2023-2024 оқу жылында атқарылған оқу -тәрбие жұмысының қорытындысы. Мектеп директоры Бекжанова Э.А » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылында атқарылған оқу -тәрбие жұмысының қорытындысы. Мектеп директоры Бекжанова Э.А
23
май
2024

2023-2024 оқу жылында атқарылған оқу -тәрбие жұмысының қорытындысы. Мектеп директоры Бекжанова Э.А



2023-2024 оқу жылында №21 жалпы орта білім беретін мектебі «Білімді ұлт» сапалы білім беру»  ұлттық жобасын негізге алып «Оқыту мен тәрбие үрдісінде оқытудың- инновоциялық әдістерін қолдану арқылы сапалы білім мен саналы тәрбие беру» тақырыбында жұмыс жүргізді. Тақырып оқу үрдісін дамытуға бағытталған.   Осы мақсатқа жету барысында атқарылуға тиіс негізігі  міндеттер айқындалды:                          

      – білім беруде педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру;

  • педогогтер мен білімалушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға әдістемелік жағдай жасау;
  • педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру арқылы білім сапасын арттыруға қол жеткізу;
  • білімалушылардың құзіреттілігін қалыптастыра  отырып, оқу-тәрбие жұмысын үздіксіз жандандыру;
  • ата-аналарға педагогикалық рефлексияны қалыптастыру арқылы отбасылық тәрбиенің әдістемесін таңдау мен қолдануға тәжірибе алмасу;

Мектепте білім беру екі тілде (қазақ, орыс ) жүргізіледі. Мекеме үздіксіз білім берудің негізгі бөлімі болып табылады және Қазақстан Республикасының бар азаматтарына мемлекет берілген құқық пен жалпыға бірдей міндетті стандарт көлемінде ақысыз орта білім алу мүмкіндігі берілген. 

Жалпы оқушы саны- 852   бала 

1-4 сыныптарда - 306

5-9 сыныптарда - 442

10-11 сыныптарда -104

Мектеп жағдайына байланысты мектепте оқу-тәрбие жұмысы күніне үш ауысымда жүзеге асырылды. Сыныпта білім алушыларды  орналастыру, сабақ кестесінің реттілігі, санитарлық талап ережесіне сай жасалды. Мектеп әкімшілігі әрбір пән бойынша білім алушылардың білім сапасына терең сараптама жасап, тоқсан сайын білім деңгейін зерттеу арқылы талдау жүргізді. 

2023-2024 оқу жылында мектеп бойынша үлгерім 100 пайызды, білім сапасы 71 пайызды құрады. Білім алушылардың:  129-уі үздік, 386-сы екпінді, 344-сы орташа аяқтап шықты. Білім сапасының өсу динамикасы өткен оқу жылымен салыстырғанда 5% көтерілді. Білім алушылар жаратылыстану және математикалық сауатты, оқу, жазу, санау біліктіліктерінің қалыптасқандығын, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатындықтарын көрсетті. Пәндік оқу бағдарламаларының орындалуы талапқа сай.

2022-2023 оқу жылында 9 сыныпты бітірушілердің жалпы саны 77, оның ішінде қазақ тілінде 35, орыс тілінде 42оқушы . 11 сыныпты бітіруші 44 білім алушының  44–і қорытынды аттесттаудан өтті, олардың 25-і қазақ тілінде, 19-і  орыс тілінде емтихан тапсырды.Жылдық қорытынды баға негізінде 10 білім алушыға негізгі мектепті бітіргендігі туралы үздік аттестат берілді.3 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

Негізгі пәндер бойынша білім сапасы:

Негізгі пәндер

Қазақ тілі мен әдебиеті

Орыс тілі және әдебиет

ағылшын тілі

математика     

Геометрия 

физика  

Химия

Биология.

Информатика

география

Білім сапасы

71%

71,2

73%

66%

64%

68%

64,5%

64,7%

65%

66%



Мектеп білім алушылары 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламаларымен білім алды. 1-4 сыптардағы жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінде білім алушылардың ойлау әрекеті, физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту және логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатында белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар есебінен   «Математика және логика» курсына аптасына 1 сағаттан берді.  2023-2024 оқу жылында 5-8 сыныптарға вариативті бөліктен білім алушылардың пән саласына қатысты дағдыларын,  өздігінен білім алу және үздікіз білім алу дағдыларын қалыптастырудың жүйелі процесін қамтамасыз еткен. 11 сыныпқа арналған «Жаһандық құзыреттілік» курстарына 1 сағаттан берілді. 

