«Есірткі құрбаны болудан сақтан» тақырыбында 6-9 сынып аралығында сынып сағаттарының өткізілуі туралы анықтама
Мерзімі: 11.11.2022 жыл
Мақсаты:
1.Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
2.Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын арттырып отыр. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Өйткені жасөспірімдер, жастар нашақорлығы анағұрлым қауіпті және кейіннен оның өлімге әкелетін зардаптары бар. Жасөспірімдер мен жастардың есірткіге тәуелділігі көбіне нашақор ата-аналарына керек емес мүгедек балалардың дүниеге келуіне, сондай-ақ дәл осы жастар арасындағы өлімнің жоғары болуына әкеп соғады. Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу айлығы барысында №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Есірткі құрбаны болудан сақтан» тақырыбында 6-9 сынып білім алушылары аралығында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында білім алушыларға дүниедегі ең қымбат нәрсе ол оның өмірі мен денсаулығы екенін, өмірлерінің өз қолыңда - темекі, вейп, алкоголь денсаулыққа зиянын тигізіп қоймай, оның арты нашақорлыққа әкеліп соғатыны туралы айтылды.
