Террористтік акт қауіпі түскен жағдайда жүргізілетін іс-шаралар туралы, » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Террористтік акт қауіпі түскен жағдайда жүргізілетін іс-шаралар туралы,
22
февраль
2022

Террористтік акт қауіпі түскен жағдайда жүргізілетін іс-шаралар туралы,

 8-11 сынып оқушыларымен  АӘД мұғалімі С.М. Қыдыралиев «Терроризм қауіпі туындаған жағдайдағы  іс-қимыл» жадынама- флайерлерімен  таныстырды.Террористтік акт қауіпі түскен жағдайда жүргізілетін іс-шаралар туралы, соның ішінде қауіпті жағдайда  дабыл белгісі арқылы оқушылар мен персоналды ескерту, оларды қауіпсіз жерге өткізу, құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеу туралы және қатер жағдайларында немесе терроризм акті жасалғанда, сондай-ақ, антитеррористік операцияны жүргізген жағдайларда эвакуация туралы толық ақпарат  берді. «Телефон немесе жазбаша түрде террористтік акт туралы ескерту алған уақытта, жүргізілетін іс-шаралар», «Жарылғыш затқа ұқсас нәрсені тапқан уақытта жүргізілетін іс-шаралар», «Жарылыс әсерінен бұзылған ғимараттың астында қалған жағдайда немесе жарылыс территориясында болған жағдайда жүргізілетін іс-әрекет» тақырыптары қарастырылды.«Теракт қауіпі жағдайында  (қойылған жарылғыш зат туралы телефоннан хабараламы алынды) және мектеп ғимаратында өрт ошақтары пайда болған жағдайда қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау» тақырыбында нысандық жаттығу өткізілді.  Дабыл белгісінің шығуымен барлық мектеп оқушылары мен қызметкерлері жедел түрде барлық өртке арналған шығу есіктерінен аулаға шығып үлгерді. Шара барысында мектеп қызметкерлерінің, білім алушыларының іс-қимылы, өзара байланыс әрекеттері пысықталды.