«Жол-көлік ережелері» тақырыбында тәрбие сағаты » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жол-көлік ережелері» тақырыбында тәрбие сағаты
25
апрель
2023

«Жол-көлік ережелері» тақырыбында тәрбие сағаты

2023 жылдың 24 сәуір күні жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету мақсатында 6 сынып жетекшілері С.Дауренбекова, Ф.Беридзе «Жол-көлік ережелері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшілер оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтырып, іс-жүзінде асыра білуге үйретті. Тақырыпқа сәйкес, жол белгілері және жол ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігі түсіндірілді, жолда жүру мәдениеті қалыптастырылып, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиеленді. Оқушылар жол ережесін сақтауға байланысты сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді.