19
ноябрь
2021
«Ұлы даланың жеті қыры» атты кездесу
2021 жылдың 19 қараша күні № 21 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Б.Тайбекованың ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызымен кездесу өткізілді. Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы білім алушылардың білімдерін тереңдету мақсатында кездесуге 8-9 сынып білім алушылары қамтылды. Кездесуден оқушылар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы жан-жақты мәлімет алып, маңызды ой түйіп, мақалада айтылған ой-пікірлерді әрі қарай жоғары дәрежеде, заманауи түрде жаңаша көзқараспен іске асырады деген ойымен Ш.Б. Сүйімқұл білім алушыларға дойбы, шахмат ойын жабдықтарын тарту етті.