         

     Дарынды оқушылардың қатысуымен өткізілген  олимпиада, ғылыми жоба, зияткерлік байқаулар нәтижесінде мектеп 

Қазақ тілі, орыс тілі ,құқық,  химия, биология, география, математика , ағылшын тілі пәндерінен бірқатар білім алушылар жүлделі орындарды иеленді                                                                                                       

               5-9 сынып білім алушылары «Дарын лингвист», «Алтын сақа» « Мың бала» олимпиадаларына және Республикалық, облыстық, аудандық, зияткерлік байқауларға қатысып,бірқатар жүлделі (I-III) орын иеленді.

           2-7 сынып оқушылары арасындағы «ЗЕРДЕ» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегері 3 сынып оқушысы Розгонова Дарья 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Джелдикбаева Алия Абдразаковна.

             Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауыныңоблыстық кезеңінің жеңімпазы Егембердиев Дархан 2 дәрежелі дипломмен марапатталады.Жетекшісі : Сүйінбек Жалғас Алимханұлы

     Жамбыл облысының сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарлары және оларды қорғау шаралары» атты ең үздік ғылыми жұмыс 1 дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы   Өзібек Аяжан марапатталады . Жетекшісі: Бейсенова Бұлбұл Анварбековна                                                                                                     5-8 сынып  оқушыларына  арналған республикалық «Pro Eco» экологиялық  жобалар конкурсының  облыстық кезеңінен 3 орын жеңімпазы Жұмабек Інжу, Садық Айару марапаталды Жетекшісі Нуриева Лаура Тұрсыновна

    Республикалық «Менің шағын отаным» ғылыми жобалар байқауының 2 орын жеңімпазы 10 сынып оқушысы Асқар Ариана жетекшісі Тазабекова Саналы Дүйсенкуловна

             8-11 сынып оқушылары арасындағы дарынды оқушыларды анықтау , дамыту және қолдау мақсатында өткізілген облыстық «Қолданбалы лингвистика» олимпиадасының 3 орын иегері  9 сынып оқушысы Акименко Ирина марапатталады. Жетекшілері: Тажибаева Ақсауле Киргизбаевна, Хайтанова Салтанат Жумабаевна , Домасбекова Зульфия Абулхаировна

           Математика пәнінен «Алтын сақа олимпиадасының аудандық   кезеңінде 2 орын иеленген 4 сынып оқушысы Жақбек Ахмад марапатталады. Жетекшісі: Нұрқалиева Лаура Талғатқызы.

         Математика пәнінен «Алтын сақа олимпиадасының аудандық  кезеңінде  2 орын иеленген 5 сынып оқушысы Алик Алихан  марапатталады. Жетекшісі: Ибраимкулова Эльмира Асылхановна

      Облыстық Мың бала байқауының 3 орын жеңімпазы 11 сынып оқушысы Гейдарова Диана марапатталады Жетекшісі Нұрымбетова Раушан Жетписовна

         «Жарқын болашақ» олимпиадасының 3 орын иегері 8 сынып оқушы Тойымбек Несібелі марапатталады. Жетекшісі Ботабекова Арайлым Еркиновна

       Ақберен олимпиадасының жеңімпазы  9 сынып оқушысы  Жақсылық Жанерке марапатталады. Жетекшісі Сатыбалды Мөлдір Кеңесбекқыз

Ауыл мектептерінің 6 сынып оқушыларына  арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары Жақбек Медина, Даужігіт Құралай,Базарбай Сабина,Алпысбай Айсұлу, Тұрсыналы Адема, Адилбек Аяна . Бұл оқушылар Республика бойынша  дарынды 1000 баланың қатарына кірді. Және Дарынды балаларға арналған мектектепте тегін оқуға мүмкіндік алды.

