«Отбасым -менің бақытым», «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына»
2022 жылдың 6-9 қыркүйек күндері мектепте отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасым -менің бақытым», «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиеледі. Сынып сағаты барысында оқушылар отбасына байланысты тақпақтар, мақал мәтелдер айтты. Отбасы туралы суреттер салып, постер қорғады. Сынып жетекшілер И.Кудинова , А.Джелдикбаева , А. Болкебаева , А.Ералиева өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдап және дамытып, оқушылардың көркемдік шығармашылығын насихаттады, балалардың бойында патриотизм және отбасылық құндылық сезімдерін оятты.
Анықтама дайындаған : ДТЖО Тайбекова Э.Б.