03
декабрь
2024
«Оқу үдерісінде білім берудегі жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылығын арттыру»
2024 жылы 2 желтоқсан күні Жамбыл облысы,Меркі ауданы № 21 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих және құқықтану пәні әдістемелік бірлестігінде «Оқу үдерісінде білім берудегі жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдану арқылы білім алушылардың шығармашылығын арттыру» тақырыбында тарих айлығының ашылу салтанаты өтті.Мақсаты:Сапалы білім беруде пән мұғалімдері оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін оқу үдерісіне енгізу арқылы білім сапасын арттыру. Іс -шара барысында мектеп директоры Э.А. Бекжанова педагогтарды және білім алушыларды осы мерекемен құттықтай отырып,оларды өз Отанын сүюге ,ұлтжандылыққа шақырып,өзінің жылы лебізін білдірді.Сонымен қатар,іс -шара барысында білім алушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған тарихи өлеңдерін, қара сөздерін оқып, патриоттық сезімдерін жеткізді.Сонымен қатар білім алушылар «Тарихта тұңғыш» атты интеллектуалды ойынға қатысып,өздерінің жан-жақты білімдерін көрсетті