06
июнь
2023
«Су қауіпсіздігі», «Өрт қауіпсіздігі» , «Жол қауіпсіздігі»
Мектеп жанындағы «Балдәурен» лагеріндегі оқушыларға «Су қауіпсіздігі», «Өрт қауіпсіздігі» , «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында бейнероликтер көрсетіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. «Су айдындарындағы қауіпсіздік» шаралары , ережелері туралы айтты. «Су айдындарындағы қауіпсіздік» шараларын сақтамаған кезде келенсіз жағдайлардың орын алу себептері олардың су айдындарының жанында қараусыз қалуы, өз күштерін асыра бағалау мен шомыла алмауы болып отыр. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар деген кеңес берілді. балаларға жол белгілері, жаяу жол жүргіншілерінің қауіпсіздігі және жол-көлік апаты салдарынан болатын жарақаттардың алдын алу туралы айтылып, жол қозғалысы ережелерін және өзін-өзі сақтау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Өрт , су айдынындағы қауіпсіздік, жол ережесі бойынша балаларға бейнероликтер көрсетілді.


