«САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ САЯСАТЫ МЕН 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ» №1 педагогикалық кеңес
2025 жылдың 28 тамыз күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ САЯСАТЫ МЕН 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңеске Облыстық оқу- әдістемелік орталығының география пәнінің әдіскері Жатқанбаева Ғалия Еренсізқызы аудандық білім бөлімінің әдіскері Сақыбай Айбек Қайратұлы қатысты.
Педагогикалық кеңестің отырысын кеңес төрайымы болып мектеп директоры Э.А.Бекжанова ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Сонымен қатар педагогикалық кеңестің өткізілу регламентін бекітті.
Отырыстың негізгі бөлімінде мектеп директорының орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтың баяндамалары тыңдалды. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша талқылау ұйымдастырылып, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары енгізілді.
Қабылданған барлық шешімдер педагогикалық кеңестің хаттамасында тіркелді. Педагогикалық кеңестің қорытынды бөлімінде мектеп директоры Э.А. Бекжанова қаралған мәселелер бойынша қорытынды жасап, 2025-2026 оқу жылында мектеп жұмысының басым бағыттарымен және педагогикалық кеңес қаулысымен таныстырды.