Мектептегі тамақтандыру » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі тамақтандыру
19
ноябрь
2018

Мектептегі тамақтандыру

«Мектептегі тамақтандыру» 

 

 «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында  № 21 жалпы білім беретін мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету  үшін  мектепте ата-ана комитетінің ұсынысы бойынша ата-аналар есебінен   бір мезгіл жеңілдетілген  ыстық тамақпен  қамтамасыз ету туралы ортақ шешім қабылданды.  Мектепте барлығы 888 оқушы тіркелген. Жалпы ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны- 879  оқушы.  Оның ішінде ата-ана есебінен тамақтанатын балалар саны-851  оқушы, ақылы және тегін тамақтанатын көпбалалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ана қамқорынсыз  (жетім) қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінді.

 Тегін тамақтанатын балалар саны 28.

 

    Мектеп оқушыларын тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөнінде комиссия мүшелері құрылды.

 Сондай - ақ мектеп  асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас  мәзірінің дәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері  құрылған. Бракераж  комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды және  тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды.

     Комисия мүшелері  тарапынан   мектепке жеткізілген азық – түліктердің   сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа  беріліп  отырады.

Мектеп медбикесі асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық  бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркеп отырады .

Дайындалатын тағамдар меню  рецептураларына сәйкес жасалып отырады.   Асханада тағамдардың дайындалу тәсілі, тамақтың сапасы, құнарлығын   комиссия мүшелері күнделікті  қадағалап тексереді.