21
апрель
2026
"Бүгінгі жасөспірімдерді тәрбиелеудегі өзекті мәселелер және оны шешу жолдары" тақырыбында ата-аналармен семинар-кеңес
21.04. 2026 жылы «Бүгінгі жасөспірімдерді тәрбиелеудегі өзекті мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында ата-аналармен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар кеңесте ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.Сонымен қатар оқушылардың өмір қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, интернет желісін дұрыс пайдалану, бөгде адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары жөнінде ақпараттар берілді. Медицина қызметкерлері ата-аналарға жасөспірімдердің жеке бас тазалығы, күнделікті гигиена талаптарын сақтау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, репродуктивті денсаулықты сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға қыз балалармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, олардың тәрбиесіне, қауіпсіздігіне және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлу қажеттігі ескертілді.
Кеңес барысында қатысушылармен ашық пікір алмасу мақсатында сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті мамандар тарапынан толыққанды жауаптар мен түсіндірмелер берілді.