           «Менің елім-  менің бақытты балалық  шағым» байқауының жеңімпаздары  мектепалды сынып тәрбиеленушілері  «Гүлдер» тобы Айтмерік Аиша , Тәңірберген  Аяла , Жолдыбай Жанбота, Сабыр Ханшайым,Қабылбек Жансұлу жетекшісі Жумадилова Кенже

          Шебер аке,өнерлі ана, еңбекқор бала атты облыстық байқауының жеңімпазы   Алмабек Аружан , анасы Джетписова Ләззат марапатталады жетекшісі Мушенова Майра Қуттыхожаевна

         Өнеріміз саған –қазақстан атты фестивалдің 2 дәрежелі жеңімпаздары  Назарбек Нұртөре, Сабыр Асылым, Тагир Әдемі мектепалды сынып оқушылары марапатталады. Жетекшісі Мушенова Майра Құттыхожаевна

             «Шаңырақ»  байқауында бейнеролик атты мектепалды сынып тәрбиеленушісі Беридзе Алижан Амирханович марапатталады жетекшісі Искакова Айгерім Маратовна

          Аудандық «Абай оқуы» , «Ілияс оқуы» жеңімпазы 11 сынып оқушысы Жалғасбек Жанель   марапатталды. Жетекшісі Наурызбаева Зарина Нурлановна.

        «Бауыржан оқуы» Беридзе Феруза  11 сынып оқушы марапатталады жетекшісі Нұрымбетова Раушан Жетписовна

         «Мұқағали оқуы» Қаратай Сырым 6 сынып оқушысы,   5 сынып оқушысы Аблез Газиз   мараптталады. Жетекшісі Наметкулова Гүлжан Нурланбековна

«Махамбет оқуы», «Мәшһүр оқуы»9 сынып оқушысы   Өзібек Аяжан марапатталады. Жетекшісі Наметкулова Гүлжан Нурланбековна

«Мұқағали оқуы» Қапалбай Нұрайым 8 сынып оқушысы марапатталады Жетекшісі Ботабекова Арайлым Еркіновна

«Абай оқуы»  9 сынып оқушылары Олжабек Нұрасыл , Жанетова Камила жетекшісі Абдрахманова Ақбота Телібайқызы

«Абай оқуы»  Беделбай Нұрасыл  жетекшісі Абишева Назира Ильясовна

«Мой Пушкин» оқуы бойынша 9 сынып оқушысы  Нурбол Аймекен  1 дәрежелі диплом Жетекшісі Хайтанова Салтанат Жумабаевна

Дарын ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Тарих ата» олимпиадаға мектебіміздің 38 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде  І орын-13оқушы, ІІ орын-22 оқушы  жүлделі дипломдармен марапатталды.

Республикалық  Roboland 2024 байқауы 6 сынып оқушысы Ералиев Нұрислам  Егоров Ростислав  марапатталды

       Аудандық Roboland 2024 байқауы 6 сынып оқушысы Кайбулдаев Амирхан  5 сынып оқушысы Батырхан Ерасыл марапалады Жетекшісі Мусаева  Жанар Манарбековна  

           Республикалық жас туристер байқауына белсене қатысқан 7 сынып оқушысы Мұсахан Балым марапатталады .Жетекшісі Жугусова Жазира Таубаевна

        «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілер байқауында  1 орын иеленген Ердос Айсұлу марапатталады. Жетекшісі Жугусова Жазира Жетписовна

       «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауында  2 орын   иеленген  Шляхова Алевтина марапатталады. Жетекшісі:Лайпанова Ольга Смаиловна

        Аудан мектептері  арасында   өткізілген «DAUYS JUNIOR»  ән байқауында жүлделі Бас  жүлде иеленген Олжабек Нұрасыл марапатталды жетекшісі   Молдаханова Аида Азаматқызы

          Мұқағали Мақатаев  өлеңіне жазылған әндерді орындаушылар байқауында    1 орын  иеленген Жанетова Камила марапатталады. Жетекшісі Молдаханова Аида Азаматқызы.

Аула ойындары -2024 спорттық фестивалінде 3 орын иеленген   Асанқызы Асия, Қойшыбай Мирас, Назарбек Айбек марапатталады. Жетекшісі Сұлтанбаев Ернар Болатбекович

    Республикалық, облыстық «Қазақша күрес» спорттық жарысында жеңімпаз атанып жүрген спортшыларымызды ортаға шақырамыз Джамалбек Әлім, Алик Алихан , Дулатбек Аброй, Нұржан Айнур жетекшісі Жанбосынов Бақберген Жорабекұлы

Аудан бойынша «Ең үздік оқырман» номинациясы Асқар Ариана   марапатталады . 

