12
декабрь
2023
"Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері" тақырыбында ашық сабақ
2023 жылдың 12 желтоқсан #21 Жалпы орта білім беретін мектебінде Иманбеков Бахыт Меркебайұлы 10 сынып оқушыларымен "Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Білім алушылар қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы туралы мағлұматтар алды. Жаңа сабақ тақырыбын суреттер сөйлейді, ой қозғау арқылы ашылды. Оқушыларды топқа бөліп, топпен, жұппен, жеке жұмыстар орындалды, сабақ барысында "бірге талқылаймыз", ойлан,жұптас,пікірлес", кестемен, картамен жұмыс әдіс тәсілдер қолданылды. Сабақтың соңында оқушылардан БББ кестесі бойынша кері байланыс алынды.
