15
февраль
2023
«Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары»
2023 жылдың 15 ақпан күні 1-4 сынып жетекшілер «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаттарында білім алушылар денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітті.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.