



2025 жылдың 18 қыркүйек күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кәмілетке жасы толмаған жасөспірімдерді зорлық зомбылықтан қорғау, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысты болдырмау» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мобильді топ мүшелері:Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Тұрсыналы, аудандық маслихат депутаты Е.Дүйсебаев, қоғамдық кеңесінің мүшесі М.Узбеков, аудандық прокуратура қызметкері Х.Ажимбек, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Жылысбаев, білім бөлімінің заңгері Б.Дәуренбеков, аудандық полиция инспекторы Б.Исабеков қатысты. Жиналысқа 9-11 сынып білім алушылар мен олардың ата-аналары шақырылып «Кәмілетке жасы толмаған жасөспірімдерді зорлық - зомбылықтан қорғау, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысты болдырмау» тақырыбы талқыланды. Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Әсіресе топтық төбелес, әлімжеттік көрсету, буллинг пен кибербуллинг, ақша бопсалау сынды құқық бұзушылықтарға жол бермеу, беймезгіл уақытта бейберекет жүрудің қауіптілігі, ұсақ бұзақылық, ұрлық, қорқытып алу, күш көрсету секілді заңға қайшы әрекеттердің салдары, мұндай әрекеттер үшін қолданылатын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігі – бірінші кезекте ата-ананың заң алдындағы міндеті екендігі түсіндірілді. Бала тарапынан құқық бұзушылық орын алған жағдайда, ата-ананың да әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жеткізілді. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сабақтан тыс уақытта қадағалау, үйдегі тәрбиенің маңыздылығы баса назарға алынды. Жасөспірімдердің интернет пен әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануын қадағалау, кибербуллингтің алдын алу үшін ата-ананың үнемі бақылауы қажет екендігі түсіндірілді. Кездесу соңында отбасындағы түсіністік пен қолдау зорлық-зомбылықтың алдын алуда шешуші рөл атқаратыны туралы және баланы құқық бұзушылыққа әкелетін кез - келген әрекетке жол бермеу, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігі ескертілді.