30
ноябрь
2021
Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағаттары
Мектепте 1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне арналған 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу; балалардың ой-өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту; еліміздің Тұңғыш Президентіне деген мақтаныш сезімін, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақ барысында сынып жетекшілер оқушылардың назарын Елбасының ерекше еңбегіне аударды. Елбасының өмір жолын оқушыларға таныстыру арқылы олардың білімге құштарлығын оятты, жетістікке жету жолдарын көрсетіп, еңбексүйгішттікке баулыды. Бейнероликтер мен презентациялар арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметінің барлық жақтары, оның ішінде өмірбаяндық деректері қысқаша көрсетілді.Тәрбие сағаттары қызықты, тартымды , өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор денгейде өтті.