Білімалушыларды мадақтау мақсатында мектепте форум өткізілді. Жыл қорытындысы бойынша «Жыл оқушысы -2024» номинация иегері

Жыл оқушысы-2024- Асқар Ариана 

Жыл оқушысы- 2024- Акименко Ирина

Жыл оқушысы-2024 – Розгонова Дарья марапатталды

              Мектепте құқықтық тәрбие жүйесі ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу мақсатында  мектебіміздің құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде  реттелді:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
  • «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
  • Қазақстан Республикасының   Құқық бұзушылық профилактикасы туралы ҚР 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271 – ІV Заңы.
  • Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 Заңы
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;

Мектептегі құқықтық тәрбие жұмысы жыл бойы модульдер бойынша жүргізілді:

Мектепішілік , АПБ – де есепте тұрған оқушылар туралы

Оқу жылында кәмелетке толмағандардың істері бойынша аудандық полиция бөлімінде және мектепшілік есепке білім алушы алынған  жоқ. 

Мектептің әлеуметтік-педагогикалық қызметінің жұмысы.

Тақырыбы: Мектеп  пен отбасы   арасындағы  қарым- қатынасты жасай отырып,балалардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың дамуына жағдай жасау

Мақсаты: Оқу – тәрбиесінде және қарым – қатынасында қиыншылығы бар жеке тұлғаны әлеуметтік – педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттері:     

  1. Жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты баланың жеке дауына кешенді ықпал ету;
  2. Өзара қарым – қатынаста, оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік педагогикалық көмек беру
  3. Оқушының отбасын тәрбие жағдайын зерттеу;
  4. Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу және болдырмау;
  5. Оқушы мен мектептің, отбасының әлеуметтік ортаның арасындағы келістіруші міндетін атқару;
  6. Әлеуметтік ортадағы   гуманистік, рухани адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал ету;

Негізгі 3 бағыты:Әлеуметтік педагогтың жұмысының 3 бағыты айқындалған:

  1. Әлеуметтік – педагогикалық оңалту

Мақсаты: Тұлғаны әлеуметтік қорғау, тәрбиелеу және оқу ағартудың кешенді шараларын жүргізу.

  1. Диагностикалық жұмыс.

Мақсаты: Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқушылықтарын, шиеліністі жағдайларын анықтау.

  1. Әлеуметтік алдын – алу шаралары                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Мақсаты: баланың өзара қарым – қатынаста, оқу барысында, әлеуметтік барысында қиындыққа ұшырамауы


