«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»
25
ноябрь
2021

«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»




Оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту айлығы  барысында «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен коучинг өткізілді.
Қатысқан оқушы саны: 72
Мақсаты: Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлықтың және зорлық – зомбылық әлімжетіктің алдын алу
Жауапты: ДҚТЖО: Ж. Жакипбекова
Мектеп  психологы А. Назаркулова
Барысы:  Аутодеструктивті мінез-құлық – қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен еендігі толық айтылып оқушыларға түсіндірілді.
Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығу себептері
Жасерекшелік өзгерістер;
Әлеуметтің жағдайлардың күрт өзгеруі;
Толық емес немесе сәтсіз отбасы;
Өмірлік тәжірибенің аздығы; ( «ақ пен қараны ажырата алмау»)  Жасөспірімдер мен балалардың өз-өзіне қол жұмсау себептері:
Кикілжің дау-дамай;
Отбасындағы дисгармония ;
Оқушының моральдық-рухани проблемаларының түсінуінде қолдаудың жоқтығы ;
Жауапсыз махаббат ;
Ішкі дүниенің әлсіздігі ;
Кемшілікпен күресетін жігер , талаптың жетіспеуі 
аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу үшін жасөспірімнің психологиялық саулығын сақтап қалуға, жеке дамытуға, кәсіптік бағдар беруге, өз-өзін тануға деген қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға  бағытталған ұзақ мерзімдік бағдарламалар жасалуы тиіс.
    Коучинг соңында оқушылармен «Тілек шамы», «Жан жылуы» тренингтік жаттығуы жүргізілді. Оқушылармен жүргізілген коучинг өз деңгейіне өткізілді.