mar 2026 14:59:17 -0400
«Сенімділік – сәттілік бастауы»тренинг https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2322-senmdlk-sttlk-bastauytrening.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2322-senmdlk-sttlk-bastauytrening.html Іс-шара тақырыбы: «Сенімділік – сәттілік бастауы»тренинг
Мақсаты: Оқушылардың тұлғалық дамуын қолдау, өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін-өзі бағалауын қалыптастыру, ішкі ресурстарын анықтау және тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Психологиялық жұмыс бағыты: дамыту-түзету, психологиялық ағарту және алдын алу.
Өткізу күні: 11 наурыз 2026жыл 
Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары
Тренинг жоспары: 
  1. «Шаттық шеңбері» жаттығуы
  2.  «Мен қандаймын?» жаттығуы:
  3. «Менің жетістіктерім» жаттығуы
  4. «Сенімділік баспалдағы» әдісі
  5. Рөлдік ойындар
  6.  «Сергіту сәті» қорытынды
     Іс-шараның жүру барысы: Психолог оқушылармен амандасып, тренингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырды. Топтық жұмыс ережелері (бір-бірін тыңдау, сөзді бөлмеу, пікірді құрметтеу, белсенділік таныту) түсіндірілді.«Шаттық шеңбері» жаттығуы: Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жылы тілектер айтып, жағымды атмосфера қалыптастырды. Бұл кезеңде балалардың эмоционалдық күйі тұрақтанып, тренингке қызығушылығы артты. «Мен қандаймын?» жаттығуы:
 Әр оқушы өз есімін айтып, өзіне тән 3 жағымды қасиетін атады. Кейбір оқушылар бастапқыда қысылып, ойын толық жеткізе алмады, алайда топтың қолдауы арқылы белсенділік біртіндеп артты. Бұл жаттығу оқушылардың өзін-өзі қабылдауына және позитивті ойлауына ықпал етті.
Негізгі бөлім:  «Менің жетістіктерім» жаттығуы: Оқушылар өз өміріндегі кіші немесе үлкен жетістіктерін жазып, топ алдында бөлісті.
 Нәтижесінде: Оқушылар өздерінің қабілеттерін байқап, өзіне деген сенімі артты, кейбір оқушылар бұрын мән бермеген жетістіктерін қайта бағалады.  «Сенімділік баспалдағы» әдісі: Оқушыларға баспалдақ бейнесі ұсынылып, өздерінің сенімділік деңгейін белгілеу тапсырылды.Содан кейін сенімділікті арттыру жолдары талқыланды: өзін қолдау; позитивті ойлау; мақсат қою; қорқынышты жеңу. Бұл әдіс оқушыларға өзін-өзі бағалауға және даму бағытын көруге мүмкіндік берді. Рөлдік ойындар: Оқушыларға түрлі өмірлік жағдаяттар ұсынылды (мысалы: сынып алдында сөйлеу, пікірін қорғау, жаңа ортаға бейімделу). Оқушылар рөлге еніп, өз ойларын сенімді түрде жеткізуге тырысты. Нәтижесінде: коммуникативтік дағдылар дамыды; өз ойын ашық айтуға дағдыланды; «Комплименттер шеңбері»:
 Оқушылар бір-біріне жағымды қасиеттерін айтып, комплимент жасады.
 Бұл жаттығу: өзін бағалауды көтерді; сынып ішінде жағымды қарым-қатынас орнатты; эмоционалдық қолдау сезімін қалыптастырды. 
Сергіту сәті (5 минут): Қысқа психологиялық және қозғалыс жаттығулары жүргізілді. Оқушылардың шаршауы басылып, белсенділігі қайта артты.
Қорытынды бөлім.
«Кері байланыс» әдісі: Оқушылар стикерлерге келесі сұрақтарға жауап жазды:
  • Мен не үйрендім? 
  • Маған не ұнады? 
  • Мен үшін не қиын болды? 
Кейбір оқушылар ауызша да пікір білдірді. Көпшілігі тренингтің қызықты әрі пайдалы өткенін атап өтті.
 «Сенімділік – сәттілік бастауы» тренингі оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді. Тренинг барысында қолайлы психологиялық орта қалыптасып, оқушылар өз мүмкіндіктерін түсіне бастады.

