ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025/26 оқу жылының бастамасы тамыз конференциясында сөйлеген сөзі » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025/26 оқу жылының бастамасы тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
17
август
2025

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025/26 оқу жылының бастамасы тамыз конференциясында сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025/26 оқу жылының бастамасы тамыз конференциясында сөйлеген сөзі еліміздің білім саласының болашағына деген зор сенім ұялатты. Мемлекет басшысы ұстаздарды «ұлттың шамшырағы» деп бағалауы – әрбір мұғалімнің еңбегіне берілген әділ баға.
Соңғы жылдары білім беру саласына жасалған нақты қолдау – мектептер салу, жалақыны арттыру, мұғалім мәртебесін көтеру, жаңа цифрлық мүмкіндіктер енгізу – бәрі ұстаздардың қоғамдағы беделін арттырып, жас ұрпаққа сапалы білім беруге кең жол ашты.
Әсіресе, «Адал азамат» ұлттық бағдарламасы мен оқушыларды әлеуметтік қауіптерден қорғау бастамасы өте өзекті. Бұл – тек білім беріп қана қоймай, ұрпақты адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеудің маңызды қадамы.
Президенттің білім мен тәрбиені қатар алып жүру керек деген сөзі – әр педагогтың жүрегінен шыққан үн. Өйткені болашақ азаматтарды тек білімді ғана емес, рухани бай, отансүйгіш етіп тәрбиелеу – баршамыздың ортақ мақсатымыз.
Сондықтан да Мемлекет басшысының осы бағыттағы бастамаларын ұстаз ретінде толық қолдаймын. Бұл қадамдар еліміздің ертеңіне – сапалы білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеуге үлкен серпін беретініне сенімдімін.
«Президентіміздің білім саласына және ұстаздарға ерекше мән беруі – еліміздің болашағына деген сенімді арттырады. Бұл – әділ әрі құптарлық . Ұстаздарға деген құрмет пен білімге жасалған қолдау – бәрімізге үміт сыйлайды.👏
"Ел болам десең - бесігіңді түзе"- деп дана халқым айтқандай, Президентіміздің ертеңгі ұлтымыздың болашағы - шәкірт тәрбиесіне, сол өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беріп отырған ұстаздарға үлкен көңіл бөліп отырғаны қуанарлық жәйт. Еліміздің өркендеуіне жол ашатын білімді ұрпақ тәрбиелеудегі жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру керек.
Педагог ретінде білім саласында болып жатқан оң өзгерістерді қолдаймын. Әсіресе, мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған жаңа тетіктер мен қолдаулар жүйесі қуантады. Ұстаз - тек білім беруші емес, ол алалдыққа , ізгілікке тәрбиелейтін екінші ата-ана.
Ұстаз – әр шәкірттің жүрегіне жарық сыйлайтын, өмірге жол көрсететін асыл жан. Олардың еңбегі – өлшеусіз, ал берген тәлімі – өмір бойы азық. Шын мәнінде, ұстаз – тек білім беруші емес, ол адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке тәрбиелейтін екінші ата-ана.Президентіміз еліміздің дамуы мен халықтың болашағы үшін жасап жатқан еңбегі үшін рахмет!