№21 жалпы орта білім беретін мектебіндегі аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан білім алушылар мен денсаулығына байланысты үйде оқытылатын білім алушыларға демеушілер тарапынан берілген жаңа жылдық тәтті сыйлықтар берілуі туралы Ақпарат
Мақсаты: Жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған көп балалы, жартылай жетім отбасында тәрбиеленіп жатқан және денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау.
Адам көңілінің шаттыққа бөлеп жүрегіне ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі - Жаңа жыл. Бұл мерекені әсіресе балалар жүрегімен, тілегімен тосады және сыйлықтар күтеді. Жаңа - жыл қарсаңында 2023 жылдың 28 желтоқсан күні демеушілер тарапынан 45 дана тәтті сыйлықтар аз қамтылған көп балалы, жартылай жетім отбасында тәрбиеленіп жатқан және денсаулығына байланысты үйде оқытылатын білім алушыларға сыйға берілді.
Мектеп директоры Бекжанова Эльмира Алтынбекқызы демеушілік көрсеткен Андас батыр ауылындағы Меркі ауданы бойынша шекара басқармасы «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен офицерлері майор А.Набиев пен лейтенант А.Баймукашевқа және ауылымыздың кәсіпкері «Бахор» ШҚ төрағасы Б.Хасанбаев мырзаға алғысын білдіріп, ата-аналар мен білім алушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.






