24
ноябрь
2021
«Экстремизм и терроризм: определение, признаки проявления и последствия.»
«Экстремизм и терроризм: определение, признаки проявления и последствия.» тақырыбында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімі Турдиева А.А. конференция өткізді. Оқушыларға біздің ата заңымызда ҚР Конституциясының 1бабы 1 тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінгенін айтып өтті. Сонымен қатар, уахабизмнің ортақ сипаты, өздерінің ортақ қалыптасқан сыртқы формалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соңғы кездері экстремистер түрлі ғаламторда өздерінің теріс дінді насихаттайтұғын видеороликтерді түсіріп, жастарды адастыруда. Бұл роликтерді көрген сайтты пайдаланушы діндар мен көрермедер түрлі психологиялық ойларға салынып, қауіптерге бел буратыны рас. Сол себептен оқушыларды ғаламтордағы әр-түрлі дінді насихаттайтұғын сайттардан аулақ болуды ескертті. Конференция жас ұрпақтың бойына мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық, адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіртіп, сондай-ақ салауатты, саналы, рухани бай адам қалыптастыруға өз үлесін қосты.
