08
September
2025
8-11 сынып білім алушыларымен Құқықтық ақпараттық түсіндіру кездесу





Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңдық жауапкершілігін сақтауға қатысты маңызды ақпараттар беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қылмыстық құқық саласындағы ҚР заңнамасы аясында жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі, жыныстық сипаттағы қылмыстарға қатысты қатаң жаза мен алдын алу жолдары туралы хабарламалар айтып, жасөспірімдердің жауапкершілігі: ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар 16 жасқа толған сәттен бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады; ауыр қылмыс жасаған 14 жастағы жасөспірімдер де заң алдында жауапқа тартылатыны жайлы айтылды.
Білім алушыларға интернет пен көшеде бейтаныс адамдармен араласудан, белгісіз заттар алудан сақтануды, олардың жүріс-тұрысын бақылауды күшейту керектігі, баланы «қауіпті топтан» қорғау маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ балалардың құқықтық жауапкершілік деңгейіне сай тәртіпті ұстануды, құқық бұзушылықтың салдарын түсінуді қоса алғанда, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін күнделікті үйрету қажеттігі ерекше аталып өтті.
Қорытындылай келе білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқық бұзушылықтың алдын алу дағдылары артты. Осы шара барысында жеткізілген негізгі хабарламалар мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жалғасады.
