«Үздік мектеп ауласы» акциясы жұмыстары қарқынды жүргізілуде








Жас ұландықтар арасында «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» ұранымен 01-30 сәуір аралығында тазалықты қамтамасыз ету іс-шаралары ұйымдастырылып, 30 түп алма ағаштары отырғызылды.
«Көркем еңбек» пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тәжірибе алаңы тазартылып, қопсытылып, картоп отырғызылып, әртүрлі көкөністер тұқымы себілді.
Мектеп ауласына көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары айлық жоспарына сәйкес жүргізілді. Мектеп ұжымы мен кіші қызметкерлер мектеп ауласындағы өсіп кеткен талдарды бұтап отырғызылды жеміс ағаштары мен гүлдердің түптерін қопсытылып, тазарту жұмыстары жүргізілді. Су ағатын арықтарды тазаланып қоршау жағасы бойына қараталдарды әктелінді.


Мектеп ауласындағы жеміс ағаштарын күтіп, баптау және мектеп ауласына уақытылы тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.