15
апрель
2022
«Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы" сынып сағаты
№21 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы" тақырыбында 10 сынып қыздары арасында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, адамгершілік рухани көзқарастарын дұрыс қалыптастыру.Сұхбат барысында қыздар қойған сұрақтарының барлығына жауап алды. Сондай-ақ, қазіргі таңда белең алған ерте жүктілік қыз баласын физиологиялық тұрғыдан ана болуға әлі дайын емес екенін, ерте жүктіліктің ауыр асқынуларға әкеліп соқтыратынын ескерту керектігі де баса айтылды.Осы мәселе бойынша оқушылар медбикеге сұрақтар қойып, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.
Қорытындылай келе, халқымыздың игі дәстүрінің бірі қыз баланы құрметтеу, олардың дөрекі сөйлемей,ізетті болу екені мәлім. Сол себепті өсіп келе жатқан қыздарымызды дұрыс тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті.