

№21 жалпы білім беретін мектебіндегі мектепішілік жоспарына сәйкес "Нәтижелі сабақ - Теория, талдау, сапа." жас маман мектебінің онкүндік өтілу аясында 2026 жылдың 16 сәуір күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі - Сырым Батырханұлы Қарабалаевтың жетекшілігімен 6 " А" сыныбында "Батареялы шырағдан дайындау" тақырыбында ашық практикалық сабағы өткізілді.Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға батарея арқылы жұмыс істейтін шырағданның құрылымын түсініп , қарапайым электр тізбегін қолдана отырып , өз қолымен шырағдан жасап шығарды. Сабақ өте қызық , шығармашыл өтті , педагог -С. Б.Қарабалаев сабақта білім алушылармен барлық қауіпсіздік ережелерін ескере отырып , шығармашылық ойлау арқылы шырағданның дизайнын құрастырып , эстетикалық талапқа сәйкес электр тізбегін дұрыс құрастырып , шамды жандырады, сонымен қатар , сабақта педагог көптеген қызықты әдіс - тәсілдері мен жасанды интеллект ( ЖИ) технологиясын қолданды, мысалы " Қобдиша" , " Миға шабуыл" сабақ қызық әрі мазмұнды өтті.