]]>
Іс-шара тақырыбы: «Сенімділік – сәттілік бастауы»тренинг

admin Wed, 11 Mar 2026 12:03:01 -0400
«Алғыс – жүректен шыққан жылы сөз» тренинг https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2198-alys-zhrekten-shyan-zhyly-sz-trening.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2198-alys-zhrekten-shyan-zhyly-sz-trening.html Іс-шара тақырыбы: «Алғыс – жүректен шыққан жылы сөз»
Тренингтің мақсаты – оқушылардың бір-біріне деген құрметін, ризашылығын арттыру, эмпатия мен жағымды қарым-қатынасты дамыту және алғыс айтудың психологиялық маңызын түсіндіру.
Психологиялық жұмыс бағыты: дамыту-түзету, психологиялық ағарту және алдын алу.
Өткізу күні: 26 ақпан 2026жыл 
Респонденттер: 11 сынып оқушылары
Тренинг жоспары:
  1. «Алғыс банкісі» жаттығуы
  2. «Алғыс хат»
  3. «Эмоциялық кемпірқосақ» арт терапия
  4. «Алғыс ағашы» арт- техникасы
  5.  «Жылы лебіз» мотивациялық жаднама тарату
    Тренинг барысында 
«Алғыс банкісі» – оқушылар позитивті сәттер мен жетістіктерін атап өтті.
«Алғыс хат» – өмірінде маңызды рөл  атқаратын адамға яғни дұрыс жолды таңдау, себепкер болған ұстаздарына   алғыс хат жазды.
«Эмоциялық кемпірқосақ» – позитивті эмоцияларды анықтап, талдау жүргізілді. «Алғыс ағашы» техникасы – маңызды адамдар мен өмірлік сәттерге ризашылық білдіру жүзеге асырылды.
«Жылы лебіз» – жаттығуында психолог тарапынан оқушыларға мотивациялық жаднамалар ұсынылды. Жаднамалар кездейсоқ таңдау әдісі арқылы таратылып, әр қатысушы өзіне түскен нақыл сөзді дауыстап оқып, оның өміріндегі маңыздылығы мен қазіргі кезеңде не үшін қажет екенін түсіндірді. Психолог әрбір таңдалған сөздің адамның ішкі жан дүниесіне әсер ететінін, кейде кездейсоқ таңдалған ойдың да өмірлік бағыт-бағдар беретінін атап өтті. Оқушылар өздеріне түскен мотивациялық сөздердің жеке өмірімен байланысын талдап, болашақ мақсаттарымен ұштастырды. Бұл жұмыс түрі оқушылардың өзін-өзі тануына, ішкі ресурстарын анықтауына және жағымды ой қалыптастыруына ықпал етті. Нәтижесінде қатысушылар мотивациялық сөздердің маңызын түсініп, оларды күнделікті өмірде басшылыққа алу қажеттігі туралы қорытынды жасады.
   Оқушылар тренингке белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізді. Жаттығулар барысында достық, сенім және өзара сыйластық атмосферасы қалыптасты.
Қорытынды:
Тренинг өз мақсатына жетті. Оқушылар алғыс айтудың маңызын түсініп, бір-біріне деген құрмет пен ризашылық сезімдерін білдіре алды. Іс-шара оқушылардың эмоционалдық жағдайына оң әсерін тигізді.

]]>
Іс-шара тақырыбы: «Алғыс – жүректен шыққан жылы сөз»

admin Thu, 26 Feb 2026 15:19:54 -0500
«Қауіпсіз интернет», «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында арнайы психологиялық жаднамалар тарату https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2197-aupsz-internet-bulling-zhne-kiberbullingt-aldyn-alu-tayryptarynda-arnajy-psihologijaly-zhadnamalar-taratu.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/2197-aupsz-internet-bulling-zhne-kiberbullingt-aldyn-alu-tayryptarynda-arnajy-psihologijaly-zhadnamalar-taratu.html Оқушылардың интернет кеңістігінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта «Қауіпсіз интернет», «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында арнайы психологиялық жаднамалар дайындалып, таратылды.

Жаднамаларда оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері, әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдары, буллинг пен кибербуллингтің белгілері және мұндай жағдайларда қандай әрекет жасау керектігі туралы түсіндірме ақпараттар берілген. Сонымен қатар қиын жағдай туындағанда сенімді ересектерге немесе мектеп психологына жүгіну қажеттілігі туралы ұсыныстар қамтылған.

Дайындалған жаднамалар сынып жетекшілерінің ортақ чатына жіберіліп, сынып жетекшілер арқылы оқушыларға таратылды. Сонымен қатар ақпараттың кең таралуын қамтамасыз ету мақсатында материалдар мектептің әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайтына жарияланды.

Бұл жұмыстардың мақсаты – оқушылардың интернет мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.

]]>
Оқушылардың интернет кеңістігінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта «Қауіпсіз интернет», «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында арнайы психологиялық жаднамалар дайындалып, таратылды.

Жаднамаларда оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері, әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдары, буллинг пен кибербуллингтің белгілері және мұндай жағдайларда қандай әрекет жасау керектігі туралы түсіндірме ақпараттар берілген. Сонымен қатар қиын жағдай туындағанда сенімді ересектерге немесе мектеп психологына жүгіну қажеттілігі туралы ұсыныстар қамтылған.

Дайындалған жаднамалар сынып жетекшілерінің ортақ чатына жіберіліп, сынып жетекшілер арқылы оқушыларға таратылды. Сонымен қатар ақпараттың кең таралуын қамтамасыз ету мақсатында материалдар мектептің әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайтына жарияланды.

Бұл жұмыстардың мақсаты – оқушылардың интернет мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.

]]>
admin Tue, 24 Feb 2026 15:16:13 -0500