27
февраль
2026
"Кішкентай жақсы іс - үлкен ізгілікке апарар жол !" атты акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Жас ұрпақтың бойында жанашырлық пен бауырмалдық құндылықтарын ояту және мектеп білім алушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында , 10 сынып білім алушылары мен #21 жалпы орта білім беретін мектебінде :"Кішкентай жақсы іс - үлкен ізгілікке апарар жол !" атты акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.10" В" сынып ата-аналарының қолдауымен , сынып жетекшісі мен балалар бірлесіп азық- түлік себетін дайындап , мектептегі бір көпбалалы отбасының балаларына бір күндік қуаныш сыйлап, көңілін қуантты. Балалардың бұл қадамы өзгелерге үлгі болсын, шынайы мейірімділік - тек үлкен істерде ғана емес , кішігірім ілтипаттарда , жылы сөздерде , көмекке дайын болуда да көрінеді.Жақсылық жасаған сайын әлем де мейірімділікпен жауап береді , сондықтан да жақсылық жасаудан ешқашан шаршамайық!