Көп балалы отбасы саны- 94,  балалар саны- 400

Толық емес отбасында тәрбиеленетін балалар саны-46

Өгей әкемен тұратын балалар саны-10

Өгей шешемен тұратын балалар саны-6

Аз қамтылған отбасы саны- 40 , бала саны-90

Потранаттық тәрбиедегі бала жоқ

Үйде оқитын бала саны-8

Инклюзивті бала саны-5

 2023-2024 оқу жылында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар
      Биылғы оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар ұрпақ тәрбиелеу. 
 Ел бірлігін нығайту, әділетті қоғам құруға қабілетті, білімді, адал ұрпақты тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымыз   «Ұлттық мүдде», «Ар-Ұят», «Талап» бағытында Ата-аналарды педагогикалық  қолдау сабақтары өткізілді. 1-4 сыныптарда  қазан айынан бастап 8 сабақ, 5-9 сыныптар арасында 8 сабақ, 9-11 сынып арасында 8  сабақ өткізілді. 
 Тақырыптар: «Отбасы – бақыт бесігі», «Білімдіге дүние жарық», «Әрбір бала – жарық жұлдыз», «Баланы жастан....Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?», «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны», «Сенім арту – жетістік кепілі», «Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер», «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр», «Баланың бас ұстазы – ата – ана», «Ата-аналарды қолдау сабағы» 
  Сонымен бірге  мектепте «Даналық мектебі» клубы құрылды: «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі»,  «Жеңгелер мектебі» жоспармен жұмыс жасауда. Әжелер қауымдастығы  Дәстүр мен    ғұрып жоба аясында «Ұлттық құндылық бастау-ана тәрбиесі», «Бесік жыры – бар әлемнің бастауы», «Әжем үйреткен...» әжелер шеберлік сыныбы, «Аталар, әжелер мен балалардың туысқандарының бірлескен жетістіктер көрмесі» өткізілсе «Аталар мектебі» аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» кездесу, «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» Әкелер құрылтайы, «Ата кәсіп берекенің бастауы- қолөнер көрмесі». Даналық мектебі клуб мүшелерінің қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі өткізілді. Жеңгелер мектебі бойынша «Қыз қылығымен көркем», «Қыздармен кеңес», «Қыздар білуге тиіс..» тұрмыстық қажеттіліктер. Халықаралық әйелдер күніне байланысты көрме. 
 Біртұтас тәрбие бағдарлама аясындағы жобалар: «Балалар кітапханасы» жобасы, «Тарихқа құрмет» жобасы, «Тоғыз айға тоғыз іс-шара» жобасы, «Жеткіншектің жеті жарғы» жобасы, «Экологиялық мониторнинг» жобасы, «Оқуға құштар» жобасы, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы.    «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқырмандар конференциясы өткізілді. Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылдығына орай «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауии», «Адал азамат  -  әділетті Қазақстан» іс-шаралар өтілді. 
 Ә. Қастеевтің 120 жылдығына орай «Ә. Қастеевтің таңғажайып өмірі», «Ә. Қастеев ғасыр мұрасы» шығармашылық көрме ұйымдастырылды. «Абайдың толық адам ілімі» дөңгелек үстел.  25 қазан Республика күніне байланысты іс-шаралар.Тоғыз айға тоғыз іс-шара жобасы «Дене сергіту», «Сергіту сәті», «Әнұран айту» челленджі, «Асық ату» челленджі – ұлттық дәстүрді және ойынды дәріптеу., «Шығарма жазу болашаққа хат» челленджі. «Қазақ есебі» челленджі, «Оқуға құштар мектеп» жобасы айы «Сүйікті кітабым», «Домбыра» челленджі, «Шахмат ойнау». 
 Спорт үйірмелері мен секцияларын дамыту бойынша өтілген іс-шаралар: «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» үйірме жұмыстары жүргізілді. «Асық ату» челленджі – ұлттық дәстүрді және ойынды дәріптеу. 
 
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 11-қосымша «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі бңлңм алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мектебімізде әр түрлі санаттағы  1-7 сыныпта білім алып отырған  45 окушы білім алушы мектеп жанындағы «Балдаурен» лагерімен қамтылса, қала сыртындағы «Жұлдыз» лагеріне 12 білім алушы қамтылды. 
 
     2023 -2024 оқу жылында мектебіміздің жас ұландықтарымен көптеген іс –шаралар атқарылуда. Қазан айында «Қарияға қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, жалғызбасты қарттарымыздың үйіне барып қол ұшын берді. 
  16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, жас қырандықтар қабылданды. Жаңа жылдық іс – шаралар өткізілді. 

Мектепте ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында "Қыз намысы-ұлт намысы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. «Қыз  тәрбиесі- анадан!» тақырыбында 8-11 сынып білім алушы қыздардың аналарымен өткізілген сырласу кеші өтті. Ана мен қыз» тақырыбында коучинг, «Қыз бала әдебі» тақырыбында пікіралмасу өткізілді. «Отбасылық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы»  тақырыбында   ата аналармен дөңгелек үстел өткізілді. «Қыз Жібек» клубы мен «Жас талап» үйірмесі «Салт-дәстүрім-асыл қазынам» атты бірлескен іс -шара өткізілді. Іс-шара барысында «Ұрын бару»,«Шілдехана»,«Бесікке салу»,«Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» дәстүрлерді көрсетті.7 сынып білім алушыларымен «Бауырсақ пати» , бастауыш сыныппен «Құрт пати» кештері ұйымдастырылды.  Денсаулық күніне орай флешмоб өткізілді. Тоғыз айдағы 9- іс-шара толық өз деңгейінде өткізілді.