2018-2019 оқу жылы басталуы мен 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2018-2019 оқу жылы басталуы мен 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы
26
ноябрь
2018

2018-2019 оқу жылы басталуы мен 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиынның өтілуі туралы

1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталды. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды.
2018-2019 жаңа оқу жылында 1 қыркүйек мектебімізде «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» тақырыбында салтанатты жиынөткізілді. Салтанатты жиынсағат 9:00 де басталды. 1 қыркүйек-«Білім күніне» байланысты лозунгтер, түрлі-түсті шарлар, жалаушалар, гулдермен безендірілді, мектеп фойесінде тақырыптық стендтер безендірілді, банер ілінді.
Салтанатты жиын барысында балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп әкімшілігі, педагогтар, мектеп инспекторы тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.
Биылғы оқу жылында 120 бала алты сыныпқа қабылданды.
Салтанатты жиынға ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, қонақтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жиынға Меркі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Алмаз Ерғазыұлы,аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Байтулекова Ж.Б.Андас батыр ауылдық округінің әкімі Мажиев Б.А., мектептің ата-аналар комитетінің төрағаймы Альжанова А., Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Султанбаев Б.М.қатысып мерекенің қадірлі қонақтары болды. Алғашқы құттықтау сөзмектеп директоры Бекжанова Э.А. және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Байтулекова Ж.Б.берілді. Қонақтар салтанатты жиынға жиналған оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен, Конституция мерекесімен құттықтай отырып, өскелең ұрпақты өз Отанын сүйіп құрметтеуге, білім, мәдениет пен спортты дамытуға белсенді түрде қатысып, қабілетті, саналы азамат болып өсуіне тілектерін білдірді.
Мереке барысында 1 сынып оқушыларды қазақ, орыс, ағылшын тілінде тақпақтарын айтып, ән салды.
Салтанатты жиын ән-сазды бағдарламамен жалғасып, мектептабалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларының орындауында « Әліппе», «Ұстаз ана» , «Оқуда озат боламын», «Первый раз в первый класс» әндері өз әсерін қалдырды. Бүлдіршіндер қазақ, орыс, ағылшын тілінде тақпақтар айтып, флешмоб орындады. Музыкалық композиция соңында ұшырған шарлар мен көгершіндері ерекше көзге түсті.

Салтанатты жиын аяқталған соң барлық сынып оқушылары оқу кабинеттеріне кіріп, сынып жетекшілерінің басқаруымен бастауыш сыныптар«Рухани жаңғыру: Менелімнің ертеңімін!»тақырыбы бойынша , 5-6 сыныптар «Рухани жаңғыру- туған жер тұтастығы мен ел болашағы», 7-8 сыныптар «Рухани жаңғыру- замануи тұлғаның дамуының кепілі», 9-11 сыныптар «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарына қатысты.Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері оқушылардың бойында ұлттық сананы оятып, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, ұлттық рухты сіңіртіп, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялатты. Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін білді.Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу, жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы екендігін терең түсінді. Сонымен қатар, сынып жетекшілері оқушыларды Ата заңды құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерінің артуына бағыттап,елімізде қабылданған стратегиялық даму кезеңдерінің мәні мен оның маңыздылығын түсіндіріп, ұлттық сана сезім мен еңбек сүйгіштікке тәрбиеледі.
Қорытындылай келе, 1қыркүйек Білім күніне оқу кабинеттері тақырыпқа сай, эстетикалық түрде безендіріліп, барлық сынып сағаттары өз дәрежесінде деңгейде өтті.
2018-2019 оқу жылы басталуы мен 1 қыркүйек  «Білім күніне» арналған  салтанатты жиынның өтілуі туралы
2018-2019 оқу жылы басталуы мен 1 қыркүйек  «Білім күніне» арналған  салтанатты жиынның өтілуі туралы
2018-2019 оқу жылы басталуы мен 1 қыркүйек  «Білім күніне» арналған  салтанатты жиынның өтілуі туралы
2018-2019 оқу жылы басталуы мен 1 қыркүйек  «Білім күніне» арналған  салтанатты жиынның өтілуі туралы
2018-2019 оқу жылы басталуы мен 1 қыркүйек  «Білім күніне» арналған  салтанатты жиынның өтілуі туралы