08
февраль
2022
"Ақпан айы психологиялық кеңес беру айлығы"

«Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады.»
Абай Құнанбаевтың 38-қара сөзі
Мақсаты: Өзіндік бағалауларын көтеру арқылы сенімділіктерін қалыптастыру;
мазасыздану деңгейлерін төмендету; алға мақсат қоя білуге, оған тек еңбекпен
жететіндерін ұғындыру; психологиялық қысымды төмендету, эмоцияны басқара білу
жолдарын үйрету.
«Өзін-өзі бағалау» тесті
Нұсқау: Кез-келген адам өз қабілеттілігін, мүмкіндігін, мінезін т.б. қасиеттерін өзінше бағалайды. Берілген 7 қасиетті өз бойында байқалу деңгейі бойынша 100 балдық шкала бойынша бағала.
«Жақсы адам» жаттығуы, «Биіктік» жаттығуы, «Менің сезімім» жаттығуы, Мақсаты: Іште жиналған жағымсыз эмоцияларды шығарып, жағымды эмоция қалыптастыру. «Ақиқат орындығы» жаттығуы, Мақсаты: қатысушылардың қорқыныштары мен стрестерінен арылту, ашық болуға шақыру.
Тренингке оқушылар белсене қатысты