Біз туралы » Страница 8 » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 8
САУАЛНАМА
09
сентябрь
2025
САУАЛНАМА
АНЫҚТАМА 2025 жылғы 9 қыркүйекте №21 жалпы орта білім беретін мектепте 10–11 сынып оқушыларының арасында болашақ мамандыққа байланысты сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау, болашақта таңдайтын мамандықтарына қатысты көзқарастарын зерделеу, кәсіби бағдар беру жұмыстарына негіз қалау.
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні
27
август
2025
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні
№21 жалпы орта білім беретін мектебімізде  30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай "Ата заң - тәуелсіз ел тұғыры" тақырыбында көрме ұйымдастырылуда.  Көрме барысында оқырмандар назарына мемлекеттік және орыс тіліндегі әдебиеттер, Қазақстандағы конституциялық құқықтың тарихы мен дамуы бойынша мәліметтер ұсынылды. Ата заңымыздың тарихы мен маңыздылығына қызығушылық танытқан оқырмандарымызды тамыз айының соңына дейін ұсынылатын кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.
Ауылымыздың абыз анасы – Матеева Сымбат.
25
август
2025
Ауылымыздың абыз анасы – Матеева Сымбат.
Ауылымыздың абыз анасы – Матеева Сымбат. Ауылымыздың қадірлі қарияларының бірі – Матеева Сымбат апамыз. Өмірінің әр сәті – тарихтың бір парағы, өткеннің өшпес ізі. Сымбат апа 1927 жылы Меркі ауданының Қостоған ауылында дүние есігін ашқан. Бала күнінен еңбекке араласқан ол небәрі 3-сыныптық білім алып үлгерді. Сол уақыттың ауыр тағдыры қосымша білім алуға мүмкіндік бермеді. Бірақ өмір мектебі оған шыдамдылық пен еңбекқорлықты үйретті. Ұлы Отан соғысы жылдары Сымбат апа жасөспірім шағында колхоз
Путешествие в мир профессии   (кл.час)
30
апрель
2025
Путешествие в мир профессии (кл.час)
2025 жылғы 30 сәуір күні №21 жалпы орта білім беретін мектептің 3 "Б" сыныбында «Мамандық әлемін ашамыз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру, еңбексүйгіштікке баулу және болашақ мамандыққа қызығушылықты арттыру.Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы мәліметтер алып, мамандық иелерінің еңбегімен танысты. Сабақ ойын, сұрақ-жауап, бейнеролик көрсету және шығармашылық тапсырмалар арқылы қызықты әрі